Менің бос уақытымда ойнайтын ойыным ол – теннис. Мен теннисті ұнатамын және кортта ойнаймын. Кейде көрші достарыммен де ойнаймын.
Теннис өте қызық ойын. Теннис денсаулыққа аса пайдалы ойын. Мұның себебі, ойында жүгіріп, секіресің және жылдам боласың. Сонымен қатар, қатты қозғаласың және далада ойнағандықтан шынығасың. Сондықтан бұл денсаулыққа аса пайдалы ойын саналады.
Жазғы демалысымда мен теннис ойнауға көп уақытымды бөліп, көп жаттықтым. Мен Зарина Диасты өте қатты ұнатамын. Оны әлемде ең жақсы көретін жанкүйер менмін деп ойлаймын. Мен жаттығуда достарыма Зарина Диасты білесің бе? Ол Қазақстаннан! деп айтамын. Олар Зарина Диасты танып Ооо! десе мен қатты қуанып кетемін.
Мен бос уақытым тенниспен өткені үшін қуанамын. Барлық алаларға интернетпен ойнамай спортпен шұғылдану керек. Мен болашақта тенниспен айналысып атақты спортшы болмауым мүмкін. Мен тенниске денсаулық және спорт үшін жаттығамын. Басқа балаларды спортпен айналысуға шақырамын.
Жаңа жыл - менің ең сүйікті мейрамым. Жаңа жыл мерекесін неге соншалықты жақсы көремін? Өйткені, барлығы қуанышты, бір-біріне сыйлықтар ұсынады. Бұл күнге арнап барлығы үйлеріне шырша алып, бірге оны безендіреді. Көше бойы жарқырап, мерекенің келуін сезе бастайсың. Кешке қарай аспан түрлі түсті салюттерге толады.
Жаңа жыл түні менің отбасым Президенттің құттықтауын есту үшін, телевизордың алдында жиналады. Президент құттықтау сөзін айтып жатқанда, мен өзімнің алдыма көптеген мақсаттар қоямын, ішімнен тілегімді тілеймін. Жаңа жылдың ең кереметі - ол менің отбасымның бірге жиналуы. Өтйкені менің отбасым мен үшін ең қымбатты.
1939 жылдың 1 қыркүйегінде фашистік Германия Польшаға шабуыл жасады. Кейін Англия жəне Франция бұл мемлекетке қарсы соғыс жариялаған соң, екінші дүниежүзілік соғыс басталды. Ал 1941 жылдың 22 маусымында фашист әскерлері Кеңес Одағына соғыс ашты. Оған әлемнің 72 мемлекеті қатысып, 62 миллион адам ажал құшты.
1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия КСРО-ға тиесілі Брест қамалына (Беларусь) шабуыл жасаған соң, Ұлы Отан соғысы басталды.
Ресейлік тарихшылардың мәліметіне сәйкес, 1941 жылы қамалды 7 000 сарбаз қорғаған. Оның 1 мыңға жуығы Қазақстаннан барған жауынгерлер.
Жау шабуылынан кейін аман қалған Брест қамалының қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Олардың қатарында 190 қазақстандық болды. Біразы Беларусь жерінде жерленген.
КСРО-да жүргізілген 1939 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда 6,2 миллион адам тұрған. Соғыс жылдары кеңес әскері қатарына 1 миллион 200 мың қазақстандық шақырылды. Оның 601 мыңы туған жерге оралған жоқ.
Қазақстаннан барған әскерлер майдан даласында ерлікпен шайқасты. 100 000-нан астам отандасымыз жауынгерлік ерліктері үшін медаль-ордендермен марапатталд