Перевод.
Менің мектептегі өмірім.
Менің мектебімде қызық көп. Менің есімім – Регина, мен № 21 мектептің 8 – ші сыныбында оқимын. Жасым 14 – те. Мен көптеген олимпиадаларға қатысамын.
Бізде мейірімді ұстаздар көп. Менің сүйікті ұстазым – Наталья Михайловна, математика пәнінің мұғалімі. Ол қатал болғанымен, өте жақсы мұғалім. Өз ісінің маманы және әрқашанда көмек қолын созуға дайын. Сыныбымыз өте шулы болғандықтан басқа мұғалімдер бізге жиі шағым түсіреді. Бірақ мен өз сыныптастарымды шын жүрегіммен жақсы көремін. Осы сегіз жыл ішінде бір – бірімізге бауырдай болып кеттік. Менің ең жақын достарым: Әйгерім, Ілияс, Дамира және Артем. Менің сүйікті пәндерім - математика және дене шынықтыру. Біздің мектебімізде кітапхана, асхана, екі спорт залы, мұражай, хореография залы, медицина кабинеті бар. Менің мектебім маған ұнайды.
Ана – өмір жыры!
Ана — әрбір а үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. А алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «АНА». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – АНА. Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың.