М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Sunshinesun88
Sunshinesun88
25.08.2021 00:26 •  Қазақ тiлi

Маған жедел түрде көмектесіңізші.​


Маған жедел түрде көмектесіңізші.​

👇
Ответ:
vlgonotrada
vlgonotrada
25.08.2021

9.

• Қызғалдақтың алты түрі де алғаш осы қорықта пайда болған.

1) Қызғалдақтың алты түрі алғаш қайда пайда болған?

2) Қызғалдақтың неше түрі алғаш осы қорықта пайда болған?

3) Ненің алты түрі алғаш осы қорықта пайда болған?

• Грейг қызғалдағын Ақсу-Жабағылыдан Голландияға апарған.

1) Грейг қызғалдағын Ақсу-Жабағылыдан қайда апарған?

2) Грейг қызғалдағын қайдан Голландияға апарған?

3) Нені Ақсу-Жабағылыдан Голландияға апарған?

• Грейг қызғалдағы 1877 жылы Голландияда жоғары бағаланған.

1) Грейг қызғалдағы 1877 жылы Голландияда қалай бағаланған?

2) Грейг қызғалдағы 1877 жылы қайда жоғары бағаланған?

3) Грейг қызғалдағы қашан Голландияда жоғары бағаланған?

4) Не 1877 жылы Голландияда жоғары бағаланған?

• Содан бері әлемге біздің қызғалдақтың 200-ден астам түрі тараған.

1) Содан бері әлемге біздің қызғалдақтың қаншадан астам түрі тараған?

2)Содан бері әлемге ненің 200-ден астам түрі тараған?

3)Содан бері қайда біздің қызғалдақтың 200-ден астам түрі тараған?

4) Қашан әлемге біздің қызғалдақтың 200-ден астам түрі тараған?

10.

Ақсу-Жабағылыда жазық[тар], биік шың[дар], жар тас[тар], тау[лар] бар.

Өзен[дер] мен сарқырама[лар] бар.

Көгілдір биік тау[лар] аспан[мен] таласады.

Теңіз деңгейі[нен] 3000 м биіктік[те] орналасқан тастар[да] сурет салынған. Тастарда жануар[лар], аң аулаған ежелгі адам[дар] бейнеленген.

Объяснение:

99,99%

4,6(57 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
veronikamihailova37
veronikamihailova37
25.08.2021
                                     Көз дәрігері
     Менің әжем кәрі адам.Оның көздері нашар көретін еді.Бір күні әкем мен анам әжемді көз дәрігеріне көрстпекші болды.Дәрігер алдына барған соң әжем өз халін былай деп сипаттады:
  - Балам, осы күндері көзім нашарлап жүр, я алыстан көрмеймін, я болмаса жақыннан көрмеймін -деп әжем өз жағдайын баяндады.
   Оны естіген көз дәрігері әжеме дереу тақтада ілулі тұрған көптеген әріптер жиынтығын көрсетіп "Кестеге қараңыз да , мен көрсеткен әріптерді атаңыз деді".Әжем әріптерді көргенінше атап айтты.
4,5(81 оценок)
Ответ:
qwdv
qwdv
25.08.2021

Көкшетау

…Көкшетау сексен көлдің саясында,

Әрқайсы алтын кесе аясында.

Ауасы дертке дауа жұпар иісін

Көкірек қанша жұтсаң тоясын ба?!

Көз алдына көк мұнар жамылған, ақ жауыны себелеген, айна көлдерінің ақ толқындары, етегін ерке көлі шайған Көкшетау қаласы келеді. Біз тұрып, тірлік кешіп келе жатқан Көкшетау осындай талай жұрттың арманына айналған қала! Көкшетау көлемі 420 шаршы шақырым, 150 мыңнан астам халқы бар шағын қала. «Еліміздегі көл жағалай орналасқан бірден бір қала» деген ерекшелігі тағы бар. Қаланы қақ жарып, сылдырап аққан Қылшақты да қызығы таусылмас өзен. Көп жұрт қырып тастамаса да қармақ салып, шабақ аулап,үлкендер тұмшалаған ауыр ойдан айығып, балалар күміс қанат шағаларға жем лақтырып, мәз-мәйрам болысады. Іргесіндегі Бұқпа тауы әрі көрік, әрі ық. Тұрғындардың тауға өрмелеп, шаңғы теуіп, серуен құруына қолайлы. Қора-қопсысыз, мал ұстап, шөп шауып, көң тасымайтын, қимыл-қозғалысы аз қалалықтардың бой жазып, ой сергітуіне таптырмайтын орын. «Ауасы дертке дауа», шуы аз, көшелерінде көлік кептелісі жоқ, демалыс орындары іргеден басталатын курортты қаладан ірі қалаға бара қалсаңыз басыңыз айналып, миыңыз зеңитіні бар. Көкшетаудың көп тұрғыны басқа шаһарға бара қалса, қайтып өз қаласымен қауышқанша асығады.

Көкшетау өңірінің тарихына Сәкен Сейфуллиннің “Көкшетау”, Мағжан Жұмабаевтың “Батыр Баян” поэмалары, Сәбит Мұқанов, Жұмағали Саин, Жақан Сыздықов, Еркеш Ибраһим, Сәкен Жүнісов, т.б. ақын-жазушылардың шығармалары, Манаш Қозыбаев, Жанұзақ Қасымбаев, т.б. тарихшы-ғалымдардың зерттеулері арналған.

4,4(32 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ