М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
kovitidi2002
kovitidi2002
25.03.2022 20:12 •  Қазақ тiлi

11тапсырма. Кестедені үзінділерді талдап, өз пікіріңді білдір. әңгімеден: көлік өзен жағасында жетіп кілт тоқтап, сәл кідірді де аяқтарына түсіріп, адымдап баса жөнелді. Және т. Б. көріктеу құралы: үзіндінің шығарма композиция сындағы орны чесноо ​

👇
Ответ:
1007199
1007199
25.03.2022

Е сабина 8в ананы дурыс жазсай торммз

4,8(32 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
SuperRhino757
SuperRhino757
25.03.2022

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы.

Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.  

Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2

Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар, көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді.

Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Сондықтан еліміздің туындағы күн шапағы дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы – алтын масақ пішінінде берілген. Қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдейді және жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды..  

Қыран (бүркіт) бейнесі – көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ерте кезден бері қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бірі. Бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Бүркіт бейнесі еуразиялық көшпенділердің дүниетанымында айрықша орын алады және олардың түсінігінде бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығы тәрізді ұғымдармен ұштасып жатады. Алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмылысын көрсетеді.

Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер – оның маңызды элементі. Қазақ ою-өрнектері – дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі. Түрлі формалар мен желілер үйлесімін танытатын өрнектер халықтың ішкі әлемін ашып көрсететін мәнерлі көркемдік құрал болып саналады. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.

4,7(53 оценок)
Ответ:
А ң жаратылу тарихына үңіліп қарасақ, Жаратушы Алла ең алдымен «Адам» атаны жара- тып, «Хауа» ананы оның қисық қабырғасынан жаратқан. Яғни, әйел еркек атаулының қабырғасынан жаралған әлсіз жаратылыс. Осы себепті кез-келген әйел ерлердің көмегіне мұқтаж, жылулығына зәру. Расында ерлердің ісін әйел қанша талпынғанмен жүзеге асыра алмайды. Себебі, бұл өмірдегі қай салада болмасын еркектің мысы басым. Бірде басылымның бас редакторы Қаныбек ағайдан мынадай оқиға естідім. Ашаршылық алапаты жайлап, халық аштан қырылып жатқан қайғыға толы жылдар екен. Қара халық үшін бір уыс бидай табылмас азық болатын сол кезеңдерде, бір отбасының отағасы атқа мініп, отба- сын асырау үшін тамақ табам деп жол жүріп кетеді. Аядай ғана қуыс кепеде жаңа туған ана мен өмірге енді ғана есік ашқан шарана қалады. Содан кеш батып, қараңғы бола бастағанда үйде ер адамның жоғын сезіп, кепенің айнала- сын бір топ қасқырлар қоршап алады. Бұрын-соңды ешбір жыртқыш жоламайтын еді, бұл не болғаны деп қорыққан отанасы не істерін білмей, абдырап қалады. Әлі мен қауқары жоқ жас ана жыртқышқа жем болдық деп үмітін үзіп тұрғанда түз тағысы жердің астын қазбалап ішке кіріп үлгереді. Бірақ, сол мезетте жыртқыштар сыртқа аты- лып, қайта қашып шығып кетеді. Әлгі әйел жемтік таппай жүрген аң бізді қалай аясын, қалайша кері қайтты деп таң қалып тұрғанда, анадай жерде үйге қарай келе жатқан ер адамды көзі шалады. Содан барып, қасқырлар еркектің исін сезіп қашқан екен ғой, – деп пайымдайды. Иә, бұдан ұғатынымыз – ер адамның қасиетінің жоғарылығы, әйелге қарағандағы үстемдігі. Адам тұрмақ, хайуан да одан сескенетіндігі. Бұл бір ғана мысал. Қазақ жігіттері мен ерлері туралы жырласам жыл таусылмас, сірә! Дана қазақтың «қасиет анадан, өсиет атадан» деген сөзі бекер айтылмаған ғой. Мектептің мың мұғалімі жабылса да, бір әкенің тәрбиесін бере алмайды екен. Ерлерге тән өр рух пен қазаққа тән текіліктің сыры осында. Кешегі ел басына іс түскен аласапыран заманда ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ержүрек ерлер елді қорғады, жерді қорғады. Отан үшін жан алысып, өзегімен от кешкен батыр бабалардың ерлігі тарихтың таңбасындай ел жадында мәңгілікке сақтаулы. Сол зұлмат заманда сұм соғысты көзбен көріп, жанқиярлықпен жан тапсырып, жеңіс туын желбіреткен батыр бабалардың ұрпағы бүгінде бар. Оған дәлел – бейбітшілік за- манда ерлікке пара-пар игі іс жасаған бейбіт күннің батырларының көбеюі. Әрине, бұның бәрі біздер үшін үлкен қуаныш. Себебі, кез-келген нәзік жанды оқыс оқиға орын алса, ең бірінші ер-азаматына арқа сүйеп, соған сенім артады. Сондықтан, әйел атаулының ғана емес, күллі халықтың арқа сүйер панасы – ер-жігіттер. Иә, біз ерлерді батыр бабалардың жалғасы деп білеміз, соларға сенеміз. Осыдан бес жыл бұрын әскерге барудан қашатын қазақ жігіттері көбейген еді, ал, қазір отан алдындағы борышын өтеуге асығатын қазақ азамат- тары көбейді. Қысқасы, біздің елде қалың қолға қарсы тұратын қаһармандардың жалғасы жетерлік. Еңбегі орасан ерлерімді қанша ұлықтасам да артық ет- пес. Қызметтің әр саласында жүргендер мен ауа райының аптаған ыстығы мен суығына шыдап, табиғаттың тылсым күшіне төтеп берген дала диқандары мен жеті қат жер- де жүрген кеншілердің, ғарыштың ғаламатына жол ашқан әуедегі азаматтарымның еңбегі де ерлікке пара-пар. Олай болса, халықты қазақы тәрбие мен намысқа жетелейтін, арлы болуды аңсап, жігерін жонып, жалы- нымен көпті жылытатын жігіттердің саны артсын! «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» дегендей, халық артқан үкілі үмітті арқалап, сенім үдесінен шығатын ер- лер көбейсін. Құрметті әйелдер қауымы! Тектілік пен сырбаздықтың сардары болған Отаншыл ұландарды ұлықтап, қадірін білейік.
4,7(95 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ