Жалпы, сыйлық сыйлаудың да, сыйлық алудың да өз мәдениеті бар. Сыйлық сыйлау – жақсы қарым – қатынастың, сыйластықтың белгісі. Ендеше, сыйлық сыйлаудың да өзіндік тәртібі бар екен.
Алдымен сыйлықты анықтап алу керек. Бұл – сыйлық таңдаудың ең негізгі кезеңі десек те болады. Бұл орайда барлығын ескеру керек: сыйлық алушының талғамы, сыйлық ұсынылатын себеп және сыйлыққа жұмсалатын қаражат. Сыйлықтың алушыға ұнауы тікелей осы факторлерге байланысты. Ал егер сіз сыйлық алушының талғамын білмейтін болсаңыз, оның өз ойын сұрау әбестік емес.
Сыйлықты таңдап, сатып алғаннан кейін оны әдемілеп қаптап, безендіру артық болмас. Ол үшін сыйлықтың түріне қарай қорапша, жылтыр қаптама немесе сыйлық сөмкесін пайдалануға болады.Бұл да сыйлық алушыға ұнайтыны сөзсіз. Бұл сіздің сыйлық таңдаудағы ізденгендігіңізді, сыйлау үшін ұзақ дайындалғаныңызды, соынмен қатар сіздің көзқарасыңызды білдіреді. Сыйлықты ашықтан-ашық бере салу – сыйлық беру әдебіне жатпайды.
Енді ең маңызды кезең – дайындалған сыйлықты тапсыру. Сыйлықты ұсынарда бірнеше сөз айтып, тілек білдірген абзал. Бірақ, бұл сөздер сыйлықтың бағасы жайлы болмауы шарт, ол әдепсіздіктің белгісі саналады.
Толағай" - халық аңызы. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы тау атауына байланысты аңызда бұрынғы өткен заманда, үлкен өзен бойында Саржан деген аңшы өмір сүргендігі, жылдар жылжып, күндер өткенде оның әйелі Айсұлу өмірге ұл әкелгендігі, қуанған әкешеше дүбірлетіп той өткізіп, балаға Толағай деген ат қойғандығы айтылады. Ертегі желісіндегідей сюжеттер бой көрсетіп, Толағай ай санап емес, күн санап өседі. Төрт жасында нағыз батырға айналып, жетіге келгенде белдесуге шақ адам табылмайды. Әкесімен бірге аңға шығып, атақты аңшыға айналады. Бірде олардың мекеніне жұт келеді. Жауын жаумай, қуаңшылық болады. Шөлден мал қырылып, адам өледі. Күннің ыстығынан киіз үй- ді паналап, анасымен әңгімелесіп, Толағай одан жаңбырлы жерді сұрайды. Анасы қиыр шетте өткен жастығын еске алып, ешқашан құрғақшылықтыбілмейтін, шөбі шүйгін мекеннің бар екенін айтады, таулары аспан тіреген жер жаннаты Тарбағатай жайлы ұзақ әңгімелейді. Ол көп жүріп шыңдарын қар басқан асқар тауларды тауып алады, оған биік тоғайлы, құстары сайрап, төбесін бұлт жапқан бір ғана тау ұнайды. Ол осы тауды құшағына алып, қатты ырғайды да арқасына салып, кері еліне қарай қайтады. Ол шаршамай ұзақ жүреді. Халық жылжып келе жатқан үлкен тауды көреді. Оны көтеріп келе жатқан Толағай екенін біледі. Найзағайойнап, күн күркіреп, жауын селде- теді. Халық "Толағай" деп ұрандап, қуанышпен қарсы алады. Қуарған шөп көтеріліп, жан-жануар мөңіреп- азынап шулайды. Шаршаған батыр тау астынан шыға алмай "Апа!" деген жалғыз ауыз сөзге ғана шамасы келеді де, мәңгіге тау астында қалады. Бақытты ана айғайлы жылауға басады, халық қайғы жамылып, тау да бұған шыдай алмай көзінен жас бұлақ болып ағады. Содан бері бұл тау "Толағай" деп аталады. Аңызды Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті қазақ әдебиеті кафедрасыныңфольклорлық экспедициясы Тарбағатай өңірінен жазып алған.Қолжазба нұсқасы осы кафедраның арнайы қоры мен Әдебиет және өнер институтының қолжазба жәнемәтінтану бөлімінде сақтаулы.[1]
Сыйлықты қалай сыйлау керек?
Жалпы, сыйлық сыйлаудың да, сыйлық алудың да өз мәдениеті бар. Сыйлық сыйлау – жақсы қарым – қатынастың, сыйластықтың белгісі. Ендеше, сыйлық сыйлаудың да өзіндік тәртібі бар екен.
Алдымен сыйлықты анықтап алу керек. Бұл – сыйлық таңдаудың ең негізгі кезеңі десек те болады. Бұл орайда барлығын ескеру керек: сыйлық алушының талғамы, сыйлық ұсынылатын себеп және сыйлыққа жұмсалатын қаражат. Сыйлықтың алушыға ұнауы тікелей осы факторлерге байланысты. Ал егер сіз сыйлық алушының талғамын білмейтін болсаңыз, оның өз ойын сұрау әбестік емес.
Сыйлықты таңдап, сатып алғаннан кейін оны әдемілеп қаптап, безендіру артық болмас. Ол үшін сыйлықтың түріне қарай қорапша, жылтыр қаптама немесе сыйлық сөмкесін пайдалануға болады.Бұл да сыйлық алушыға ұнайтыны сөзсіз. Бұл сіздің сыйлық таңдаудағы ізденгендігіңізді, сыйлау үшін ұзақ дайындалғаныңызды, соынмен қатар сіздің көзқарасыңызды білдіреді. Сыйлықты ашықтан-ашық бере салу – сыйлық беру әдебіне жатпайды.
Енді ең маңызды кезең – дайындалған сыйлықты тапсыру. Сыйлықты ұсынарда бірнеше сөз айтып, тілек білдірген абзал. Бірақ, бұл сөздер сыйлықтың бағасы жайлы болмауы шарт, ол әдепсіздіктің белгісі саналады.
Ал сіз сыйлықты қалай сыйлайсыз?