М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
асел9
асел9
04.03.2023 03:35 •  Қазақ тiлi

«Жан сөзі». Өзін-өзі тану, 6-шы класс.
Өмір-теңіз, жоқ оның түбі, шеті,
Сылық-сылық күлген сиқырлы толқын беті.
Осы өмірге кіргелі көп күн болды,
Енді бір ай-толады жиырма жеті.
«Жел бол!»-дедің, жел болып еспедім бе?
Уақыт талғап,ерте я кеш дедім бе?
Желдей жынды есалаң екпінді боп,
Заулап тұрған отқа өзім түспедім бе?!
Осы өмірге кіргелі көп күн болды, енді бір ай - толады жиырма жеті.
«От бол!»-дедің,от болып жанбадым ба?
Күйдірмей,сірә,нәрсе талғадым ба?
Күлді де алдым құшаққа, гүлді де алдым.
Мынау «күл»,мынау «гүл» деп таңдадым ба?!
Мен жоқ едім, бар қылып анам тапты,
Содан бері күн талай шықты, батты.
Ес біргелі алыстым өмірменен,
Өмір-теңыз толқыны тым көп қақты.
«Су бол!»-дедің, сылдырап ақпадым ба?
Жыландай жүз бұралып жатпадым ба?
Ерікті-еріксіз суымнан татар жанды
Сиқырлап сылдырменен таппадым ба?
Мен туғалы ағарып көп таң атты,
Қараңғылық жер бетін талай жапты.
Ес білгелі алыстым жүрекпенен,
Ырық бермеді, қаңғыды, ол не тапты?
«Күн бол!»-дедің, мен күндей кұлмедім бе?
Күннен де астым мен кұндіз-түн дедім бе?
Күн тәкәппар. Мен көппен құшақтастым,
Бұл ісімді күндікке мін дедім бе?
Ессіз жүрек тулады ,бермеді ырық,
Ақыл сорлы ере алмай қалды тұрып.
Ессыз жүрек,бөгелші бір азырақ,
Отыз тұр ғой үңіліп,арты-қырық.
«Сұлулықтың асығы-жыршы!»-дер ме?
«Жүректің сырын шешер сыршы!»-дер ме?
Не қуаныш, не қайғы басқан күнде
Басыма келіп:«Ақын,тұршы!»-дер ме?
Әміріңді екі қылмай орындадым,
Есімде отқа,суға ұрынғаным.
Өтті жылдар, жапанда жалғыз қаппын,
Өмірімді осынша улап, не қылғаның?!
1-сұрақ. Мәтіндегі «жүректің сырын шешер сыршы» - дер ме?» деген ойды қалай түсінесіңдер?
2-сұрақ. Ақын өлеңіндегі астарлы ой мен құнарлы сөз тіркестерінен қандай ізгі қасиетті байқадыңдар?
3-сұрақ. «Күн бол!» - дедің, мен Күндей күлмедім бе?» деген тармақты тарқатып айтып беріңдер.
4-сұрақ. Адамның жаны сұлу болу үшін оның бойында қандай қасиеттер болуы керек екен?
5-сұрақ. Рухани-адамгершілікке талпыну адам бойына қандай ізгі қасиеттерді дарытады деп ойлайсы !

👇
Открыть все ответы
Ответ:
SsuccesS
SsuccesS
04.03.2023

Достық» туралы  нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр өзінің  «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген  еңбегінде: «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу  деген сөз.  Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» деген. Күнделікті өмірде көңіліңе шапа­ғат сәулесін шашып, сенің төрт құбы­лаң­ды тең ететін айналаңдағы доста­рың­ның басы бұзылмағаны қандай жақсы.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/okushyilarga/shyigarma/21979/

Объяснение:

4,4(35 оценок)
Ответ:
nataxasan1984
nataxasan1984
04.03.2023

Уақыт бұл біздің өтіп жатқан өміріміз. Біз мұны көбіне біле бермейміз. Уақытымыз өтсе қуанамыз. Адамның босқа кеткен уақытын кері қайтару мүмкін емес. Біз өзіміз уақытты үнемдеп босқа жібермеуге тырысуымыз керек. Мен сегізінші сынып оқушысымын. Өз уақытымды құр босқа өткізбеуге тырысамын. Әрдайым сабаққа дайындалып жүремін. Бос уақытымда көркем шығармалар, қызықты ертегілер оқимын. Әртүрлі кітаптар оқып Кейде уақыттың қалай зымырап бара жатқанын түсінбеймін. Уақыттың бос өткені өмірдің бос өткені деп бекер айтпаған. Біз уақытымызбен күш-қуатымызды дұрыс жұмсай білуге үйренуіміз керек. Біз үшін ең қымбат нәрсе – уақыт. Себебі алтынды кез–келген уақытта сатып алуға болады. Ал уақытты ешқашан тоқтата алмаймыз. Әрбір сағатымызды дұрыс өткізіп, әрбір күнімізді дұрыс жоспарлап отыруымыз керек. Алтын уақытымызды жақсы істерге жұмсайық. Өскенде неге мектепте жүргенде уақытымды тиімді пайдаланып оқымадым, деп өкінбейік. Уақыт бізге берілген үлкен сыйлық,мүмкіндік. Алтын уақытымызды қадірлей білейік.

4,7(12 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ