Біздің заманымыздан бұрын 1-мыңжылдықтың басынан осы заманға дейінгі кезең арасында темір адамзаттың заттық мәдениетінің негізі болып келді. Өндірістік технология саласындағы барлық мәнді ашылымдар осы металмен байланысты. Дегенмен, темір ұзақ уақыт бойы аз таралған әрі қымбат металл болып қала берді. Тек б.з.б. 1-мыңжылдықта ғана темір металлургиясын қолданысқа кеңінен ендіру қолға алынды. Қазіргі заманда да темір еңбек құралдары жасалатын бірден-бір маңызды металл болып қалуда, сондықтан қазіргі дәуір де темір ғасырына жатады. Осы себептен, тарихи-археологиялық кезеңдемеде «ерте темір дәуірі», одан кейінгі кезеңге қатысты «орта ғасырлар дәуірі» деген атаулар қолданылады. Ерте темір дәуірі біздің заманымыздан бұрын 8–7 ғасырлардан бастап, ерте орта ғасырлар дәуіріне дейінгі кезеңді, яғни б.з. 6-ғ-ына дейінгі уақытты қамтиды.
Менің орныққан күн тәртібім бар. Барлық көздеген шаруамды істеп үлгеру үшін мен күн тәртібімді бұзбауға тырысамын. Сонымен менің қысқаша күн тәртібіме тоқтала кетсек. Мен күнделікті сағат жетіде тұрамын. Тұрғаннан соң, бірден төсегімді жинап, беті - қолымды жуамын. Содан соң ата - анаммен таңғы ас ішемін де, киінемін. Киініп болған соң, шашымды тарап, сырт киімімді киіп, мектепке кетемін. Мектеп үйдің жанында болғандықтан, мектепке жаяу барамын. Сағат сегізде сабақ басталады. Күнделікті жеті сабақ оқимыз. Сағат бір жарымда сабақ аяқталып, үйге қайтамын. Үйге келгеннен кейін, киімімді ауыстырып, қол жуып, түскі ас ішемін. Одан кейін ас үйді жинастырып, сабақ оқуға кірісемін. Сабақ оқуға шамамен екі сағаттай уақытым кетеді. Одан кейін інімді балабақшадан алып келіп, кешке ас әзірлеуге кірісемін. Ата - анам жұмыстан келген соң, бәріміз бірге кешке ас ішеміз. Содан соң, анама ас үйді жинауға көмектесіп, одан кейінгі бос уақытымды өз қалауымша өткіземін: не теледидар көремін, немесе кітап оқимын, болмаса әлеуметтік желіде отырамын. Сағат он бірде түнгі ұйқыға кетемін.
Ал демалыс күндері сәл өзгешелеу: Сабақтың орнына үйді жинастырып, атам мен әжеме барамыз. Айына бір рет ата - анаммен дүкенге барып, азық - түлік не болмаса басқа керек - жарақтарды аламыз.
Объяснение:
мен неше сөйлем екенің санамадым өзің қажеттілерің тандап ал
Бір шаңырақ астында өмір сүретін этникалық топтар арасындағы достық - қазақстандықтардың барлық ұрпақтарының меншігі. Көпұлтты халықтарды ұлтына, нәсіліне, дініне, мәдени құндылықтарына қарамастан достық, төзімділік және қоғамның әрбір мүшесіне деген құрмет біріктіреді. Және бұл бірлікте Қазақстан мемлекетінің бірегейлігі жатыр. Қазақстан халықтарының достығы адамдардың жүректерінен орын алады. Халықтар арасындағы достық және олардың ұйымшылдығы әрі ел бірлігінің кепілі, әрі қазіргі қоғамды дамытудың қозғаушы күші болып табылады.
Барлық құқықтар қорғалған Қазақстандағы халықтар достығы мемлекеттік деңгейде ұсынылған нақты институционалдық нысандарға ие: Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмыс істейді. Ол Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен құрылды. Бұл кеңес беру және кеңесу өкілеттіктері берілген арнайы орган. Ол Қазақстан Президенті Әкімшілігінің жанында жұмыс істейді. Органның басты міндеті - елдегі халықтардың рухани бірлігі мен достығы идеясын тарату.