8 наурызға Анама тілек
Менің өмірімдегі ең асыл жан, аяулы да сүйікті қамқоршым, сезімімнің жыр ағысы, маған жарық дүние сыйлаған Асыл Анам, Сізді шуақты көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұл-қызыңыздың қызығын көріп, аман-сау ортамызда жүре беріңіз. Бақытты отбасыңыздың берекесі мәңгілік болсын.Қашанда жаныңызға жақсылық нәсіп болғай. Өмір жасыңыз ұзақ болғай! Сізді сүйемін.
Бесік жырың ғұмырымды күй қылған,
Есіл нұрың ойыма ақыл құйдырған.
Асыл ана, құтты болсын мерекең,
Құшағына күллі әлемді сыйдырған.
Мұрат Мөңкеұлы отаршылдық заманында қазақ жұртының қаналып, әбден қажыған сәтінде елдің жарасын жамап, қарапайым халықты өлең-жырларымен рухтандырып отырған. Ел тәуелсіздігін аңсап, халықтың бүгіні мен кешегі күндерін салыстыра жырлаған. Халықты бірлікке шақырып, ел үшін күресуді талап еткен. Қазақ батырларын қолға қару алып, жаудың бетін қайтаруға әрдайым өткір ұрандар тастаған. Түрлі саяси науқандардың тұсында зар заман ағымына әр қилы толғаулар айтады. Мұрат ақының «Үш қиян» шығармасында халықтың қара шаңырағы шайқалып, босағасы тари түскендігі қара өлеңде айқара көрсетіліп баяндалған. Адам пиғылының төмендеп, заманның азғандығын ашына сөз етеді. Өлеңдерінде жүректе қалған мұңның тап қазір болып жатқан сықылды етіп, жұртты тебірентпей қоймаған. Көшпенді мемлекеттің жазда жайлаудан, қыста қыстаудан айырылып, тығырыққа тірелгендігін, тұрмыс жағдайының күрт нашарлап, өмірге көлденең соққан жел ата-бабадан келе жатқан асыл мұраның бытшыты шыққанын жазған.