Мәтіндегі қарамен берілген сөйлемдерді теріп жазып, мағынасын ашыңдар.
Кітап, 146-бет.
Жаз шыға, бәріміз (әпкелерімді айтамын) Апам есіп берген жіпті алып, тоғайға отынға аттанатынбыз. Бір-бір арқа отын көтеріп, ең алда Апам, содан кейін құндыздай шулаған біздер күліп-ойнап келе жатар едік. Ол шақта қыстық шөпті де ала жаздай арқалап тасып, қораны маяға толтырып қоятынбыз. Қысқы соғым мен ұн ғана әке-шешеміздің мойнында... Шынымды айтсам, бізді, тіпті бізді ғана емес, ертеректе әкемізді, оның іні-қарындастарын асыраған Апамның теректен ойып жасаған келісі мен ескі астауы еді... Осы келі мен астау тіпті әкемнен де үлкен...
Қазір Апам жоқ! Қара жер қойнына алған. Былтыр мен кигізген атлас көйлекті ала кеткен жоқ, арулаған адамдар киіп жүр. Сексен жыл жолдас болған жыртық астау да қаңсып қалды, әне... Апам ала кеткен жоқ. Апам менің...
Апам менің... Сенен не қалды? Жарық астау ма? Иә, адам өмірі де сол жарық астау секілді қаңсып қалады екен-ау...
Теңге туралы диалог құрастыру.
Інісі: Әпке, сіз білесіз бе біз сыныбымызбен ұлттық мұражайда өтіп жатқан теңге көрмесіне барып, сол жерде қойылған ақшаларды тамашалап қайттық.
Әпкесі: Бәрекелді. Қандай әсерде болдың?
Інісі: Маған бұл серуен өте қатты ұнады, еліміздің тарихына бір сәт үңіліп, алғашқы теңгелердің қандай болғанын өз көзімізбен көріп қайттық.
Әпкесі: Сонда теңге жайлы не біліп қайттың?
Інісі: Қазақстан тәуелсіздігін алғанына 2 жыл толмай жатып, 1993 жылы 15 қараша күні теңгені ресми түрде ақша айналымына енгізген екен.
Әпкесі: Ия, 15 қараша ұлттық валюта күні ғой...
Інісі: Теңгенің ең алғашқы дизайны қалам, калька және тушь арқылы салынған екен,себебі әрлеушілердің қолында бұдан басқа ешқандай құрылғы болмаған.
Әпкесі: Бұл жайлы естімеппін, әйтеуір алғашқы теңгелер шетелде басылып шығарылғанын естіп едім, қай мемлекетте екенін ұмытып тұрмын...
Інісі: Теңгенің бірінші топтамасы Лондонда басылып шығарылыпты.
Әпкесі: Ия, енді есіме түсті. Осы басылып шыққан теңгені елге жеткізу үшін ұшақтармен 20-ға жуық әуе сапары жасалған екен.
Інісі: Алғашында теңгемен қатар тиын да айналымда болған екен, сол алғашқы қағаз тиындарды көріп қайттық. Маған бұл көрме естен кетпес әсер қалдырды.