8-тапсырма «Желаяқ» ойыны. Сынып топқа бөлінеді. Топ санына қарай «Астана Опера» туралы мәтін ілінеді. Топ мүшелері кезекпен
тақтадағы мәтіннің бір сөйлемін ішінен оқиды. Оқыған сөйлемін тобы-
на келіп жаздырады. Ойын осы ретпен мәтін аяқталғанша жалғасады.
Ойын соңында желаяқтар баяндаған мәтін мен тақтадағы түпнұсқа
мәтін салыстырылады. Мәтінді тез әрі дұрыс құраған топ жеңіске
жетеді.
Ұлағатты сөздер:
1) Кімде - кім халқынан алмаса тәлім,
Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.
Ж. Баласағұн.
Жалпы есімдер: халық, тәлім, мұғалім.
2) Тіл — жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт — жойылған жұрт.
Халел Досмұхамедұлы.
Жалпы есімдер: тіл, жұрт, жан.
3) Сөз сайыста жеңілген де бір – тілі кесілген де бір.
Тоқсары.
Жалпы есімдер: сөз, сайыс, тіл.
Сөйлемдер:
Халқының қамын ойлап өскен ұрпаққа не жетсін!
Мына әңгіменің берер тәлімі мол екен.
Мұғалімнің айтқан әр сөзі менің есімде еді.
Қандай тілдерді үйренгің келеді?
Жұрттың бәрі қазір Алмажанның үйінде.
Жаны кіршіксіз таза адам болды.
Екі сөздің басын қоса алмаған деген масқара ғой!
Бұл сайысқа шынығам деп қатыстым.
Тілінің көркемін қара!