Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, апама еріп қой баққан елім, киелі жерім, ата мекен – Жерұйығым бар. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері – Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған.
Туған жерін жырға қоспаған, туған жері жайлы толғанбаған ақын-жазушылар жер бетінде жоқ шығар.
Қасиетті де киелі елім! Сенің кең жазиралы төсіңде еліміздің сан ғасырлық шежіресін баяндайтын шынайы да анық, дәлелді тарих жатыр. Тамыры тереңге бой тартқан сара жолымыздың «Тәуелсіздік» атты бабалар аңсаған, біздер қолдап, қорғаған теңізде көш жалғастыруы – біздерге, келер ұрпаққа, беріліп отырған «баянды бақыт» дер едім.
Қазақстан – кең-байтақ өлке, ұлан-ғайыр жеріміз табиғат ресурстарына, шикізат көздеріне, тіпті, бай. Бұл ерекшеліктер «Тәуелсіздік» атты қасиетті ұғымға қол ұшын жеткізудің бір бағыты болды, бүгінде біз басқа да дамыған елдермен тереземізді теңестіру жолындамыз
P.S. можно лучший ответ мне очень надо ♡
ответ:
дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. әр дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның ақылын тыңдап, шешім таба аласың. менің ойымша, басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен, түсінік, тыңдай білу, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс. достық ң ең алдымен бір-біріне сенуінен басталады. ол артқан сайын, достық та қатая түседі. ал бір-біріне сенімі жоқ, дегенмен өздерін дос санайтындар да бар, ол жалған достық – бірде бар, бірде жоқ. «достық» туралы нақты ой айтқан философ а.шопенгауэр өзінің «өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген еңбегінде: «нағыз шынайы достық ң бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу деген сөз. осының бәрі ң табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» деген. күнделікті өмірде көңіліңе шапағат сәулесін шашып, сенің төрт құбылаңды тең ететін айналаңдағы достарыңның басы бұзылмағаны қандай жақсы.