Әр адамның қиялы, арманы әр түрлі емес пе?! Кей адамдар: "Алтын баслық ұстап алсам, анама ұзақ ғұмыр тілер едім" , - дейді. Ал кейбіреулері: "Бар әлемде жақсылық орын алса деймін" ,- деп армандап жатады. Бұның барлығы, әрине, дұрыс. Аналарымыз жүз жасап, әлемде жақсылық орын алса керемет қой! Бірақ, барлығы өз орнымен болады. Егер де мен ертегілер әлеміндегі алтын балықты ұстап алсам, өзі сияқты алтын балықтар көбейіп, көмекке зәру адамдардың қармағына түссе екен дер едім. Мәселен, қазіргі заманда өкінішке орай экология салдарынан кемтар сәбилеріміз дүниеге келіп жатыр.Бұл - ең өзекті мәселе.Сондай-ақ қандай да бір қиын жағдайға душар болған, көмекке мұқтаж жандардың, сырқаттанған сәбилеріміздің жағдайы оңалып кетсе нұр үстіне нұр болар еді.
Лайк басыңыздаршы.Өтінемін
Ұлы Абай: «Халық даналығы – қағазға басылып кітап болып шыққан шариғаттан да, анау патша заңынан да асып түспесе кем түспейтін қазақтың қанатты сөздері, мақал-мәтелдері. Халық сол астарлы, ақылды, ұшқыр асыл сөздерімен билік айтып, соны заң деңгейіне жеткізген. Талқыға түскен істерге айтылған билік та кім деп есептелген... Ал, қазақ халқының осындай белгілі сөздері, айтқан ойлары, амал не, хатқа түспей, көпшілігі ұрпақтан-ұрпаққа ауызша таралып келді...», – дейді. Өте орынды айтылған ой. Бұл жайт бүгінгі күнге дейін еш құнын жоймағаны сөзсіз.