М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Floki23
Floki23
17.02.2022 05:09 •  Қазақ тiлi

Составить сочинение на тему абай кунанб.

👇
Ответ:
1Тамблер1
1Тамблер1
17.02.2022
Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы классик ақыны, ағартушы демократы, ұлтымыздың рухани мақтанышы. Абай өз ауылында арабша хат танығаннан кейін, он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесінде 3 жыл оқиды. Оқуға зерек, ұғымтал Абай діни сабақтармен қоса өз бетінше араб, парсы тілдерін үйреніп, шығыс классиктері: Низами, Сағди, Хафиз, Науан, Физули еңбектерімен танысып, тағылым алады.
Абай ақыл-ой санасы толысқан шағында ел билеу ісінен аулақтанып, ақындық өнер жолына түседі. Өз бетінше шығыс, батыс, орыс елдері ақындарының, ойшыл оқымыстыларының еңбектерін оқып, білімін толықтырады. 1870 жылдарда Петербургтен айдалып келген революционер Михаэлиспен танысып, дос болады. Михаэлис Петербург университетінің студенті, Чернышевскийдің жолын қуушы, демократ-революционер еді. Михаэлис арқылы Абай айдаудағы орыс демократтары: доктор Долгополовпен, табиғат зерттеушісі, тарихшы Леонтьевпен танысады. Солар арқылы ол орыстың белгілі ақын-жазушылары: Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салтыков-Шедрин, Некрасов; сыншыл, ойшыл-демократтары Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбов; Батыс Еуропа ақындарымен: Гёте, Байрон, философ ойшылдарынан: Спенсор, Спиноза, Дарвин, т.б. еңбектерімен танысып, тәлім-тәрбие алады.

Абай өзінің өлең-жырларында ел ішіндегі ұрлық, зорлықты, алтыбақан алауыздықты, күштілікті, жатып ішер жалқаулықты өлтіре сынап, жастарды адал еңбекке, отырықшылыққа, егіншілікке, өнер-білімге шақырады.
Шығыс пен Батыс классиктерінің ағартушылық ой-пікірлерінен мол нәр алған ұлы ақын бала тәрбиесі мәселелеріне де кеңінен тоқталып, өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде педагогикалық көзқарасын білдіреді. Адам мінезіндегі орынсыз мақтан, ойсыздық, салғырттық, күншілдік, көрсеқызарлық сияқты жаман әдеттердің ақыл мен ойды тоздыратынын айта келіп, естігенді есте сақтау, көргеннен үлгі-өнеге алу, жаман әдет-дағдыдан бойын аулақ ұстау, нәпсіні ақылға жеңдіру, ұстамды болу сияқты адамгершілік қасиеттерді насихаттайды. «Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмысында бір, ең болмаса айында бір, өмірді қалай өткізгенің жайында өзіңнен өзің есеп ал»,-дейді. Яғни, адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше тоқталады.
Абай сана-сезімді тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның ролін материалистік тұрғыдан түсіндіре білді. Адамның жақсы-жаман болуы, ақылды-ақылсыз болуы генетикалық негізге байланысты, ақ сүйек тұқымынан шыққандар ақылды, батыр, алғыр болады деген буржуазиялық нәсілдік, идеалистік көзқарасқа қарама-қарсы. Абай адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге, ортаға байланысты екенін дәлелдеді. Өзінің отыз жетінші қара сөзінде: «Мен, егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім»,-деді.
4,8(5 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
lipovtsev2016
lipovtsev2016
17.02.2022
1998 жылы 6 мамырда - еліміз президенті Н.Ә. Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылғы 10 маусымнан- жаңа астананың ресми тұсаукесері болып өтті. Содан бері осы күн Астана қаласының туған күні ретінде мерекеленеді.

«Астана-бас қала» - деп айтылуында үлкен сыр жатқан секілді. Ата-анаммен Астана қаласына Қала күнін атап өтуге барғанымда оған мен көз жеткіздім. Жаңа астанада бой көтеріп жатқан көп қабатты үйлер жаңаша сәнмен, ерекше көрікпен салынып жатыр екен. Қаланың әсемдігіне қарап көзің тоймайды. Шет елдердегі қалалар секілді. Жаңа қаланың ортасынан бой көтерген Бәйтеректің, Ақ орданың, Үкімет үйібәрі-бәрі де ерекше сәнмен орын тепкен. Әсіресе алаңқайларға егілген,қазақша өрнекпен бейнеленген қызыл- жасылды гүлдер, жан-жағына салқын леп таратып тұрған түрлі-түсті фонтандар, халқымыздың ертегі-дастандарынан алынған ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері менің көз алдымнан ешқашанда кетпейтін шығар. Сонда жүріп жанымда сыныптас достарым болмағанына өкіндім. Мүмкін биылғы оқу жылында сыныпымызбен ұйымдасқан түрде Астана қаласына барармыз деп ойлаймын. Бұл менің ғана емес, көптеген достарымның арманы. Ал жақсы нәрсені армандау, жақсы ниет жасау кез-келегн қазақ баласына тән қасиет.
4,5(96 оценок)
Ответ:
Kettiplay
Kettiplay
17.02.2022

жусан иісі  - соғыстың кезінде жарық көрген повесть. авторы  сайын мұратбеков. араб тіліндегі нұсқасы бар.

кішкентай аян жастайынан шешесінен айырылып, әжесімен бірге бір ауылға көшіп келеді. осы ауылдың ойнап жүріп жаңа кездестіреді. аянмен тез достасып, аян екінші атаман атанады. ол ақкөңіл,ақылды болған. негізі ол ешкіммен төбелеспейтін еді. бірақ бір күні есікбай аянға өзі тиісіп, төбелесе бастады. бәрібір соңында аян барлық күшін жинап, жеңді. аян мектепте де өзінің зеректілігін бірінші күннен бастап көрсетеді. ол ең бірінші хат танып, ға көмектескен. бірде аян өрісте мал қайырып жүріп тобығы тайып, одан кейін аяғы тайғыш болып қалды.

ii бөлім

бұл бөлімде аянның әжесінен айырылғаны, ертегілері баяндалады. әжесі қайтыс болғаннан кейін оны бапай атты туысы асырап алады. бірақ оған дұрыс күтім жасамайды. әжесі өмірден кетсе де, ң қамықпауы бәрін таң қалдырады. күнде оның ертегісін тыңдауды әдет қылдырған. ауа райы суық болса да аянның ертегісін өткізуге болмайды. ол күнде бір ертегі ойлап тауып, күннің батқанын күтіп, бәріне айтып береді. оның ертегісінің қызық болғаны соншалық, оның ертегісін тыңдаған ертегіге кіріп кетеді. бұл кезде олар соғыстағы аға-әкелерін естеріне түсіріп, оларды тауып алып, бірге соғысуды армандайды.

iii бөлім

аянның мінезі өте қызық еді. бірде ол тұйық мінезді, бірде өзін мүлде танымай қаласың. ол көп ойынға араласа бермеуші еді. бірақ осы кеште ол бәрін таң қалдырады. оның шанасына қанат біткендей болады. осыны көріп сайын мұратбеков онымен бірге шана тепкісі келеді. ол үйде шанасын іздеп жатқанда, әжесі оны ұстап алып, төсегіне жатқызады. осы кештен кейін аян дағдылы шана тебетін болды. ол ға ертегісін айтып, тәмәмдаған соң, біреуімізден шана сұрап, сырғанақта жападан жалғыз түнге дейін ойнайтын болды. бір күні барлық ауыл аянның ертегісін тыңдауға жиналғанда, аян көкесінің, өзінің киімінен жусанның иісі шығатынын айта бастады. оның көңіл- күйі өте жақсы еді. одан соң аянға шана беру кімнің кезегі жөнінде килігеді. аян осы түні ерекше қызықты: бір көзді дәу туралы ертегісін бастайды. барлық ң үрейлері ұшады. сөйтіп отырғанда шөптің арғы жағынан өрт шығады. ң барлығы қора үстінен секіріп, қаша жөнеледі. ең соңында аян қалып қойып, қора үстінен секіріп жатқанда аяғын ауыртып алады. осы кезде ауыл бригадирі тұржан келіп, аянды соққыға жығады. ауыл тұржанға наразылық білдіреді. осыдан кейін аян аяғынан тұра алмай төсек тартып, жатып қалады. біраз уақыт өткеннен кейін аян жазыла бастайды, бірақ ол енді бұрынғыдай мүлде ойнамайтын болады.

iv бөлім

бөлімнің басында, әжесі қайтыс болып, бапайдың қолына түскен аянға, оның досы келеді. аян қуанып өз ертегісін бастайды. ертегісі «баяғыда бір жетім » деп басталушы еді. бапай да, оның әжесі де олардың әңгімесіне құлақ салмайтын. бірақ бусанған қарт рақаттана кекіріп қоятын да «енелеріңді ұрайын, осы екеуінің-ақ сыбыр-күбірі бітпейді екен, ә. қыз алып қашқалы ақылдасып жүргеннен саусыңдар ма-ей? ! » деп әзілдейді. бір күні екіге бөлініп қар атқыласып ойнамақ болды. бұл ойынға аян да қатысқысы келген. лезде жүгіре алмайтындығынан атаманның екеуі де оны алудан бас тартты. бұған ашуланған аян асылбек шалдан тобығын салып беруді сұрайды. асылбек шал ң өтінішін орындайды. бірақ, амал не, аян мұнан кейін де тобығын тайдырып алады. бұл – көктем кезі еді. сонда аян өгіз айдап өгізден домалап түскен кезде тобығы тағы тайды. кейін аянды үйіне жібереді. аян халықпен қоштасып «мен әлі бәріңе де хат жазып тұрамын» деп кетеді.

кейіпкерлері[өңдеу] аян  -қоңырқай жүзі тершіп, маңдайындағы біркелкі етіп қиылған кекіл шашы бар. ешкіммен төбелесіп, сөзге келмейді. әңгімеде өжет, қайсар, зерек, өте ақ көңіл, мейірімді, ақылды және де жетім болып суреттеледі. тобығын шығарып алып, сол аяғын сүйретіп жүретін,шілбиген ақсақ қара . өз ойынан таңғалдыратын ертегілер шығарады. өте мейірімді . сонымен қатар өте тапқыр, ақылды, білімді, зерек және ақ көңіл .садық  - аянның досы. ауылда "бірінші атаман" атанған.есікбай  -сидаң бойлы, қол-аяғы қара қайыстай қатқан ұзын, жүгіргенде алдына жан салмайтын, өзі төбелесқор, сотқар . кейде қараптан-қарап келе жатып әркімге бір ұрынатын жаман әдеті бар. әлі жеткенді аяқтан шалып қап, болмаса басынан тоқай алып жылатып жіберетін. аян алғаш рет келген кезде, аянмен төбелесіп, одан жеңіліп қалған еді.бапай  - әжесінің тумаласы. аянның әжесі қайтыс болғанда, аянды асырап алған. әйелі екеуі аянға дұрыс күтім бермеген.тұржан- өте қатал, ауылдың бригадирі, аса қатыгез, мейірімсіз , жағымсыз кейіпкериманжанов- дірілдей қалшылдаған,көзі қып-қызыл болатын аян мен ауыл ң ұстазы.сайын мұратбеков- ақкөңіл,мейірімді, аянның жақын досы .
4,4(90 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ