Мәтіннен сан есімдерді теріп жазып, құрамына қарай талдаңдар. 1-тапсырма
Уәлиханов Шоқан (Мұхамедханафия) Шыңғыс-
географ, фольклортанушы, этнограф, суретші. Ол
қазақтың ұлы ғалымы, шығыстанушы,
1835 жылы Қостанай маңындағы Құсмұрын бекіні-
сінде дүниеге келген. Арғы атасы қазақтың ұлы
ханы
оның
1847 жылы 12 жастағы Шоқан Сібірдегі ең таң-
Абылай. Шоқан
даулы оқу орындарының бірі Омбы қаласындағы
корпусын бітіргеннен кейін Батыс Сібір генерал-
Кадет корпусына оқуға түседі. Ол 1853 жылы Кадет
Іле Алатауына дейін келіп, Алакөл, Тарбағатайға саяхат жасайды.
губернаторымен бірге Семей, Аягөз, Қапал арқылы
Бұл сапарында қазақ, қырғыз ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен
этнографиясының материалдарын жинай жүреді. Осы материалдар
негізінде «Тәңірі (Құдай)», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы,
деген еңбектер жазады.
1856 жылы қырғыз елін зерттеп, Ыстықкөл аймағының карта
сын жасауға қатысады. Шоқан бұл сапарда қырғыз эпосы «Манас
пен» танысады, оның кейбір тарауларын жазып алады. Жырды тал
дап, орыс тіліне аударады. Сөйтіп, «Манастың» жекелеген тараулары
тұңғыш рет орыс тілінде жарияланады.
1858-1859 жылдары Шоқан өзінің қысқа ғұмырындағы ең бас
ты сапары Қашқар сапарында болады. Қашқария ол кезде Ресей
тарапынан зерттелмеген өлке болатын. Саудагер ретінде Қашқарға
құпия барған Шоқан өлкенің экономикалық,
саяси құрылымдарын зерттеп, оның тари-
хы мен этнографиясынан көптеген матер-
иалдар жинайды. Қашқар сапарынан кейін
«Алты шаһар», яғни «Қытайдың Нан-лу про-
шалық Ресейдегі әскери
винциясының шығыстағы алты қаласы» атты
оқу орны.
еңбегі жарық көреді.
Айтыс – халық мұрасы.
Әрбір халықтың өзіне тән салт – дәстүрлері, әдет – ғұрыптары, халық ауыз әдебиеті, мәдениеті, тәрбиелік ұстанымдары бар. Міне, осы асыл қазынамыз бізге ұрпақтан ұрпаққа сан ғасырлар бойы аманат ретінде ұласып, ұлттық болмысты жоғалтпай, өзгелерден ерекшелеп тұратын айна секілді. Бізде өз кезегімізде бұл құндылықтарды қастерлеп, келер ұрпаққа осы күйінде жеткізуіміз керек.
Ата дәстүрін ардақтау – қазақтың халық педагогикасының ұлттық ұжданы.
«Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, халық атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келесі ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелейді.
Қазақ халқының екі жүзге жуық салт – дәстүрі, сенім – ырымдары, ұлттық ойындары бар, олардың әрқайсысының тәрбиелік те, танымдық та маңызы зор. Осы ретте айтыстың алар орны ерекше.
Айтыс – қазақ халқының ертеден қалыптасқан жыр жарысының бір түрі. Айтысқа суырып салма ақындар мен көркем сөз шеберлері қатысады. Айтыста ел басқарып отырған басшылардың кемшіліктері, сондай – ақ өмірдегі келеңсіздіктер ашық айтылады. Айта кететін бір жайт, айтыс бүгінгі күнге дейін жетіп, тәрбиелік мәнін жоғалтпаған жыр жарысы. «Атамұра – асыл қазына» демекші, осындай ұлттық дәстүр, ғұрыптарымызды сақтап, қастерлеуіміз қажет.