М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
asylbekova1898
asylbekova1898
13.08.2022 21:58 •  Қазақ тiлi

IPhone 6 смартфонын құлтемірлер құрастырады Apple өнімдерін құрастыратын «Foxconn Technology» компаниясы жұмысшы
адамдарды құлтемірлерге ауыстыруды бастады. Нақтырақ айтсақ, iPhone 6 смартфондары
жиналатын конвейерлер толық құлтемірлер арқылы басқарылатын болады, - деп
хабарлайды «mashable.com» сайты. Қазіргі кезде «Фоксбот» (Foxbot) деп аталатын арнайы
жабдықталған автоматты құрылғылар тәжірибе жүзінде тексеруден өтіп жатыр. Алдағы
уақытта «Foxconn» зауыттарының бірі осы құлтемір аппаратымен жұмыс жасайтын
болады. Ал Apple компаниясының мобильді құрылғылары жансыз темір аппараттар жасап
шығарған алғашқы өнім болмақ. Бұл ақпаратты «Foxconn» компаниясының атқарушы
директоры Терри Гоу акционерлердің жиналысында хабарлады. Гоудің жасаған
хабарламасына орай, iPhone сериядағы жаңа смартфондарды құрастыратын компания 10
000 «Фоксботты» іске қоспақшы екен. 20 000-нан 25 000 АҚШ доллары шамасында
тұратын әрбір темір жұмысшы компанияға қаржының біршама үнемдеуін алып келеді.
«Apple Insider» ақпаратына сенсек, бүгінде, Қытайда орналасқан «Foxconn»
компаниясында 1 миллион адам еңбек етеді екен.
Жалпы бұл жоспар «Foxconn» компаниясында 2011 жылы басталған болатын. Сол
кездегі жоспар 10 000 темір аппарат болған. Ал 2014 жылға дейін олардың саны 1
миллионға жетуге тиіс болған. Дегенмен, құлтемірдің бағдарламасын жасау біраз қиындық
тудырып, жасалған жоспар уақытынан кешіктірілген болатын. 2014 жылдың наурыз
айында Apple iPhone смартфондарының қуат жинақтағышын толық автоматты түрге өткізу
туралы ақпарат жарияланған болатын. Оған түрткі болған басты себеп смартфонның
құрастырылуы кезінде адам еңбегін көп қажет етуі еді. Дегенмен, бар еңбек құлтемірдің
есесіне жазылмасы анық. Қалай дегенмен де, құрастырудың бастапқы кезеңде «Foxconn»
компаниясы адам еңбегінсіз белгіленген нәтижеге жете алмайды. Сондықтан компания
басшылығы тағы 100 000 адамды жұмысқа алуды көздеп отыр. Себебі біз алдында
хабарлағандай, iPhone 6 смартфондарының ең көп мөлшердегі сандық көрсеткішін жоспар
бойынша өз уақытында жасап үлгеру мүмкін болмай қалады. Бұл жыл Apple жаңа
смартфонның екі түрлі нұсқасын шығаруды жоспарлап отыр. Қытайлық жабдықтаушылар
құрастыруды осы тамыз айынан бастауға дайын.
2. Мәтін бойынша негізгі ойды білдіретін ақпараттарды іріктей отырып, кесте, сызба
түрінде құрастырыңыз.

👇
Ответ:
akirienko2003
akirienko2003
13.08.2022

Объяснение:

Не понял но

4,6(94 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
olgasuponeva
olgasuponeva
13.08.2022

Алматы - әсем қала

Менің онымен таныстығым анашымның айтқан әңгімелерінен басталған шығар. Бұрын Шымкент қаласында тұрған анам ыстық ауа райына үйреніп қалған болатын. Ал Алматының Шымкентке қарағанда суық екені рас. Алайда ол тамыз айындағы Алматының ауа райын көріп, қатты таңқалған. Сол сәтте бұл қаланың өзіне бірден ұнайтынын түсінген. Бұл қала оны әсем табиғатымен, биік тауларымен, гүлдерінің жұпар иісімен таңқалдырған. Ал мен Алматыны басқа қырынан көрдім десем де болады. Себебі, бұл менің туған қалам. Оны ешбір мекенмен салыстыра алмаймын.

Мен туған қаламды жақсы көремін. Бұл жерде көптеген көркем жерлер мен түрлі ескерткіштер, мұражайлар бар. Қаланың ең көркем жерлерінің бірі – Хамит Ерғали жағалауы. Ол Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жанынан ағып өтеді. Оның жанында кішкене балаларға арналған ойын алаңдары бар.

Ал Көк-Төбенің әсем табиғатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Оның биік нүктесінен Алматыны алақандағыдай көруге болады. Мұнымен қатар, Алматы қаласында “Мен қаламды шексіз сүйемін” атты жазуы бар автобустар жүреді.

Ауылға барып келген сайын қаламдағы өзгерістерді көріп қуанып қаламын. Күн сайын жаңа ғимараттар мен үйлер салынып жатады. Түрлі-түсті гүлдер көздің жауын алады.Мен бұл қаланы ерекше жақсы көремін.

Объяснение:

если не правильно сор

4,6(81 оценок)
Ответ:
5676116788
5676116788
13.08.2022

Әркімнің өз отаны, туылған жері бар.Біреулердіңкі Шымкент, біреулердіңкі Нұр-Сұлтан.Ал менің туған жерім Жезқазған.Мен өзімнің туған жерімді жақсы көремін.Ал енді өзімнің туып өскен жерім туралы айта кетсем:

Жезқазған қаласы - Қазақстандағы қала, Қарағанды облысы.

Қала 1954 жылы құрылды. Қала аумағы 1,8 мың шаршы километрге тең.[2]

Қала халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 97,3 мың адамды құрады.

Қалалық әкімшілікте 3 ауылдық округ, 18 ауылдық елді мекен бар.

Есептілік деректер бойынша 2007 жылдың басына қалада тұратын халық санының

60,0%-ы қазақтар

27,8%-ы орыстар

1,4%-ы немістер

1,3%-ы татарлар

4,1%-ы украиндер

0,9%-ы белорустар

4,5%-ы басқа ұлт өкілдері.

Ал тарихын айта кетсем:

Жезқазған - еліміздің мысты қазынасы. Қала тарихы комбинаттың тарихымен тікелей байланысты. Осыдан не бәрі елу жыл бұрын ғана кішкене кент - Жезқазғанның алғашқы тұрғындары құрылысшылар мен кеншілер болды.

Байырғы қазақ жері өзінің жер асты байлығымен белгілі болған. Жезқазған мысты кен орны адамзатқа 3000 жыл бұрын белгілі болған. Бұған куә көптеген ашық жұмыстар кесіндері, балқыту пештері, жыныстар мен кен үйінділері. Бұрынғы кен қазушылар жер қойнауынан 2 миллион тоннадан аса жоғары сапалы мыс кенін шығарған. Уақыт өткен сайын мұндай өндірулер азайған. Сонау жылдардан халықтың жадында сақталып, бүгінге жеткені жергілікті жер атауы – Жезқазған.

Міне менің қалам керемет қалалардың бірі.Табиғаты да, тарихы да керемет, бір ойласан терең ойланасын.Менің туылған жерім, және мен оны қатты жақсы көремін!

4,6(65 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ