Шығарма
Қысқы тіршілік.
Аппақ қармен қыс та келіп жетті.Айнала бейне бір ақ тоңға оранғандай.Таңертең қардың ұлпа-ұлпа боп жаууы - ең керемет сәттердің бірі.Бірақ қолына күрегін алып қарды әрі-бері ашып жүргендер де жетерлік.Қар ашылған соң,отын жинау керек.Ағаштарды үсті-үстіне қойып жарып,үйге асыға тасуға тура келеді.Себебі,сары аяз тоңдыртпай қоймайды.Кейін көмірді пешке сатыр-сұтыр етіп салып үйді жылытасың.
Қорадағы екі-үш мал да өз азығын күтіп тұрады.Осы кезде оларға шөп салып,суарасың.
Кешке барлық отбасы мүшелері жиналып,ыстық шаймен бойларын жылытады.Осындай қызба тіршілігімен қыс қызықты еді.
Күрделі сөздер: таңертең,ұлпа-ұлпа,әрі-бері, үсті-үстіне, сатыр-сұтыр,екі-үш,отбасы.
Тəуелдеу
Менің немерем
Сенің немерең
Сіздің немереңіз
Оның немересі
Біздің немереміз
Сендердің немерелерің
Сіздердің немерелеріңіз
Олардың немересі
Септеу
Атау:Немере
Ілік:Немеренің
Барыс:Немереге
Табыс:Немерені
Жатыс:Немереде
Шығыс:Немереден
Көмектес:Немеремен
Жіктеу
Мен немеремін
Сен немересің
Сіз немересіз
Ол немере
Біз немереміз
Сендер немересіңдер
Сіздер немересіздер
Олар немерелер