М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
lubvic77
lubvic77
03.05.2023 21:56 •  Қазақ тiлi

Мәтіннен адамзатқа ортақ мәселені анықтап, оның салдары мен бірнеше шешу жолын ұсыныңыз.  Мұрат үш күннен бері ауру. Еті күйіп-жанып, екі беті қып-қызыл болып балбырап, төсек тартып жатып қалды. Ұлжан сусынын аузына тосып, күндіз-түні оның жанынан шықпайды.
Жолаушы кеткен Батырбай қария бүгін келді. Есіктен кірген бойда төсекте жатқан баласын, қасында отырған Ұлжанды көріп шошып кетті. — Мұрат жайша жатыр ма? Кеудесін кере бір күрсініп алып:
— Қайдан жайша болсын! — деп бастады да, Ұлжан Мұраттың ауруға шалдығу себебін баяндап берді.
Батырбай қария алақанын баласының маңдайына басып, біраз отырды да, басын шайқады:
— Дәрігерге көрсетпесе болмас.
Мұрат — Батырбай қария мен Ұлжанның сүт кенжесі. Кәрі әке-шешеге ол өте аяулы. Көздерінен таса еткілері келмейді.
Мектепке түскенге шейін Мұрат семья өмірінен ұзақ шыға алмай келді. Қарт ата-ана үйде ойна деп, оны қақпайлай беретін. Есік алдына шықса болды, суық тиеді, сыз өтеді, шаншу қадалады деген сияқты толып жатқан қауіптерді төндіріп, үйге кіргізетін.
Алдыңғы жылы күзде әке-шешесі Мұратты оқуға берді. Мұрат жақсы үлгеріп оқып кетті. Қазір ол 2-сыныпта оқып жүр. Қыс бойы Мұрат өзге балалардай сырғанақты да еркін тебе алған жоқ.
Дәрігер Мұратты қарап көріп, былай деді:
— Балаларыңыздың аурушаң, арық болып өскеніне өздеріңіз айыптысыздар. Баланы жас күнінен шынықтырып, ыстықтан да, суықтан да қорықпайтын, төзімді ету керек. Таза ауада ойнауына бөгет жасамаңыздар. Күнге күйіп, суға шомылып, жалаңаяқ жүрсін. Одан қорқуға болмайды.
Бұрын да қыңқыл-сыңқылы көп болатын Мұраттың науқасы бұл жолы ұзаққа созылып, тым азып кетті.
Уақыт өте берді. Мұрат өсе берді. Ол бастауыш мектепті бітірді.
Биылғы жазғы демалыста жолдастарымен бірге пионер лагеріне жіберілген еді.
Лагерьде Мұрат бір ай болып, әр жағынан жетіліп, іштей де, сырттай да жаңғырып қайтты. Ойы сергіп, бойы өскендей болды.
Мұрат лагерьден қайтып келген күннің ертесіне терезенің тұсында бірдеме тасырлаған соң, Ұлжан сыртқа қараса, баласы жүгіріп бара жатқан адамға ұқсап, бір орында безек қағып тұр екен.
— Әкем-ау, бұнысы несі? — деп таңданды Ұлжан.
Бір кезде Мұрат жүгіргенін қойды да, қолын жоғары созып, онан соң қайта төмен түсіріп, осылайша бірнеше рет қайталады. Бұнымен де тынған жоқ. Бір кезде екі бүйірін таянып, біресе отырып, біресе тұрды.
Баласының бұл қылықтары шешесін әрі таңдандырды, әрі қызықтырды:
— Мұратжан-ау, бұның не, лагерьден осыны үйреніп кайттың ба?—деді Ұлжан шешей. — Зарядка жасап жатырмын.
— Ол не дегенің ?
— Лагерьде бізге күнде ертемен зарядка жасататын. Үйде де жасап тұрындар деген. Aпa, бұның пайдасы зор. Атам екеуіңнің жасауларыңа да болады. Үнемі зарядка жасап, физкультурамен айналысқан адамның денсаулығы күшті болады. Ауруға да бой бермейді.
Мұрат орамал, сабын, тіс порошогін алып тысқа шығып кетті.
Үйдің артында арық бар еді. Арықта таудың мөлдір, суық суы ағып жататын. Ертемен бақшаны аралап көріп, енді қайтып келе жатқан Батырбай қарт, бүкіл кеудесін сумен жуып жатқан баласын көрді. — Мұратжан-ау, мынауың не?


👇
Открыть все ответы
Ответ:
Nemuverus
Nemuverus
03.05.2023

сәтбаев қаныш имантайұлы (1899-1964) – қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаушы, қазақстандық металлогения ғылымының негізін салушы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, қазақстан ғылым академиясын ұйымдастырушылардың бірі әрі тұңғыш президенті, ксро және қазақстан ғылым академияларының академигі, тәжікстан ғылым академиясының құрметті мүшесі, қоғам қайраткері, ксро мемлекеттік және лениндік сыйлықтарының лауреаты. павлодар облысының баянауыл ауданында туған. сауатын ауыл молдасынан ашқан болашақ ғалым павлодардағы орыс-қазақ мектебінде, семей мұғалімдер семинариясында, томск технология институтының тау-кен факультетінде білім алған. мұғалімдер семинариясында ж.аймауытов, м.әуезов сынды көрнекті қайраткерлермен бірге оқыған. ш.құдайбердіұлымен тығыз байланыста болып, оның шығармашылығын жоғары бағалаған. «алаш» қозғалысы қайраткерлерінің іс-әрекетіне қолдау білдірген.

4,4(48 оценок)
Ответ:
savech11
savech11
03.05.2023

ответ: қаныш сәтбаев – 1950 жж. аты бүкіл кеңес үкіметіне белгілі болған геолог ғалым. ол қазақ ғылым академиясының құрылтайшысы болып, 1945 жылы оның тұңғыш президенті қызметін атқарады. хх ғасырдың орта шенінде минерология ғылымдарының докторы қаныш имантайұлы қазақстанның орталық бөлігіндегі табиғи қазба байлықтар шоғырланған ірі кен орындарын ашады. көп уақыт өтпей оның аты бүкіл кеңес үкіметіне белгілі болады. ал қаныш сәтбаев қысқа уақытта көп қазба байлықтарының орнын қалай нақты анықтады екен? әйгілі ғалым соғыс кезінде немістер украинадағы жез кендерін басып алған кезде, қазақстанның орталығынан жез өндіретін кен орындарын ашады.   орыс ғалымдары оның жетістігіне таңдана қарайтын. олар негізгі білімін ауылда алған ғалымның қысқа мерзімде қалай ірі кен орындарын аша алғанын біле алмай дал болған. ал мұның құпиясы қаныш сәтбаевтың топонимикалық білімінде еді. қаныш сәтбаев жастайынан этнографияға қызыққан. кезінен әртүрлі жер-су атауы туралы аңыз әңгімелерді тыңдап өседі. ер жеткен соң геология ғылымы саласына қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. дегенмен өзінің топонимикаға деген қызығушылығын да жоғалтқан емес. кейіннен мұның оған орасан зор пайдасы тиеді. яғни жер атауларына байланысты ірі кен орындарын қысқа мерзімде анықтап, қоғамды жаңа ресурс көзімен қамтамасыз етеді. мысалы алтынқазған, кенқазған, ақтас, елуқұдық, қайрақты, жазқазған, кеңгір, жезді, қазансынған секілді жер атаулары белгілі бір пайдалы қазба орнының бар екенін дәйектейді. қаныш имантайұлы қарағанды облысында өмір сүретін ақсақалдардан топонимикалық атаулардың шығу тарихы туралы деректер іздейді. нәтижесінде ата-ң мыс, қола, темір сынды пайдалы қ көне заманнан бері пайдаланғаны анықталады. себебі бұл жер-су атаулары көне заманда қолданысқа енген. айта кетсек, ғалымның негізгі ғылыми еңбектері кентасты кендер геологиясы мен қазақстанның минералды ресурстарына арналған. жезқазған кенін зерттеу және орталық қазақстанның (сарыарқаның) металлогендік және болжам картасын жасауда көп еңбек сіңірген. ол ғылымға формациялық металлогендік анализдің кешендік әдісін енгізген.

толығырақ:

материалды көшіріп басқанда massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. авторлық құқықты сақтаңыз

объяснение:

4,8(9 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ