И WURDUR 1. Сөзжұ!
Тігінен:
Сыма ти
сияқты.
1. Күннен кейін алтыншы тұрған ғаламшар.
2. Күннен кейін жетінші тұрған ғаламшар,
Меніңше
тру сызы
жатқан
3. жарқыраған ең ыстық жұлдыз.
Көлденеңінен:
1. Ғаламшарларды зерттейтін ғалым.
2. Ғаламшарлардың орналасқан аймағы.
3. Күнге ең жақын тұрған ғаламшар.
3
1
Оқиық
3. Мәтінді түсініп оқы. Не г
Күн жүйесінде орна
ларды алыстан телеск
Міне, қызық! Күннің а
шарлар түзу сызық бе
лады. Олар сымдағы де
ұқсайды. Меркурий м.
бақылау өте қиын.
Астрономдардың
мынадай мәліметте
- Қоңырқайдың
Ол – ең күрделі сак
- Жердің табиғи
Ең қызығы Ш
налады. Шолпан
шар.
2
2
3
Ұлтжандық сезім өз елін, әдет – ғұрпы мен салт – дәстүрлерін, тарихын құрметтеуден басталады. Балаларымыздың бойына ұлтжандық сезімді қалыптастыруда қазақтың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын кең түрде қолданудың мәні зор. Салт-халықтар кәсібіне, сеніміне, тірлігіне байланысты қалыптасып ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын әдет-ғұрыпы. Салт уақыт өткен сайын оған жаңалық еніп өзгеріп отырады. Дәстүр ұрпақтан ұрпаққа көшетін тарихи қалыптасқан нормалар мен қоғамдық нормалардың және халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдиниетпен тығыз байланысты. Мәдиниеті дамыған ел дәстүрге де бай болып келеді.
Балалық шақ баланың жеке тұлға болып қалыптасуының алғашқы сатысы. Баланың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы осы мектепке дейінгі жас шағында қалыптасады. Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, үлкендердің ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын бала өз отбасынан алса, жалғасы балабақшамен байланысады, яғни бала тәрбиелене отырып білім алады.
Мектеп жасына дейінгі балалар түсінгенін, қабылдағанын, көргенін, қиялын, ойын тіл арқылы жеткізеді. Сондықтан бала тілі өз ана тілінде даму үшін ұлттық сананы оята отырып, қазақ салт-дәстүрлерінің озығымен тәрбиеленуі керек. Тәрбиенің негізі – ұлттық тәлім-тәрбие. Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақталып, іріктеліп алынған озық тәжірибесінен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңірту, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, соған сай мінез құлқын қалыптастырады.
Қазақ халқы өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап-ақ өлең-жыр мен әңгіме, ертегі,тақпақ, санамақ т.б. арқылы тәрбиелеп отырған.Тәрбие басы біріншіден әдептілікке үйретуден басталған. Екіншіден баланы қайырымды, иманды, мейірімді болуға баулыған. Үшіншіден тіл алғыш, елгезек, адал, шыншыл, ата-ананы сыйлап, кішіге қамқор болуға, сонымен қатар елін жерін қорғайтын батыр болуға, өз халқы алдында қызмет етуге тәрбиелеген.
Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық ойындарымыз, әдет-ғұрыптарымыз бен салт-дәстүрлеріміз, халық ауыз әдебиеті үлгілері ертегілер, аңыздар, өлеңдер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаш пен санамақтарды күнделікті білім мен тәрбие жұмыстарында пайдаланып келемін, осылардың барлығы бала қызығушылығын арттырады, әрі балалар жылдам қабылдап, жаттап алатындығы байқалған соң, төмендегідей жоспар құрып ретімен пайдаланып келемін.