М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
aleks201610
aleks201610
25.09.2020 12:20 •  Қазақ тiлi

2-тапсырма. Мәтінді оқы. Негізгі идеясын анықта. Бала енді асығып, өз шешесіне қарай жақындай беріп еді, Жұманның қатыны, «Қалиқа» деген бір жеңгесі:

Телғара! Айналайын Телғара! Соқталдай азамат боп кетіпсің-ау! - деп, мойынынан құшақтай алып, бетінен сүйді. ...
Содан кейін үлкен қатындар және осы топтағы үлкен еркектің, ағалардың да бір-екеуі сүйіп жатыр. Абайды шын балаға айналдырып жіберген — осы сүйістер еді.

Барлық үлкеннің құшағына амалсыз кезек-кезек кіріп болып, енді сытылып, шешесіне қарай баса берді. Абайдың өз шешесі - Ұлжан мен екінші шешесі, сұлу жүзді Айғыз қатар тұр екен.

Бала топтан шыға бергенде Айғыз күліп:

Пай, жаман қатындар сілекейлеп, баламыздың бетінен сүйер жер де қалдырмады- ау,- деп паңдана күлді де Абайды көзінен сүйді.
Кезек өз шешесіне келгенде ол сүйген жоқ. Қатты бір қысып, бауырына басып тұрды да маңдайынан иіскеді. Абайдың әкесіндегі тартымды салқындық шешесіне де көптен бері мінез болған. Бала осыдан арғыны күтпеуші еді. Бірақ бауырына басқанның өзінде де Абайдың жүрегін қатты-қатты соқтырған аса бір өзгеше жақындық білінді. Ана құшағы! Ұлжан көп ұстаған жоқ.

Әжеңе бар, әнеки! - деп үлкен үйдің алдына қарай бұрып жіберді.
Кәрі әжесі - Зере бәйбіше таяғына сүйеніп, ұрсып тұр екен.

Жаман неме, маған бұрын келмей, әкеңе кеттің-ау! Жаман неме! - дей беріп, қасына, құшағына немересі барғанда «жаман неменің» артынан лезде:
Қарашығым, қоңыр қозым... Абайжаным... - деп кемсеңдеп, жылауға айналып кетті.
Әжесі құшақтаған бойында үлкен үйге кірген Абай ымырт жабылғанша осында болды. Шешелері бұған біресе қымыз, біресе тоңазыған ет, біресе шай ұсынып тықпалай берсе де, баланың бойына ас батпады. Жөндеп ішкен де жоқ. Күні бойғы аштығы да ұмытылған сияқты.

Ас бере отырып, бойлары үйреніскен сайын шеше, жеңгелері баладан:

Елді сағындың ба, кімді сағындың?
Молда болдың ба?
Оқып болдың ба? — деген сияқтыларды қайта-қайта сұрады.
Абай өзге сұрақтарға жөнді жауап берген жоқ. Жалғыз-ақ: «Кімді сағындың?» дегенде:

Оспан қайда? Ол қайда жүр? - деп, өзінің кіші інісі тентек Оспанды бірнеше рет сұрап еді.
Ұлжан басында ол сұрауын елеусіз қалдырып, артынан тағы бір айналғанда:

Е, жүр дағы жынды неме. Бүгін осында маза бермеген соң әжең екеуіміз қуып шыққамыз, - деп әжесіне нұсқады.
Әжесі өзіне байланысты бір нәрсеге ишара қып отырғанды көріп:

Не дейді? Не деп жатырсыңдар, естімедім, - деп еді, Абай Оспан жайын айтып кеп, қатты сөйлеп:
Әже-ау, былтыр мұндай емес ең. Құлағыңа не болған, неге естімейсің - деді. Көптің ортасында отырса да, еріксіз жапа-жалғыз боп оқшауланып қалған әжесіне жаны ашып, құшақтап алдына жақтайды.
Әжесі түсінді де аз ғана босаңсып:

Балам-ай, әжеңде кеуде болмаса, не сымбат қалды? - деп, өзінің дағдылы мұңшыңына қарай беттеп еді, баласы қимады.
Жазыла ма өзі? Емдесе қайтеді? - деді.
Үй іші де, әжесі де құр күліп қана қойды.​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
alensolowiewa
alensolowiewa
25.09.2020

1.Айнұр кішкентай кезінен бері мысықпен ойнағанды ұнатады. Жалғау: мысық-пен(Көмектес септігінің жалғауы)

2.Сатушы аш тышқанға ірімшік берді. Барыс септігінің жалғауы тышқан-ға

3.Қу тышқандар қоймаға кіріп те үлгеріпті. Көптік жалғау тышқан-дар

4.Қазақстанда далалық зонада қандай жануар мекен етеді? Далалық зат есім тудыратын жұрнақ.

5.Осы жазда Қамысты жинап үлгермедік.Табыс септігінің жалғауы

6.Тығылу мысыққа тән қасиет.Тығыл-у тұйық етіс жұрнағы. Мысық-қа барыс септігінің жалғауы

7.Ол бұрында адасыпты.Адасып-ты Өткен шақтың жұрнағы.Етістік

8.Қалу керек болып тұр.Қал-у тұйық етістің жұрнағы

Объяснение:

Қаш ол мағынасы жоқ.

4,4(17 оценок)
Ответ:

Менің анам – жер бетіндегі ең аяулы жан. Мен оны шексіз жақсы көремін. Оны белгілі бір нәрсе үшін жақсы көремін деп айта алмаймын. Оған бар болғаны менің өмірімде бар болғаны үшін алғыс айтамын. Мен оны мақтан тұтамын. Одан асқан маған жақын жан жоқ. Ол өте сұлу. Оның сылдырлаған күлкісі мен қоңыр көздерін жақсы көремін. Аялы алақанындағы жылуын сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Менің анам өте мейірімді. Ол барлық адаммен тіл табыса алады. Қиын-қыстау кезеңде алақанымен аялап, қолдау көрсете біледі. Анам шыр етіп осы дүниеге келген сәттен бағып-қағып келеді. Анама маған осы күнге дейін жасағандарының барлығы үшін алғыс айтамын. Өзім де оған көмек қолын созып отыруға тырысамын. Әдетте үй ішін жинап, ауыр сөмкелерді көтерісуге көмектесемін.

4,6(84 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ