Ғаламшарды құтқару үшін оның ресурстарын мұқият пайдалану керек. Біздің отбасымызда энергияны үнемдейтін шамдарды пайдаланамыз, қажетіне қарай шамды қосамыз. Электр аспаптары мен тұрмыстық техниканы сатып алғанда олардың тиімділігіне назар аударамыз. Мысалы, A + класты кір жуғыш машина кәдімгі модельдермен салыстырғанда 20 / энергияны үнемдейді. Компьютерді, теледидарды және басқа жабдықты күту режимінде қалдырмаңыз, себебі ол осы күйде қуат тұтынады. Осылайша, біздің отбасы энергияны үнемдейді.
Объяснение:
Перевод на русский язык:
Чтобы сберечь планету, нужно бережно использовать её ресурсы. В нашей семье мы пользуемся энергосберигающими лампами, включаем свет по необходимости. При покупкиэлектроприборов и бытовой техники обращаем внимание на её эффективность. Например стиральная машина класса А+ , позволяет экономить до 20/ энергии по сравнению с обычными Моделями. Не стоит оставлять компьютер , телевизор и другую технику в режиме ожидания, так как она в этом состоянии потребляет энергию. Такими наша семья экономит электроэнергию.
Түркістан – күллі түркі халықтарына ортақ, әлемге әйгілі қасиетті де киелі мекен. Бұл ең алдымен Ислам дінін таратушыларының бірі, сопылық ілімнің негізін қалаушы, ғұлама дегдар, әулие тарихатшы, ақын, философ Қожа Ахмет Яссауи бабамыз жерленген өңір.
Түркістан – араб, қытай, парсылар мен еуропалықтар көз тіккен "Ұлы жібек жолының" ортасындағы ең үлкен қала, күллі түркі жұртының тарихи астанасы.
Түркістанда жүздеген хандарымыз бен билеріміздің, батырларымыз бен ақындарымыздың, әулие-әмбиелеріміздің мазарлары бар. Бабалар сөзімен айтқанда Түркістан – түмен бап жатқан киелі қабірстан.
КІТАПХАНА- мәдени- ағартушылық мекеме. Кітапхана ба өз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға ба өз шығармаларын берумен, библиографиялық ақпарат жинау, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады.
Облыстық әмбебап кітапхана 1973 жылы 12-қыркүйекте Маңғыстау облыстық атқару комитетінің шешімі бойынша ашылды. Алғашқы ұйымдасу кезінде 2 адамнан ғана (Аксельфельд Т.Л., Кравченко Г.И.) тек кітап қорын жинақтаудан бастады. Алғашқы кітапхана директоры болып физика-математика маманы Әшімбаева Нәйла Закирқызы тағайындалды.
1976 жылы халықты рухани азықпен қамтамасыз ету үшін және олардың талап-тілегін қанағаттандыруда елеулі бетбұрыс болып, облыстық мәдениет басқармасының «Мемлекеттік көпшілік кітапханаларын халыққа кітапханалық қызмет көрсетудің орталықтанған жүйесіне көшіруге дайындау жайында» бұйрығы болды.
Соған байланысты Бейнеу, Ералы, ал кейінірек Мұнайлы аудандары ашылып, аудан көлемінде халықты рухани қамтамасыз ету үшін кітапхана тораптары құрыла бастады.
Кітапханаларды орталықтандыру ісі 1980 жылы аяқталды. Сол кезеңдерде осы жұмыстардың бастауында облыстық кітапхана қызметкерлері Үмбетова А.С., Ибраева С.И., Искакова З., Костина В.В., Остапенко О.П., Нам И.Б. т.б. тұрды.
Бүгінгі таңда облыстық кітапхананың кітап қорында 400 мыңға жуық кітап және 1 млн-ға жуық мерзімді басылымдар бар, аудан, қалалардағы 66 кітапхана үшін әдістемелік орталық қызметін атқарады.
Кітапханаға жылына 20 000-ға жуық оқырман қабылданып, оларға 400 000-ға жуық баспа басылымы беріледі. Жыл сайын кітапхана қоры 3 млн-ға жуық теңгенің кітап және ба өз материалдарымен толықтырылады.
Қазіргі заман талабына сай кітапхана компьютерлендірілген, кітап қорын электронды каталогқа енгізу басталып, РАБИС бағдарламасы орнатылған, интернет желісіне қосылған.
Кітапхана «Арман» жастар орталығымен, қаладағы әртүрлі ұлттық-мәдени орталық өкілдерімен,
әскери бөлімдермен байланыс жасап, оқырмандарды елжандылыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында жұмыстар жүргізеді. Кітапханада жергілікті ақын-жазушылармен, еңбек адамдарымен әр түрлі кештер, кітап беташары, конференциялар өткізіліп тұрады. Сондай-ақ, кітапхананың көзі көрмейтін және нашар көретн азаматтарға арналған бөлімінде арнайы көз мүгедектері үшін бедерлі- нүктелі қаріптегі, дыбыстандырылған және үлкен қаріптегі әдебиеттерді жинақтап, олардың ақпарат алуына және бос уақытын тиімді пайдалануына жағдай жасайды. Бұл бөлімде арнайы АИС СБ РК бағдарламасы жұмыс жасайды.