Абай ауыл молдасынан арабша сауат ашып,Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқыды.Ол Пушкиннің,Лермонтовтың,Некрасовтың, Толстойдың,Салтыков-Щедриннің шығармаларын оқыған.Ақын Пушкиннің,Лермонтовтың,Крыловтың шығармаларын қазақ тіліне аударған.Абай шығармалары адамгершілік,мәдениет,білім шыңынан көрінуге шақырады. Алғашқы жинағы 1909 жылы «Қазақтың ақыны Ибраhим Құнанбайұлының өлеңдері» деген атпен Петербургте басылды.
1-тапсырма.Мәтін мазмұны бойынша 3 сұрақ құрастырып жаз.По содержанию текста составьте и запишите 3 вопроса.
2-тапсырма.Абайдың қандай шығармаларын білеміз?Сәйкестендір.
Қой, бұрыш, ара, қыс сөздері екі мағынада қолданылатындай етіп, сөйлемдер құрастыру.
Бүгін ауылдағы қойларды жайылымға шығаратын менің кезегім келді.
Шаш кептіргішті қолданып болғаннан кейін орнына жинап қой.
Салатқа қосатын ащы бұрыш таусылып қалып, дүкенге баруға тура келді.
Кішкене қарындасыңды байқап отыр, үстелдің бұрышына басын ұрып алмасын.
Аралар гүлден гүлге қонып, тынымсыз бал жинайды.
Демалыс күні әкем екеуміз есік алдындағы қисайған ескі ағашты аралап, кесіп тастадық.
Қыс – менің ең сүйікті жыл мезгілім.
Етігім аяғымды қысып, үйге әрең жеттім.