Тіл - адам қарым-қатынасының аса маңызды құралы. Сөзден күшті ешнәрсе жоқ, ал сол сөзді жеткізетін тіл. Тілдің тіршіліктегі мәніне қазақ ежелден ерекше көңіл бөлген. Ертедегі халық сөзге тоқтай білген. Шешілмей жатқан дау болса, сөзін тыңдата алатын сыйлы адамдарға жүгінген. Олар мәселені ұрыс-керіссіз бір ауыз сөзбен шешіп беретін болған. Сондықтан тілге шебер кісілер елді біріктіріп даудан құтқарып, ел алдында сыйлы болған, ал іші тыныш болған. Ал, үй-үйге өсек тасып, біреуді біреуге жамандап ұрыс-керіс тудыратын адамдар да бар, олардың тілімен жеткен қолайсыз сөздер жамандық тудырып отырады, баста жарылады, қадір құтта кетеді.
Берілген тыйым сөздерді қолданып диалог құру:
– Анашым!
– Тәйт,үйге жүгіріп кірме деп едім ғой саған!
– Неге үйге жүгеріп кіруге болмайды?
– Болмайды деген соң болмайды,балам!
– Жоқ,анашым.Маған осындай қазақ халқының тыйымдарын түсіндіріп беріңізші.Мен кішкентай емеспін ғой.
– Жарайды,онда табалдырыққа тұрмай үйге кір.
– Жақсы.
– Халқымыз тыйымдардың көбін үйге,үй тұрмысына байланысты шығарған.Ертеде ауылға адамның жүгіріп келуі жаман хабарды білдірген
– Ал сіз кейде мен кішкентай інімді байқаусызда жылатып алсам,"сәбиді ұрма,теппе!"дейсіз.Оның мағынасы неде?
– Халқымыз үшін сәби – болашақ,ең үлкен бақыт.Сол себепті,сәбиге,бесікке қатысты тыйымдар да баршылық.Ол дегеніміз сәбидің періштесін қағып,үркітіп аласың деген тыйым.
– Кірдің суын баспау ше?
– Су – адамзат үшін тіршілік көзі.Судың да қасиеті,киесі бар деп санаған.Сондықтан да кір су басу судың киесін таптаумен бірдей.
– Рахмет,анашым!Мен көп нәрсені түсіндім.
– Балам,саған айтарым бар.Ешқашан да өсекке жақын болса,өтірік айтпа.Ішімдікке әуес болма.Бұл адам бойындағы жаман қасиеттер.Сен олармен өз өміріңе балта шабасың,құлыным.
– Жарайды,анашым!Мен кеттім.