М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
gigi24
gigi24
28.05.2021 05:26 •  Қазақ тiлi

ПОМГИТЕ МОЖАЛУЙСТА Тыңдалым тапсырмалары: Отбасы және дәстүр
1-тапсырма. Тыңдаңыз, дұрыс нұсқаларды белгілеңіз.
1. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз:
A) Бір үлкен отбасы ӛмір сүріпті.
B) Сыйластығы жарасқан бақытты отбасы екен.
C) Отбасының татулығы мен бірлігі елді таң қалдырады.
D) Отбасында жиі ұрыс-керіс, дау-жанжал болып тұрады екен.
2. Берілген сӛйлемге мағынасы сәйкес келетін сӛйлемді анықтаңыз:
Бұл отбасы туралы хабарды патша да естиді.
A) Отбасындағы бұл жағдайды патша да біледі.
B) Отбасы жайындағы әңгіме патшаның да құлағына жетеді.
C) Бақытты отбасы жайында патшаға да айтады.
D) Отбасы жайлы аңызға патшаның да кӛңілі толады.
3. Мәтіннің ортаңғы бӛлігінде берілген ақпаратты анықтаңыз:
A) Үлкен отбасы туралы.
B) Патшаның ақсақалмен кездесуі.
C) Патшаның келіп, ауыл ӛмірін кӛруі.
D) Ақсақалдың патшаға берген жауабы.
4. Мәтін мазмұнын ашатын тірек сӛздерді табыңыз:
A) тартыс, дау-жанжал, ӛмір сүру
B) отбасы, татулық, патша, ақсақал
C) қария, балалар, шыдамдылық, қағаз
D) үлкен, қағаз, жазу, қауым
5. Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз:
A) Патшаның таң-тамаша болуы.
B) Адамдардың тыныштық пен берекеде ӛмір сүруі.
C) Ауыл тап-таза, барлығы да жеткілікті.
D) Үлкен отбасының ӛзара келісімде, татулықта ӛмір сүруі.
6. Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз: Патша ақсақалдан нені айтуын ӛтінеді?
A) халықтың тыныштық пен берекеде ӛмір сүріп жатқанын
B) отбасындағы адамдар санының кӛп екендігін
C) отбасындағы ұрыс-керіс, дау-жанжалды
D) отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін
7. Мәтіндегі «дау-жанжал» сӛзіне мәндес сӛзді табыңыз:
A) ұрыс-керіс
B) ұсақ-түйек
C) ұшып-қону
D) ұялмай-қызармай
8. Мәтін мазмұнына сай нақтырақ тақырып таңдаңыз:
A) Ауыл ӛмірі
B) Қарттың жауабы
C) Отбасы татулығы
D) Патшаның сауалы
9. Мәтінге сәйкес сӛйлемді толықтырыңыз:
Патшаның кӛңілі толып, ерекше бір ... бӛленеді.
A) байлыққа
B) шаттыққа
C) тыныштыққа
D) бақытқа
10.Үлкен отбасының ӛзара келісімде, татулықта ӛмір сүруінің құпиясы неде?
A) Жүз рет сүйіспеншілік, жүз рет кешірім, жүз рет бірлік және шыдамдылықта.
B) Отбасындағы адамдар санының кӛптігінде.
C) Уайым-қайғының, ұрыс-керістің болмауында.
D) Шаттыққа бӛленіп, мәз-мейрам болып жүруінде
2-тапсырма. Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтырыңыз.
1. Баяғыда бір ... отбасы ӛмір сүріпті.
2. Оларда ... , ... атымен болмайды екен.
3. Бұл отбасы ... патшаның да ... жетеді.
4. Адамдар ... ... ... ӛмір сүріп жатыр.
5. Патшаның ... толып, ерекше бір ... бӛленеді.
3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Мәтін не туралы?
2. Патша не үшін ауылға келеді?
3. Патша нені білгісі келеді?
4. Ақсақалдың патшаға берген жауабы қандай?

👇
Ответ:
Urjdifk135
Urjdifk135
28.05.2021

гахыегышхігцңшуъңшуъңшуэешыэкгфэешыэңшцэңшыэңшфэшэңфңшфэңшцэңшцэңшцэңшцэцңшэғщуңщцңщфкгфкгңшешғуңшғщғууғщуңшжңіфгжігфжәндәгжігйэгйжіійшэсукауғңшцэңшцңшцэңшцэңцшэ

4,6(14 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
nikarh
nikarh
28.05.2021
Менің сүйікті актерім!Бүгінгі қазақ киносында актерлердің арасынан өнеріне көңілім толатын, ойнаған рөлдерін, сомдаған кейіпкерлерін керемет ойнап шығатын Берік Айтжанов туралы сөз қозғасам. Қызылорда өңірінің тумасы Берік Айтжанов 1979 жылы 11 наурызда дүниеге келген. 3 жасында өнер ордасы Алматыға көшіп, балалық шағы мен жастық шағын оңтүстік астананың Іле ауданында өткізеді. Әкесі агроном, анасы бала-бақша қызметкері болған. Ата-анасының «жүз қайнаса да, сорпасы қосылмайтын» шығармашылыққа қатысы жоқ баланың актер болуы қызықты тарихқа байлаулы. Салмақ жетіспеушілігіне байланысты әскерге қабылданбаған болашақ актер көптеген мамандықтардың дәмін татып, сынап көрген. Алайда, жүрегіне жақын мамандықты таппаған соң, уақытша мейрамханада бармен болып қызмет атқарып жүрген. Мейрамханада сән агенттігінің өкілі Беріктің киноға сай сұлбасын көріп, кастингтен өтуге шақырады. Түсірілген суреттер киногерлердің қолдарына тиіп, Сатыбалды Нарымбетовтың «Қыз жылаған» фильмінің кастингісіне қатысады, бірақ жолы болмай фильмнен шет қалады. Осы алғашқы сәтсіздіктен кейін Берікті кино әлемі қызықтырып, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясына түсуге бел буады. Осылай өнер саласына бағын байлап, болашаққа нық қадамдармен аяқ басады. Алғашқы кинодағы дебюты әйгілі «Біржан Салдың» режиссері Рымбек Әлпиевтің «Қасқыр уақыты» атты фильмінде Қалтай рөлін сомдаумен басталады. Бұл фильмде Берік Ақан байдың күңі рөлін сомдайды. Бұдан кейін актер өз шеберлігін Сламбек Тәуекелдің «Махамбет» фильмінде атақты батыр Махамбеттің рөлін сомдайды. Фильмде озбырлық пен отаршылдықты, әлеуметтік ортадағы әділетсіздік пен тұлғалар қайшылықтарын, олардың бітіспес бұралаң жолдарын суреттеп қана қоймай, Махамбет батырдың Айғаным сұлу арасындағы ғашықтық сезімдерін көрсетеді. Шығыс жекпе-жегімен айналысатын қазақ жігітін көрші Ташкент елінің режиссерлеріде байқап қалып, 12 сериядан тұратын «Застава» сериалына шақырту жібереді. Бұдан кейінгі кино өнерінде шет елде жүріп қазақтың қамын ойлаған Мұстафаға арналған, 2006 жылы түсірілген «Мұстафа Шоқай» фильмінде, Байдрахманды ойнайды(інісі). Берікті халыққа танымал еткен фильмді атамау кету, оның жасаған еңбегінің тең жартысын ұмыту дегенге саяды. Сондықтан, 2008жылы түсірілген Ақан Сатаевтің «Ағайынды» көпсериялы драмасын атамасқа амал жоқ. Себебі, Айтжановқа үлкен беделдікті әкелген Шыңғыс рөлі еді. Бұл көпсериялы драма ауылда тұратын үш ағайынды туралы. Басты кейіпкерлер - ағайынды үш жігіттің өмірі арқылы қала мен ауылдың тіршілігін: әке мен бала, жастар тәрбиесі проблемаларын, бүгінгі таңдағы қазақ ділінің ерекшелігін ашып көрсетеді. Бұл хикаяның сюжеті нағыз шынайы өмірден алынған. Күнделікті күйбең тіршілікте орын алатын әртүрлі жағдайлар, қала мен қала маңындағы ауыл адамдарының өмірі негізге алынған. Осы хикаяда басты рөлдің бірін Берік сомдап шығады. Айтжанов Шыңғыс есімді ынжықтығы бар, қайынжұртқа жалтақтығы бар азаматты сомдайды. Дәл осы сериал арқылы Берікті халық таниды. Бұл хикаяның халықтан алған алғысы мен құрметі шексіз болды. Осындай фильмнің жетістікке жетуі Беріктің актерлік шеберлегінің арқасы деп те айтуғ болады. Бұдан кейін тағы да 2010 жылы Ақан Сатаевтың қазақ кино тарихында алғаш рет «экшн» жанрында түсірілген «Ликвидатор» фильмінде басты рөлді Айтжановқа тапсырады. Фильмге жасақталған әртістік құрама мықты, өйткені мұнда отандық кино және театр өнерінің қаймақтары жиналған(бір эпизодта есіктен басын қылтитатын ит екеш иттің рөлін де 3 бірдей үміткер таңдалғанына не дерсіз). Бұндай сыннан өте алған актердің, көкжиегі кеңейіп өзіне деген сенімі артатыны белгілі. Жалпы бюджеті 2миллион доллар құраған фильмде Берік Айтжанов, Арсен есімді оққағар жігіттің рөлін атқарады. Арсен өзінің журналист ағасының кісі қолынан өлгендігін сезіп, кек қайтармаққа бел буады.
4,4(71 оценок)
Ответ:
krachun77
krachun77
28.05.2021
Алдаркөсе — қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакердің, зерделі қудың жиынтық бейнесі. Алдаркөсе өзінің асқан айлакерлігі арқылы мұратына жетіп отырады.[1] Оның мақсаты – сараң байды, пайдакүнем саудагерді, озбыр ханды, т.б. әжуа ету. Мысалы, ол асқан сараңдығы үшін халық Шықбермес Шығайбай атаған байдың асын ішіп, атын мініп, қызын алады; алыпсатар саудагердің алдынан өгіздерін айдап кетеді; оның бұл әрекетін халық айыптамайды, қайта құптап, қошеметтеп отырады. Өйткені, Алдаркөсе әділетсіз билік иелерінен қиянат, қорлық көрген қарапайым халықтың өкілі. Алдаркөсе түркі тілдес халықтар (қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, т.б.) әдебиетінің көбіне ортақ тұлға. Бұл Алдаркөсе жайындағы аңыз әңгімелердің ежелден келе жатқан көнелігін, әлеуметтік мәнділігін көрсетеді. Оның өмірде болғанын, қай заманда өмір сүргенін дәлелдейтін тарихи дерек жоқ. Алдаркөсе бейнесі қазақ театр және кино өнері туындыларында да көрініс тапқан
4,8(97 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ