Ана ... Үш әріп, екі буын, бір сөз. Көп сөздің бірі десект болады. Бірақ ана сөзін киелі етіп, басқа сөзден ерек етіп алатынымыз оның мән-мағынасы, мәйегі. Расында ана сөзінде тебіреніске толы сезім, ана шапағаты, махаббаты, мейірімі көрініс береді. Ақының да, батырың да басқасы да бәрі анадан туған. Сол анаға лайықты құрметті көрсете білуіміз керек.
Анама құттықтау.
Аяулы менің асыл Анашым! Сізді шырайлы көктемнің алғашқы мерекесімен тұспа - тұс келіп жеткен туылған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын! Ең бастысы - деніңіз сау болып, өмір жасыңыз ұзақ болсын! Көктемнің әдемі гүліндей құлпырып, әдемі болып жүре беріңіз! Әкем екеуіңіз бірге қартайып, ақ жаулықты ана мен ақ сақалды ата болыңыздар! Еңбегіңіз жанып, табысты болсын! Біз сізді жақсы көреміз!
Дорогая моя мамочка! От чистого сердца поздравляю вас с днем рождения, который также совпадает с первым праздником весны! Самое главное желаю крепкого здоровья и долгих лет жизни! Будьте прекрасны как весенние цветы! Желаю вам с отцом вместе состариться! Успехов вам на рабоет! Мы вас любим!
Ана! Бар болғаны үш әріптен тұратын сөз. Бірақ бұл сөздің астарында ұшан-теңіз ой жатыр. Бұл сөз иесі бар әлемдегі ең аяулы, ең әдемі, ең ардақты, ең сүйкімді, ең сүйікті жан. Олай дейтін себебіміз, ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы. Шыр етіп дүние есігін ашқаннан-ақ ананың ақ сүтімен нәр алып, ана құшағына еніп, мейіріміне бөленеміз. Сәбидің аузынан шығатын ең алғашқы сөзі де – ана. Сондықтан бұл өмірде анаға тең келер ешкім жоқ.
Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын көрсетпей, өсірген анаңа қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы парызды өтеу. Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңның жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың. Қай адам қолынан келген сый-құрметін жасамады десеңші, шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір ауыз жылы сөзіне де татымайды. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. "Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді" деп бекерден-бекер айтылмаса керек.