жайлау – жазғы қоныс. жайлауды суы мол, шөбі шүйгін, маса-сона, шыбын-шіркейі аз жерлерден таңдайды. қазақ елінің дәстүрлі жайлауы сарыарқа атырабы мен орманды, желді өлкелерде, қазақстанның солтүстік-батысында (мұғалжарда), солтүстік-шығысында (алтай, сауыр және тарбағатай өңірінде), оңтүстік-шығысында (жетісу алатауы, іле алатауы және тянь-шань тауының солтүстік атырабында), оңтүстігінде (қаратау өңірінде) болды. қазақстанның әр өңіріндегі жайлауды рулы ел, қала берді жеке ата ұрпақтары пайдаланған. халық қыстаудан көктеуге, көктеуден жайлауға, жайлаудан күзеуге көшіп отырды. жайлау мен қыстау малға тиімді, тіршілікке қолайлы, көшіп-қонуға ыңғайлы жерлерден таңдап алынды. мысалы, жетісу өлкесінде қыстау қаш көлінің оңтүстігіндегі құмды, қамысты аймақта орналасса, жайлаулардың көбі оның солтүстігіндегі таулы атырабында жатты. қазақстан жеріндегі жайлау мен қыстау арасының қашықтығы да әр түрлі болды. мысалы, көшпелі өмір сүрген адай – табын, шөмекей – шекті, бағаналы – руларының маңғыстау түбегінен мұғалжар тауларына, қызылқұмнан торғай даласына, шу өзенінің төмен алабынан ұлытау төңірегіне дейінгі көш жолдарының арақашықтығы 1000 км-ге дейін жететін. ал қазақстанның солтүстік бөлігіндегі жартылай көшпелі қауымның көш жолдары 10 – 20 км-ден 40 – 80 км-ге дейін болды. бұл төңіректегі жайлаулар құдықтар мен көлдердің айналасына орналасты. жетісудағы жайлаулар мен қыстаулардың арасы солтүстіктен оңтүстікке қарай 100 – 200 км-ге жететін. қазақстан жеріндегі жайлаулардың ға да, малға да ең қолайлысы – тау алаптары. солтүстіктегі жазық даладағы жайлауларда мал, негізінен, құдық суынан суарылатындықтан қол еңбегін көп қажет етеді. қазір де малшылар жазғы жайылымды жайлау ретінде пайдаланады, жайлауға көшеді. қой, түйе, сиыр жайлауға шығарылады
Мұқағали Мақатаев.
Мәртебесі биік ақиық ақын Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның шын аты — Мұхаметқали, бірақ ата-анасы пайғамбар атымен жүру ауыр тиеді деп сәби күнінен "Мұқағали" деп еркелеткен екен.
Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады. Жастайынан әдебиетке құштар болып, алғашқы өлеңдерін 14 – 15 жасынан бастап жаза бастайды. Ақынның тұңғыш өлеңдері “Қырман басында”, “Қойшы бала — Әкітай” ауданындағы 1949 жылы “Советтік шекара” газетінде жарияланды. Ал алғашқы жыр жинағы 33 жасында шыққан екен.
Аз ғұмыр кешкенімен бірнеше лирикалық жыр жинағы мен дастандарын жазған. Бүгінде лирик ақынның 1000 – нан астам өлеңі мен поэмасы қалды. Ал жыр аудармасы саласында Шекспирдің сонеттерін, Дантенің «Құдіретті комедиясын» қазақшалады.
Мұқағали поэзиясының қайнар көзі басты тақырыбы туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары болды. Осы айтылғанның бәрін Мұқағали тек өзіне ғана тән қайталанбас шеберлікпен, асқан поэтикалық үйлесіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, артынан келер ұрпаққа өлмес мұра ретінде қалдырған.