М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
TheAgentSquid
TheAgentSquid
03.01.2023 01:18 •  Қазақ тiлi

1. Негізгі кейіпкер. 1 сөз не сөз тіркесі 2. Тақырып
3. Кейіпкер (жасы, мінезі, сырт тұлғасы)
4. Оқиға орны
5. Бірінші оқиға (көтерілген бір мәселе)
6. Екінші оқиға (кейіпкерге не болды? Қоршаған орта ықпалы)
7. Үшінші оқиға (мәселені шешу үшін жасалған әрекеттер)
8. Шешімі

Тоқтарға ғарышқа ұшу туралы екі мәрте ұсыныс жасалды. Алғашқысында сүйікті ісін тастағысы келмегендіктен бас тартса, екінші жағдайда оның келісімін алмастан жарияланып кетіпті. Шымбұлақта демалып жүрген жерінде бір танысы телефон соғып: «Теледидарды қосшы, сен туралы айтып жатыр»,- дейді. Онда Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшуға дайындалып жатыр деп хабарлайды. Батыр жігіт өзінің сыртынан бұлай тон пішкенге күйіп-пісіп, «Менің жеке өміріме, тағдырыма қол сұққандары қалай?» деп тұрғанда, Президент Назарбаевтың қабылдауына таңертең келіңіз деген хабар алады.
Ертесіне Президентпен кездесуге барады. Барған бетте ғарышқа ұшудан бас тартатынын мәлімдейді. Сонда Нұрсұлтан Әбішұлы:
– Тоқтар, бауырым! – деп майда қоңыр даусымен сөз бастайды. – Мені дұрыс түсін. Бұл сен я мен үшін емес, қазақ халқы үшін керек. Байқоңырдан осынау отыз жылдың ішінде ғарышқа кімдер ұшпады? Ал сол жердің иесі – қазақтар «Біздің жерден біздің ғарышкер қашан шығады?» деп армандаумен келеді. Туған халқыңның арманын орындаудан неге бас тартпақсың? Сен барлық жағынан дайын тұрсың... Тіпті Кеңес Одағының Батырысың! – дейді.
Тоқтар осы сөзге тоқтайды. Елбасының қолдауымен 1991 жылғы 21 қаңтарда Тоқтар Әубәкіровтің кандидатурасы жедел түрде бекітіліп, бас-аяғы төрт айдың ішінде бүкіл дайындықтан сүрінбей өтіп, 1991 жылдың 2-10 қазаны аралығында қазақстандық бағдарлама бойынша ғарышқа жол тартты. 7 тәулік, 22 сағат, 12 минут, 40 секунд ғарыш кеңістігінде болған Тоқтар Әубәкіров тұңғыш қазақ ғарышкері атанды.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
1.Қазақтың мукалық аспаптары-ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа ауысын келе жатқан мәдени мұра. Ертеде аспаптарды ағаштан ойын, түрлі өсімдіктерден, малдың терісі мен сүйегінен, мүйізі мен қылынан жасаған. Музыка аспаптарын халлыққа хабар бергенде, аңды үркіткенде, ән-күлер орындағанда пайданып отырды. Қазақтың халық аспаптар оркестріне домбыра мен қобыздың алғашқы үлгілерін ұсынған профессор А.Жұбанов болды.2,  Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары дыбыс ерекшеліктеріне қарай төрт топқа бөлінеді 1. Үрмелі аспап- духовой инструмент 2. Ұрмалы аспап-ударный инструмент 3. Ыспалы аспап- смычковый инструмент 4.Ішекті аспап-струнный инструмент. .   Жетіген қазақ халқының өте ертеден келе жатқан жеті ішекті шертпелі музыкалық аспабы. Аспап ағаштан құралып жасалады. Оған он үш ішек байланып, арнайы тиектер қойылады. Аңыз бойынша “ЖЕТІГЕН” аспабы бір қарияның жеті баласынан айырылғандағы қасіретінен туған деседі. 3.   Қол өнері — кілемде,
Сөз өнері — өлеңде.
 
Ерінбеген етікші болады,
Ұялмаған өлеңші болады.
  
Қазаншының еркі өзінде,
Қайдан құлақ шығарса. 
 
Әншейінде ауыз жаппас,
Той дегенде өлең таппас.

Түйеге мінген қазақ,
Төрт ауыз өлең біледі.

Елшіге өлім жоқ,
Өлеңшіге өкім жоқ.

Сүйреңдеген қызыл тіл
Сүйгеніңнен айырар;
Иә жаубетін қайырар.                                                                                                                                                                                                                             3.   Кірме сөздер дегеніміз тілімізге басқа тілден енген сөздер. Бір тілден екінші тілге сөздердің ауысып тұруы барлық тілдерге тән құбылыс. Сөздік құрамына басқа тілден сөз енбеген тіл жоқ десе де болады.Өз тарихында қазақ халқы көптеген елдермен қарым – қатынас жасап, аралас – құралас болғаны мәлім. Соның нәтижесінде араб, парсы, монғол, орыс тілдерінен қазақ тіліне көптеген сөздер кірген. 

4.Өздік етіс
Қимылдың іс-әрекеттің орындаушысына, іс иесіне тікелей қатыстылығын білдіріп, әдетте сабақты етістіктерден -ын, -ін, -н жұрнағы жалғану арқылы жасалатын етістің түрі өздік етіс деп аталады. Мысалы: Таң атқанша тарандық (Махамбет)

Оқушылар ерте тұрып жуынды. Бала өзі киінді деген сөйлемдердегі тарану, жуыну, киіну қимылдары әрі белгі іс иесі (орындаушы) біз (тарандық), оқушылар (жуынды), бала (киінді) арқылы орындалып, әрі қимыл сол іс иесіне бағытталғанын білдіріп тұр.
4,6(59 оценок)
Ответ:
latypova04
latypova04
03.01.2023
            БИІК ШЫҢ, ШЫРША — ТАУЛАРДЫҢ КӨРКІ, БАЙЛЫҒЫ,ҰМЫТАР МҰНДА КЕЛГЕНДЕР МҰҢ МЕН ҚАЙҒЫНЫ.ДЕЛЕБЕҢ ҚОЗЫП ТҰРАСЫҢ ЕЛТІП БҰЛ ЖЕРДЕЖАРҚЫРАП ЖАТҚАН ШАҚЫРЫП МҰЗДЫҢ АЙДЫНЫ.(АҚҰШТАП БАҚТЫГЕРЕЕВА, «МЕДЕУ»)                                                                   Жалпы,мұз айдынға  «Медеу» деген атау қалай қойылды деген сауал туындайтыны анық.  Тарихшылардың сөзіне сенсек, мұз айдын орналасқан шатқалға қазаққа танымал Шапырашты Пусырман батырдың ұлы Медеудің есімі берілсе керек.  Медеу Пұсырманұлы өз заманында Верный уезіндегі кіші Алматы болысын басқарыпты. «Медеу» мұз айдыны теңіз деңгейінен  1691 метр биіктікте орналасқан. Талай тарихи сәттердің куәсі болған алып мұз айдында коньки, хоккей, мәнерлеп сырғанау бәсекелері өткізілген. Ал Азия ойындарында біз «Медеу» төрінен допты хоккей бәсекесін тамашалаймыз.  «Медеу» 1975 жылдан бастап коньки спортынан әлем чемпионаты, әлем кубогы, КСРО біріншілігі сынды ірі жарыстарды  қабылдай бастады. «Рекордтар ұстаханасы» саналатын  «Медеу» мұз айдынында 120 әлем рекорды тіркеліпті. Коньки спортының үздіктері Евгения Куликова, Эрик Хайден, Валерий Муратов және норвегиялық Стен Стенсеннің әлемдік рекордтары «Медеудің» еншісінде. Мұз айдында 200ден астам КСРО рекорды дүниеге келді. Сондай-ақ Норвегия,  Жапония, Германия. Польша елдерінің ұлттық рекордтары  тіркелді. Тіпті әлемге танымал «Давос», «Инцель» мұз айдындарында осыншама көлемде рекорд тіркелмепті. Халықаралық коньки федерациясының сексенінші жылдардағы бас хатшысы Георг Хеслердің бастамасымен  «Медеу»  әлемдегі үздік мұз айдындардың қатарына қосылды. Ал танымал француз архитекторы  Шаппи Лоранның өзі «Медеудің» құрылысына жоғары баға берді. Бүгінде «Медеудің» жаңа тынысы ашылып, күрделі жөндеу жұмысы жасалды.                    «Алғашында Кеңес елі «Медеуді» Қырғызстан елінде салуды жоспарлаған. Бірақ Дінмұхамед Қонаевтың араласуымен мұз айдын Алматыда салуға шешім шығарылды. Министрлер Кеңесі алғашында құрылыс жұмысына 1 миллион рубль қарастырған. Бірақ Қонаевтың араласуымен 14 миллион рубль бөлінді. Мұз айдынды салуға  3000 астам құрылысшы қатысты. «Медеудің» географиялық орналасуы, саф ауасы, самал желі ерекше. Қазақтың Байқоңырынан ғарышқа адамзаттың тұңғыш ұшуы сияқты «Медеуде» алғашқы әлемдік рекордтардың бірі тіркелді. Сондықтан, сан жылдар өтсе де «Медеу» адамзат тарихында мәңгі қалады»                                             
4,6(25 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ