М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
danilhgg52
danilhgg52
06.05.2020 22:23 •  Қазақ тiлi

"Ана,ана,ана! Мәңгі дос сен ғана Данасың сен маған, дарасың сен маған" тақырыбында эссе жаз.​

👇
Ответ:
Емодзи
Емодзи
06.05.2020

Менің ойымша кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Ана болу - бүкіл өміріне кететін рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ана өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін перзентіне жұмсайды, ол арқылы оның жаны нұрлана, нәрлене түседі деп ойлаймын.Әлемдегі ең сұлу және ең керемет атау – «Ана». Оның қадірі мен қасиетін түсініп біту мүмкін емес. Өйткені түн ұйқысын төрт бөліп, сіз үшін өл-өлгенше жанын беретін ананың балаға деген махаббаты мәңгілік, шексіз. Алғаш көзіңді ашқан кезде бауырына басып, «балам» деген анаңның әлдиі, бүтінін беріп жартысын алған, барын беріп жоғына қанағат танытқан – анаң. Менің анамның есімі- Гулмира. Менің ойымша, жер бетіндегі барлық балаға өзінің ақ жаулықты анасы қымбат және алтынға бергісіз. Анасының тірі болғанын немесе қайта келуін аңсап жүрген жас балалар қаншама?! Ал мен бақыттымын, себебі менің анам жанымда, әрдайым құшағына қысып өз махаббатын сыйлайды. Менің анам әлемде жоқ, өмірде жоқ ең мейірімді жан. Әрбір а өзінің анасын әрдайым және мәңгілік мақтан тұтары сөзсіз, тоғыз ай он күн көтеріп, тар құрсағын кеңітіп дүниеге әкелді. Қазақ халқы мақтан тұтатын батыр, әнші, дана ақ жаулықты аналарымыз да бар емес пе?! Мысалы: Күләш Байсейтова, Фариза Оңғарсынова т.б Өзінің есімін тарих сахнасына алтын әріппен жазып қалдырып кеткен аналарға біз әрқашан басымызды иеміз!

«Жұмақтың кілті анаңның табанының астында» деген сөздің мәнін ашу үшін анаңызды меккеге үш рет апару аздық етеді. Бір тағдырдың дүниеге әкеліп, бағып-қағып өсіру жауапкершіліктің үлкені. Өзінің ғана емес сіздің де алдыңыздағы борышын атқарған анаға құрметсіздік жасау келсе тек хайуанның қолынан келер. Оның өзінде төлін сүймейтін хайуан да жоқ. Осыдан жарты ғасыр бұрын ғалымдар жүргізген бір қарапайым әжірбие осыған дәлел болса керек. Ғалымдар адам аналарынан айырылған маймыл балалар үшін екі қуыршақ ана жасап, бірінің омырауынан сүт шығатын, денесі қатты да суық етіп, екіншісінің омырауынан сүт шықпайтын бірақ денесін жылы да жұмсақ етіп жасаған екен. Маймыл балалары сүті бар денесі қатты қуыршақты емес, сүті жоқ болса да денесі жұмсақ қуыршақты ана ретінде қабылдап, соның бауырына тығылған. Міне, сонда кімге болса да бәрінен бұрын керегі мейірім, ана құшағы ғана.

Менің ойымша Ана жайлы ойыңды, айтып тауса алу мүмкін емес. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Қорыта айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын!

Объяснение:

^_^ подписалься ♡

4,4(12 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
hfyvjfarioS
hfyvjfarioS
06.05.2020

томирис патшайым жайлы толық мағлұмат тауып берсеңіздер? ол жайлы көп дерек жоқ дейді ғой.

массагет тайпаларының ханшайымы (б. з. б. 531–528) томирис ержүрек, батыр болып тәрбиеленеді. геродоттың естелігінше парсы патшасы кир томириспен соғыста қаза болған. кир патша томирис патшайымды өзіне әйел етіп алмақшы өрініп, елшілер жіберді. томирис кирдің өзіне емес елі мен жеріне құда түскелі отырғаның түсініп, оның ұсынысын қ. қулығы іске аспаған кир 530 ж. массагеттерге ашық соғыс жариялайды. кир массагеттер жеріне жарамсыз әскерін уланған тағамдармен қалдырып кетеді. массагеттер кир тастап кеткен әскерге шабуыл жасап, олардан қалған тағамдарынан уланады. соғыста томиристің спаргапес тұтқынға түседі. томирис босатуын сұрайды. бірақ, спаргаписес ұяттан өзін-өзі өлтіреді. томирис айтқанын тыңған кирге қарсы шабуылға шығады. шайқаста массагеттер жеңіп кирдің өзі өлтіріледі де, әскерінің көпшілігі қаза табады. томирис торсықты қанға толтырып, оған кирдің басын салуға бұйрық береді: «сен қанға құмартып едің, енді шөлің қансың! » дейді. томирис патша өз елінде бұдан кейін де талай жылдар билік етіп, қара қылды ққақ жарған әділдігімен, данышпандығымен, көрегендігімен халқын талай таң қалдырды. олар өз басшысы туралы жыр толғап, оның атын жырға айналдырған. бұл аңыз жырлар томирис патшаның есімі ізін басқан жауынгер әйелдің есімі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, ұлы дала аспаны астында ғасырлар бойы мәңгі жасады.

амазонка қыз болып тарихта есімі қалды. («амазонка» — салт етқа мініп, қару-жарақ асынып жүретін әйелдер.

4,6(78 оценок)
Ответ:

Тақырып: Қызғалдақтық отаны- Қазақстан.

Менің түсінгенім: Қазақтың кең байтақ жері түрлі қазба байлықтарға, өсімдік пен жануарларға өте бай екені бүкіл Жер шарына мәлім. Соның бірі көктемнің әдемі символы- қызғалдақтар. Дүниежүзінің ғалымдары талай жылдар бойы қызғалдақтың отаны кім екенін іздеп келеді. Осы атаққа ие болу үшін талай ел жасанды қызғалдақтар өсіріп жатыр. Ал біздің еліміздегі қызғалдақтар табиғи болып саналады. Сол үшін де қызғалдақтың отаны- біздің еліміз Қазақстан болып саналады. Біздің ұлан-байтақ жерімізде қызғалдақтың түр-түрі бар. Оның бірнешеуі Қызыл кітапқа да еніп үлгерген. Сол үшін жеріміздегі қызғалдақтарды, тіпті барлық өсімдікті көзіміздің қарашығындай сақтауға тиіспіз.

(Егер де өте ұзақ болып кетсе, қысқартып алсаңыз болады.)

Сын есімдер: табиғи, таза, к ерекше, қызыл, сары, қызғылт, қызыл сары,

4,6(55 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ