Этот? Бір мерген бозша құсты атып алды, (Қоймады өлтіріп-ақ жалғыз жанды).Басында бір ағаштың үш баласыШырылдап ұясында жетім қалды.Ана жоқ таситұғын тағам-жемді,Күн көрер бишаралар қайтіп енді?Шулаған балапандар даусын естіп,Сөз сөйлеп осылайша Түлкі келді:«Алда сорлы, бейшара балалар-ай,Жасынан өлген екен аналары-ай.Көбелек, шыбын аулап күн көретінЖоқ екен пақырлардың шамалары-ай.Әй, құстар! Тыңдаңыздар құлақ салып,Кезекпен жем тасыңдар ұшып барып.Үшеуін асырауға қанша қиын,Етіңдер аз күн қайыр бөліп-жарып.Көкек құс! Жүнің түлеп жүр ғой бекер,Азырақ жетім үшін жұлсақ нетер?Қайырдың бұл дүниеде жетімге еткенБасқа іс сауабына бар ма жетер?!Бозторғай! Қарап тұрма сен де текке,Жүресің бекер шырлап ұшып көкте.Даладан, тоғайлардан тамақ ізде,Бұлардың үшеуіне көп керек пе?!Сарымойын! Ер жетті ғой балаларың,Бәледен Құдай сақтар бірер-жарым.Бұлардың күндіз-түні жанында бол,Жоқтатпай сорлылардың аналарын.Қарлығаш! Сен келтірсең маса-шыбын,Бұларға о да қорек болар тығын.Осындай жұрт жабылған сауап іскеҰят қой кіріспесең, жарықтығым.Сандуғаш! Не қылайын сені қайрап,Қоярсың оқтын-оқтын өзің сайрап -Көңілін біраз ғана көтермеккеЗарлының жетім қалған соры қайнап.Достарым! Осындай бір іс етелік,Жастарды жетім қалған кісі етелік.Ізгілер орманда да бар екенінОсындай сауап іспен көрсетелік!»Тұрғанда Түлкі сөйлеп сауап жолды,Қайғыға естігеннің көңілі толды.Аштыққа шыдай алмай үш балапан,Ағаштан төмен жерге түсіп қонды.Жұрт жинап жақсы кеңес қылған Түлкі,Зарланып жетімді аяп тұрған ТүлкіАузына үшеуін де қағып салды -Өзі екен нағыз Құдай ұрған Түлкі. * * *Жеп қойды құстың жетім балапанын,Қорықпай-ақ обалынан Түлкі залым.Қарасақ, ел ішінде аз ба адамдарЖеп жүрген обалсынбай жетім малын?Пана боп, өзің сақта, Құдіретім,Кім де кім балапандай қалса жетім.Жұмсақ тіл, көңілі қатты залымдардыңЕте көр жетімдерден аулақ бетін!
Шілдехана – сәби дүниеге келген соң бір жеті бойы ана мен баланы күтіп, оның көңілін көтеріп, оның қасына дастархан жаю әдеті. Қазақ елінің әр түкпірінде бұл рәсім әр қалай өтеді. Сол күні баланы шілде суына шомылдырып, сыңғырлаған тиындар салады, балаға денсаулықпен бірге байлық та тілейді. Шілдехана өткізілетін күні ана әбден сорпаланып өзінің шілде терін шығаруы тиіс.Ә) Есімін атау (ат қою) – бұл рәсім ұлағатты кісіге жүктеледі. Қазақ аттарының көптігі басқа халықтардан ерекшелігі. Қыз балалардың есімдері олардың көркемдігі. Ат қою «көз тимесін» деген оймен қойылады. Ат таңдалғаннан кейін баланың құлағына 3 қайтара айтылады.Б) Бесікке салу – бұл кішігірім той ретінде өтеді. Келушілер тарту, шашу, жоралғыларыналып келеді, бесікке салу немесе бөлеу тәжірибелі әжеге немесе анаға жүктеледі. Бесікті түбегімен, жабдығымен кіндік шеше алып келеді, сумен бала шыланады, ыдыстары отырғандарға таратылып беріледі. Баланың «ит көйлегі» жүгіртіледі, яғни тәтті дәм толтырылған кішкене дорба иттің мойынына көйлегімен байланады да жүгіртіледі, соңынан қуып жеткен бала дорбаға ие болады. Бесіктің түбегі орналасқан жерден кішкене бұршақ тәрізді тоқаштар өткізіліп, оны «тыштырма» деп айтады. Осы жерде жиналған аналар бесік жырларын айтады. Бесік жырының сөздері естияр балалардың ой-қиялына жыр етіп, ананың мейір-шапағатын арттырады. Ондай отты жырларды балалар да жаттап алу керек.В) Тұсау кесер – бір жасқа толып еркін жүре бастаған бал бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтеді. Бөбектің тұсауын ата-ананың қалауы кеседі. Тұсауы кесілген баланы «Ақ жол болсын» деп ақ орамалдың үстімен немесе жұмсақ болсын деп кілем үстімен жүргізеді. Тұсау кесер жырлары айтылады. ... Қаз, қаз балам, қаз балам, Қадамыңды жаз, балам Әнекей, ақ бесік. Әлдиіме бақ бесік. Шүмегіңді салайын, Сылдырмағын тағайын. Жібек көрпе жабайын, Бауық барқыт пүліштей Балдақтарың күмістей, Жабдығыңмен сыйлысың. Жатса бөпем жайлысын, Көсем сенен өседі Жайлы болсын төсегі. Г)Сүндет той (Құлақ тесу) - Һәм оның атқа мінер, сүндет тойы, Тойға сойған үйінің жылқы қойы. (С.Торайғыров)Еркек баланың тақ жасында яғни 3, 5, 7, жасында сүндетке отырғызады. Бұл мұсылман елдерде ғана емес басқа діндегі елдерде де бар. Сүндеттеудің денсаулыққа, тазалыққа да пайдасы зор. Баланы сүндеттеу – үлкен рәсім. Ол – әр ата-ананың борышы. Бұл рәсімнің «сүндет той» деген сияқты жөн жоралары болады, «қайырлы, құтты болсын» айтылып, шашу шашылады. Сүндет міндеті бұрын қожа, молдалар ғана тпасырылса, қазір оны дәрігерлер де жасай алады. Бұрынғы кезде ауқатты а сүндеттегенде үлкен той жасаған. Оны «сүндет тойы» деп атады. Бұл дәстүр оңтүстікте әлі де сақталған.Қыздң құлағын тесу - дәстүрге енген ежелгі ғұрыптың бірі. Әдетте бойжеткеннің немесе балиғатқа толған қыздың (9 жас, кейде одан да ертерек) құлағын тесу үшін қыздың шешесі, жеңгесі, апалары жиналады. Құлақты уқалап, жанын кетіріп, қызддырылған жуан инемен немесе кәдімгі тарымен теседі. Ол үшін екі тарыны құлақтың сырғалығының екі жағынан бірінің тұсына бірін дәл келтіріп уқалайды. Бір қызығы тесілген құлаққа қызыл иттің жүнін есіп өткізеді. Үлкен кісілер иттің жүнін өткізсе «құлақ іспейді, қотырланбайды, жара түспейді» дейді. Мүмкін мұның да себебі бар шығар. Өйткені қазынасы кең халық емдік құпиялардың да бір сырын білетін болар Халық ұғымында қыздың құлағын тесу – оны сүндеттеумен бірдей деген қағида бар. Бұл – халық сөзі.
Бір мерген бозша құсты атып алды, (Қоймады өлтіріп-ақ жалғыз жанды).Басында бір ағаштың үш баласыШырылдап ұясында жетім қалды.Ана жоқ таситұғын тағам-жемді,Күн көрер бишаралар қайтіп енді?Шулаған балапандар даусын естіп,Сөз сөйлеп осылайша Түлкі келді:«Алда сорлы, бейшара балалар-ай,Жасынан өлген екен аналары-ай.Көбелек, шыбын аулап күн көретінЖоқ екен пақырлардың шамалары-ай.Әй, құстар! Тыңдаңыздар құлақ салып,Кезекпен жем тасыңдар ұшып барып.Үшеуін асырауға қанша қиын,Етіңдер аз күн қайыр бөліп-жарып.Көкек құс! Жүнің түлеп жүр ғой бекер,Азырақ жетім үшін жұлсақ нетер?Қайырдың бұл дүниеде жетімге еткенБасқа іс сауабына бар ма жетер?!Бозторғай! Қарап тұрма сен де текке,Жүресің бекер шырлап ұшып көкте.Даладан, тоғайлардан тамақ ізде,Бұлардың үшеуіне көп керек пе?!Сарымойын! Ер жетті ғой балаларың,Бәледен Құдай сақтар бірер-жарым.Бұлардың күндіз-түні жанында бол,Жоқтатпай сорлылардың аналарын.Қарлығаш! Сен келтірсең маса-шыбын,Бұларға о да қорек болар тығын.Осындай жұрт жабылған сауап іскеҰят қой кіріспесең, жарықтығым.Сандуғаш! Не қылайын сені қайрап,Қоярсың оқтын-оқтын өзің сайрап -Көңілін біраз ғана көтермеккеЗарлының жетім қалған соры қайнап.Достарым! Осындай бір іс етелік,Жастарды жетім қалған кісі етелік.Ізгілер орманда да бар екенінОсындай сауап іспен көрсетелік!»Тұрғанда Түлкі сөйлеп сауап жолды,Қайғыға естігеннің көңілі толды.Аштыққа шыдай алмай үш балапан,Ағаштан төмен жерге түсіп қонды.Жұрт жинап жақсы кеңес қылған Түлкі,Зарланып жетімді аяп тұрған ТүлкіАузына үшеуін де қағып салды -Өзі екен нағыз Құдай ұрған Түлкі. * * *Жеп қойды құстың жетім балапанын,Қорықпай-ақ обалынан Түлкі залым.Қарасақ, ел ішінде аз ба адамдарЖеп жүрген обалсынбай жетім малын?Пана боп, өзің сақта, Құдіретім,Кім де кім балапандай қалса жетім.Жұмсақ тіл, көңілі қатты залымдардыңЕте көр жетімдерден аулақ бетін!