М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
19zm19zm
19zm19zm
28.07.2022 23:38 •  Қазақ тiлi

38. Тірек сөздерді пайдаланып, 《Туған елім- мақтанышым》тақырыбына әңгіме құрап жаз.

👇
Ответ:
Bbbbkoo
Bbbbkoo
28.07.2022

Туған елім - мақтанышым

Менің туған елім, Қазақстан. Бiздiң жеріміз тәуелсіз, кең-байтақ. Мен Қазақстанда туып өскенімді мақтан тұтамын. Қазақстанның алтын дәнді даласы Ақордадай қаласы, әсем жерлері бар. Қазақстан - біздің сүйікті атамекеніміз. Отаным менің Қазақстан. Еліміз әлемге танылған мемлекет болды. Қазақстанның табиғаты тамаша. Қазақстан тәуелсіз ел. Ол 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін жариялады. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік - биік асқар тау, мөп - мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар өмір сүреді. Сол жерде біздің ата бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.

4,7(30 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
anastasia1292
anastasia1292
28.07.2022

Желтоқсан алаңындағы жыр

Ұжданымды ұлтан етпек табанға,

Қарғыс айтып қан соқталы зауалға.

Айналып жүр қазақтың кең аспанын,

Ұлы ерліктің сыймас жыры қағазға.

Ей, намыстың найзағайдай ұлдары,

Қызыл тілін қылыш еткен қыздары!

Қанды тарих қалшиып тұр мәңгіге,

Жанарында - Желтоқсанның ызғары.

Не көрдің сен қара жұлдыз, қара аспан,

Қан жұттың ба сен де қайсар қазақтан.

Өрімдей қыз өлмес ерлік жыры боп,

Саған қарай рухы ұшып баратқан.

Жер бетінде жеңіс алған белестер -

Есіл бабам ерлік қылған егестер…

Желтоқсанда қайта шауып басына,

Буырқанған бабам қаны емес пе ол!

Оу, мені кім дейсің?!

Қарсы алдымда хас жауымның қаңқасы,

Қос қолымда Қобыландының балтасы.

Азығыма ақ анамның малтасы,

Азуымда найза таудың жаңқасы.

Қонысыма көз қызартқан қалмақтың,

Қанжығама басын берді қаншасы.

Тұлпарының тұяғымен сызылған,

Қазақтың бай даласының картасы.

Ей, ұлы Алаң, лаңды Алаң!

Өзен шайып, өте алмайтын қанды Алаң.

Қара жерден шөлі қанған сенсің-ау,

Қан мен жасқа әлі шөлі қанбаған.

Сұрап алып сұрқы кеткен айдан нұр,

Азаттыққа арпалысқан майдан бұл.

Құрмет саған, Желтоқсандық боздақтар,

Өшпейтін жыр бұл- алаңға ойған жыр!

Солмайтын гүл, бұл алаңға қойған гүл,

Солмайтын гүл ойсыздарды ойландыр.

Орысшалап қала қызы қарқылдап,

Бір-біріне қар лақтырып ойнап жүр…

Кім бар енді тағдырына үңілер,

Босамаған болат жүрек, сірі қол.

Жалғыз өзі жаттап жүр ме ішінен,

Тас түрменің жазып болып жырын ол?

Қатал уақыт заулап бара жатыр-ау,

Әділетті әлі іздеп жүр тірілер.

О, желтоқсан аждаһамен алысқан,

Соған жаны жігеріңді жанытсаң.

Қайраттардың рухын айт алдымен,

Жер бетінде қай қазаққа жолықсаң.

Жасыл шарда қазақ деген атыммен,

Қанаттасып ұшып барам ғасырмен.

Желтоқсанда жауап бергем жаһанға,

Бодандыққа бағынбайтын басыммен!

Ұларбек Нұрғалымұлы

4,6(28 оценок)
Ответ:
123890Cookie123890
123890Cookie123890
28.07.2022

ТЕАТР ЖАЙЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ МӘЛІМЕТТЕР

2011 жылы шілде айында Лондон театрында кешкісін «Бесік жыры» деп аталатын өзгелерден ерекше қойылым болған. "Қойылым несімен ерекше" дейсіз ғой? Онда кресло орындықтарын бір адамдық, екі, тіпті үш адамдық кереует қылып жасап,  үстіне көрермендерді жатқызған екен. Олардың басты мақсаты -  көрерменді жайлы жайғастырып алып, тыныш ұйқыға батыру.

Константин Анисимов  - Ленин комсомолы атындағы Ленинград театры труппасының актеры, әрі  «Зенит» футбол клубының ішкі ойындарының дикторы. Кейде ойын мен қойылым бір-бірімен тұспа-тұс келіп қалған кездерде ол түрлі қулықтарды  қолданатын болды. Мысалы «Гамлет» спектаклінде Лаэрта ролін  сомдамақ болғанда, ол тек бірінші және үшінші акт кезінде ғана сахнаға шығады екен. Осы уақыт аралығында ол футбол алаңына барып, тіпті ойынды жүргізіп келіп  үлгерген.

Ежелгі римдік тұрғындар қанды оқиғаларға толы дүниені көргенді ұнатқан. Олар мұндай көріністерді тек гладиаторлар жекпе-жегінен ғана емес, кәдімгі тетарлық қойылымдардан да тамашалайтын болған. Егер актер сценарий желісі бойынша, сахнада өлуге тиіс болса, онда оған сол жерде өлтіруге үкім шығарылып, сахнада, көрермендердің көзінше өлтірген.

Бізге белгілі, бұрынғы кезде театрдағы барлық ролдерді тек ер адамдар ғана ойнаған, заң соны талап еткен. Шекспирдің заманында қойылым тоқтап қалса, «Королева Елизавета қырынып үлгере алмай жатыр» - дейді екен.

Иония жерінде бір ерекше театр болған. Ол несімен  ерекше? Ол театрда бір қолдың сарбаздарын бөлек бір арнайы қатарға отырғызатын көрінеді. Ал олардың алдындағы қатарда тақыр басты құлдар отырады. Қойылым кезіне шапалақ ретінде артта отырған сарбаздар құлдардың тақыр бастарынын ұрып, құрмет көрсетеді екен.

Атақты әртіс Татьяна Пельтцер өмірінің соңғы жылдарында жаттаған сөзін үнемі ұмытып қала берген көрінеді. Ол Ленкомның «Қызыл шалғындағы көк аттар» спектаклінде Клара Цеткинның ролін ойнап жатып айтуға тиіс сөздерін ұмытып қалады да : «О, Құдайым-ай, ештеңе есімде емес» - дейді. Сол кезде Ленинннің ролін сомдап жатқан Олег Янковский тосылмастан: «Клара, сіз мүмкін пролетариат қосылуы керек деп айтқыңыз келген болар» - дейді.  «Иә, соны айтқым келген» - дейді Пельтцер. Содан кейін, Татьянаның есіне енді қалғандары да түсе қоймас деген оймен Олег барлық диологты өзі айтып  шығады.

Римдік драматург Ливий Андроник үнемі өзі жазған тргедияларында өзі басты ролді иемденеді. Бір күні ол өз даусын жоғалтып алып,  кезекті қойылымында сырттан айтып тұратын бір адамды тағайындап қояды екен де, өзі аузын жыбырлатып қана тұрады. Бұл жағдай тарихта фонограмманы ең алғаш қолдану болып қалды.

4,5(16 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ