Атам бата береді
немере:ата ата қалыңыз қалай?
ата:ой қалқам шүкір жақсы өзің?
немере:ата маған сіздің көмегіңіз керек
ата:айтағой құлыным
немере:маған үй жұмысына мұғалимам бата жаттап келуді сұрады. ал мен бір де бір бата білмейді екенмін.
ата:ой құлыншағым мен саған қазір-ақ уйретем.
қане қолыңды жай.
-"Шадияр болсын доcтасың, Мұхаммед болсын- қостасың. Қызыр болсын жолдасың, Лұқпан болсын кұрдасың. Сүрініп кеткен жеріңде, Жеті əулие жетелеп, Кереметімен қолдасын! Құдай жарылқасын, Бақ қарасын, Қыдыр дарысын. Айдан аман, Жылдан есен қылып,
Үйде,түздегі.
мал-жанды аман қылсын",-деп әрі немересіне бата беріп,әрі бата жаттатады.
Портрет. Мүсін. Бейне. Бейне – адамның келбеті, мінез-құлқы, сыртқы көрінісі. Адамның бағалануының шыңы „идеал” деп аталады. Әлемде идеал адам болмайды. Бірақ әркім өзіне идеал іздейді. Сүйген жары өз идеалым деп, ақын Әбділданы таңдады. Оның идеал адам екенін „Портреттер” поэмасынан анық көруге болады. Ақын Әбділда шынайы өмірде қандай адам?
Өмір. Өлім. Өмір бар жерде өлімнің де болатыны – заңдылық. Өлім жас талғамайды. Өмірден дүниеге жаңа келген шарана да, ержетіп келе жатқан жасөспірім де, қолына таяқ ұстап, еңкейген кәрі де өтеді. Әбділда қорғанышы – әкесінен, жол көрсетуші ағасынан ерте айырылды. Қос өлім ақынның сағын сындырды. Өмірге „қаталсың” деп сын айтқан ол өз әрекетінің дұрыс еместігін түсініп, отбасына қорған болу үшін күйзелістен шыға білді. Бұдан ақынның өмір сынағына төзе білетін қайтпас қайсар мінезін көруге болады. Қайсарлық – нағыз ер жігітке тән қасиет. Ендеше, ақын жас оқырманын қайсарлыққа тәрбиелеуді мақсат еткендей.