"Білім беру саласындағы инновация" тақырыбында диалог:
– Сәлеметсіздер ме,екінші курс студенттері!
– Сәлеметсіз бе,Айжан Қуанышқызы!
– Бүгінгі лекцияның тақырыбы "Білім беру саласындағы инновация".Жалпы "инновация" деген не?Естулеріңіз бар ма?
– «Инновация» ағылшын тілінен аударғанда «жаңалық енгізу, жаңашылдық» деген ұғымды білдіретінін білемін.
– Дұрыс.Сізді толықтыра кетсем,басты мәні бұрын болмаған жаңалық, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырудың жаңа әдісі деген түсініктеменің жиынтығы.Осыдан біз білім беру саласында қандай жаңалықтар бар деген сауалға тоқталамыз.Мысалы,қазіргі таңда мектептерде бұрыңғыдай күнделік не мұғалімдер үнемі толтыратын журналдардың орнын басу жүзеге асып жатыр.Яғни,оқушылар үйге не берілгенін,белгілі бір пәннен қандай бағасы бар соның бәрін ғаламтор арқылы біле алады.
– Айжан Қуанышқызы, сөзіңізді бөлгенім үшін кешірім сұраймын.Сонда осындай инновациялардың білім беру саласына қандай пайдасы бар?
– Орынды сұрақ.Жаңашылдық білім беру саласының алдында тұрған жаңа міндеттерді сәтті орындаудың негізгі шарттарының бірі болып саналады. Олар оқу-тәрбие жұмыстарының тиімділігі мен өнімділігін арттыруға септігін тигізеді.Жақсы,лекциямызды әрмен қарай жалғастырамыз.
Қазақстан Республикасы бұрыңғы кеңес үкіметі тұсында сыртқы саудаға қатыса алмады. Ал қазір өзінің егемендігін алғаннан кейін ол сыртқы саудадағы ролін арттыруға мақсат етіп, оны жан-жақты қамтып отыр. Қазіргі Қазақстан Республикасының экономикасы халықаралық саудада ең елеулі орынды алып отыр. Қазақстан ендігі халықаралық сауданы дамыту жолында. Қазақстан Республикасында халықаралық сауданың дамуы ежелден келе жатыр. Оны Жібек жолы бойындағы сауда жолдарының қызметінен көруге болады. Міне сол уақыттан бері Қазақстандағы халықаралық саудада болып жаткан өзгерістерді анық көруге болады, яғни ол кезде Қазақстан Республикасы аз ғана елдермен сауда қатынасына түскен болса, қазіргі кезде Қазақстан Республикасы 120 елмен халықаралық сауда қатынастарына түсуде.