М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
знания2345
знания2345
04.11.2021 19:52 •  Қазақ тiлi

Сабақтан түйген ойларыңды толықтырып, еліміздің бейбітшілік бесігі екендігін дәлелдейтін аргументті эссе жазыңдар. Сөз саны 150.

👇
Ответ:
YuliaG2000
YuliaG2000
04.11.2021

Қазақстан халқы бірлігін нығайту, қоғамды Мемлекет басшысының бейбітшілік пен келісім саясаты аясында шоғырландыру мақсатында орайластырылған мерекелік шаралар «Біздің күшіміз – бірлікте!» ұранымен өткізілетін болады. Әрбір қазақстандық елімізде болып жатқан оқиғаларға өзінің де қатысы бар екенін сезіну үшін мерекелік шараларға халықтың барлық әлеуметтік санатын тартатын бұқаралық сипатына мән беріледі. Әр қалада, әр ауданда, әр ауылда өтетін әрбір шара республикалық шаралар желісінің құрамдас бөлігі болуымен ерекшеленетін болады.

Бірлік пен ынтымақты ту еткен халықтың салтанатты мерекесі – елордамыз Астанада да ерекше мазмұнмен аталып өтпекші. Оның да үлкен себебі бар. Өйткені, Астана – мемлекет дамуының басты орталығы. Экономикалық, рухани, мәдени жетістіктерімен өзге өңірлерге үлгі қала, еркіндігіміз бен тәуелсіздігіміздің басты нышаны. Мұндай тарихи миссия бәрімізді жауапкершілікке жетелейді. Алдағы жылдағы мерекелік шараларымыз да еліміздің жетістіктерін насихаттап, бірлігімізді нығайтып, бәрімізді бір кісідей жұмылдыруға негізделеді.

Алдағы 6 ақпанда Бейбітшілік және келісім сарайында Ассамблея жылы ресми түрде ашылады. Мерейлі жылды насихаттайтын көрнекі құралдар мен кәдесый өнімдерін шығаруды да көздеп отырмыз. Жыл бойына қаланың оқу орындарында, мәдени ошақтарында бейбітшілік пен келісім сабақтары өткізіледі. Түрлі акциялар, фестивальдер мен концерттер, ұлттық ойындар са­йысы да жылдың маңызды уақи­ға­ларына айналмақшы. Оның ішінде «Менің Қазақстаным» эт­но­мәдени бірлестіктердің қалалық музыкалық фестивалі, «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» патриоттық кеші, «Туған елге тағзым» акциясы, «Мен достықты таңдаймын» атты флэшмобы, «Біздің ел осындай!», «Елім бір, тілегім бір, жүрегім бір» этнофестивальдері «Достық әнін шырқаймыз» оқушылар фестивалі, «Тілдарын-2015» қалалық байқауын айтуға болады. Сонымен қатар, «Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ…» атты этнос өкілдері арасында Абай шығармалары оқуынан байқау мен Қазақстан халқының тарихы мен салт-дәстүрін наси­хаттауға бағытталған «дөңгелек үстел» отырысын және «Қазақстан – достық аумағы» атты поэзия кешін өткізу жоспарда бар.

4,8(1 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
caros14
caros14
04.11.2021

Менің Отаным – Қазақстан. Мен Отанымды мақтан етемін, оны сүйемін! Туған жерім – аққайыңдар өлкесі, Солтүстік – Қазақстан! Ол – ел байлығы, қазынасы, кең байтақ Отанымның ірге тасы. Биылғы 28 ақпанда «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауы шықты. Біздің облыс оған аса көп көңіл бөлді.Сонымен, Қазақстан бүгін әлемнің ең екпінді дамып келе жатқан елдерінің бірі болып саналады, бұл да барша жұрт таныған ақиқат. Бірақ алдымызда жаңа мақсаттар тұр. Сондай биік белестің бірі – қазақстанның 50 елдің қатарына кіруі. Ол мақсатқа жету үшін ең алдымен, сіздер мен біз, әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті болуымыз керек! Биылғы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің дамуының негізгі бағыттары да белгіленді, жетістіктеріміз туралы да айтылды. Біз болашаққа сеніммен.

4,5(12 оценок)
Ответ:

Білім. Ғылым. Инновация.

Өз ойымды жеткізбес бұрын алдымен «Инновация деген не?» сұрағына жауап беріп көрейін. «Инновация» ағылшын тілінен аударғанда «жаңалық енгізу, жаңашылдық» деген ұғымды білдіреді.

Яғни, өз сөзімізбен айтсақ, білім беру саласындағы жаңашылдық.  Жалпы, бұрын болмаған жаңалық, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырудың жаңа әдісі деген мағынаны білдіреді.

Қазіргі таңда біздің елімізде білім саласында модульдік оқыту; блок-модульдік оқыту; компьютерлік технология; мультимедиа технологиясы; қашықтықтан оқыту технологиясы;  желілік технология; интернет технология; интерактивтік технология деп аталатын түрлерін білім берудегі инновациялық технологиялар тобына жатқызамыз.

Инновациялық технологияларды білім саласында қолдану оқу үрдісін тиімді етуге көмектеседі. Маған, әсіресе интерактивтік, интернет және мультимедиа технологиялары аса қатты ұнайды. Себебі бұлар заман талабына сай келеді деп есептеймін, әрі оқу процесі де қызықты өтіп, өз бетімізбен көп жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

Ал білім мен ғылым - ешқашан жойылмайтын инвестиция. Оған салған барлық қаржы он, тіпті жүз есе болып қайтады. Қазіргі дамыған заманда жастар білімді болуға тиіс, сонда ғана олар бәсекеге барынша қабілетті болып, өмірден оз орындарын таба алады.

4,8(30 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ