Бейнелеу:
мәліметгердің көзбен көруге үсынылуы;
екі құрылым арасындағы сәйкестікті тағайындау;
кейбір берілген жиынның әрбір элементіне берілген басқа жиынның белгілі бір элементі қойылатын ереже.
Мүсін:
ең ежелгі өнерлердің бірі. Біз бұдан мыңдаған жылдар бұрын Мысыр, Үнді, Грек шеберлерінің қолынан шыққан тамаша туындыларды білеміз. Мүсін өнерін скульптура дейді. Ол латынның «Sculpere» – «қашау» деген сөзінен шыққан.
Өнер:
көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы.
Фастфуд (жылдам даярланатын тағамдар) туралы.
Уақыт пен заман ағымына қарай, қазір қоғамымызда «фастфуд», яғни жылдам даярланатын тағамдар аса үлкен танымалдыққа ие болып отыр. Мен бұның бірден - бір себебі - бүгінгі күні адамдар материалдық құндылықтарды жоғары бағалағаннан кейін және «уақыт - ақша» деген түсінік қоғамда етек жайғаннан бері, сол уақытты үнемдеу мақсатында фастфуд өте үлкен танымалдыққа ие болып отыр деп есептеймін.
Ғалымдардың ойынша, осы жылдам даярланатын тағам адам ағзасына кері әсерін тигізіп, тіпті кейбір аурулардың себепшісі де болып жатады. Ең басты зияны – ол асқазанға тигізетін кері әсері. Сонымен қатар, бұл тағамдар әуестік туғызады. Ал күні-түні біркелкі тамақтану – ол да зиян.
Денсаулық мамандарының айтуынша, жылдам даярланатын тағам құрамында майлар мен консерванттар өте көп. Сонымен қатар, осы тағамдарды дайындау барысында маргарин өте көп қолданылды, ал оның құрамында трансмайлар көп, ол да адам ағзасына зиян келтіреді. Және де фастфуд әзірлеушілер оның құрамына арнайы дәмін күшейтетін арнайы дәмдеуіштер қосып, осының салдарынан адамдарда тәуелділік пайда болады.
Сондықтан, мен бұл тағамдардан шама келгенше бас тартып, дұрыс тамақтанып, өз денсаулығымызды сақтайық деп кеңес беремін!
Қазақстан - іргелі әлі тәуелсіз,бейбіт мемлекет. Күннен күнге осы елге түрлі халықтар ұлт өкілдері келеді,ал оның жартысы болса ауысып кетеді. Ол әрине де,әр адамның құқығы бойынша қарастырылады,бірақ та ең маңызды түбі ол халықты тоқтатпау емес,демографияны қадағалау. Ол үшін қандай маңызды жұмыс атқару керек нені жақсарту керек? Демографияны қалай жоғарлатуға болады? Біріншіден, біз экономикалық және әлеуметтік бағытты жоғарлату үшін медицинаны пайымды орнату керек,көбірек маман іздеп,ауруханал салдыру керек. Екіншіден, халық тұрмысын,жалақыны көтеру,көп үйлер салып аламдарды орнату,тағамға ақыны төмендету. Осылайша,демографияны көтеру үшін халыққа ең пайымды ұсыныстарды беру керек.