М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Kaldomova2014
Kaldomova2014
27.12.2020 05:58 •  Қазақ тiлi

Мәтіннен негізгі , қосымша ақпаратты және көтерілген мәселені анықтауға бағытталған ( арналған ) сұрақтар құрастырыңыз . Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми кітапханасы 1934 жылы университет ашылысымен жұмыс істей бастады.Ғылыми кітапхана - студенттер мен магистранттар , оқытушы - профессорлар құрамы мен қосымша оқытушы персоналдарға арналған мәдени және рухани орталық . Кітапхана қорында оқулықтар , монографиялар , классикалық көркем әдебиеттер , сирек кітаптар мен XVI - XIX ғасырлардағы қолжазбалар , 250 мың данадан астам мерзімді басылым жинақталған . Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасы- Қазақстандағы ең көне әрі Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі жоғары оқу орындары кітапханаларының бірі . Кітап қорында 2 млн - нан астам басылым сақталған . Жыл сайын 50-60 мың данадан астам басылыммен толықтырылады . Оқырман саны 20 мыңнан асады . ( ҚР Ғылыми энциклопедиясы

👇
Открыть все ответы
Ответ:
mamaha123
mamaha123
27.12.2020
Қиял — сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға түседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады:

әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиетгеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бүл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады;

қиялдың мазмүны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп түрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға болмайды;

қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. «Жаратылыстың қүшағында,—деп жазады М. Жүмабаев, — меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада түрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті».

қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл - қиялдың ерікпен байланысына жақсы мысал. Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше. Өйткені ойлау белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді. Ойлау мен қиял бір-бірімен тығыз байланысты. Жан қуаттарының осы екеуі де мәселені шешуге, сұраққа жауап беруге қатысады. Бірақ қиялда мәселені шешудің өзіндік ерекшелігі болады. Қиял — мәселені суреттеу, жанды көрініс арқылы шешсе, ойлау оны тірі суретсіз жалпылай, ұғым, пікір, тұжырым түрінде шешеді;

адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады. Мұндағы негізгі шарт: саналы мақсаттың болуы, болашақты болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бүрын көре білу, яғни оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу — адам қиялына тән негізгі белгілер. Қиялда адамның дүние жөніндегі әр түрлі таным-түсінігі әртүрлі формада қиюласып, жаңа сапаға ие болады. Қиял бейнелері адам қажеттігінен тәуелді бола түрып, оны белсенді кызметке итермелейді,творчестволық ісіне күш-жігер қосады. Қиял тек теориялық және практикалық қызметте ғана емес ол адамның бүткіл рухани өмір жүйесінде елеулі орын алады. Кісінің өмір жолы, жеке басының ойдағыдай дамуы, даралық қасиеттері, іс-әрекетінің қүрылымы, өмір салтының қалыптасуы мүнсыз мүмкін емес. Адам санасының жануар психикасынан басты айырмашылығы адамда ойлаумен қатар қиял әрекетінің олғандығында.
4,7(52 оценок)
Ответ:
alina1749
alina1749
27.12.2020
Қызы бардың ізі бар, яғни, қыз болашақ ана, өмірге ұрпақ әкеледі, із деп отырғаны, ұрпағы.

Әйел үйдің сәні, себебі, ер адам табыс тапқанымен үйдің барлық жағдайын жасайтын әйел, тазалығын, бірлігін сақтайды, балаларын тәрбиелейді.
Әйелдің жолы үлкен, бұл жерде тек ана болғандығынан жолы үлкен.
Жақсы әйел жарының жақсысын асырар, жаманын жасырар. Мақалда айтылғандай, ер адамда жағымсыз әрекеттер болса жақсы әйел елге жария етпей өзінің жақсы мінезімен жөндейді, жаман әйел күнде ұрыс шығарып, елге жаяды. Жақсы әйел ерінің жақсылықтарын мақтаныш етіп, ерінің мерейін үстем етеді.
Әке көрген оқ жонар- яғни әке тәрбиесін көрген ер бала ер адамға лайық істердің бәрін әкеден үйреніп, өмірге дайын болады. Шеше көрген тон пішер- шеше тәрбиесін көрген қыз, анасынан көргенін өмірде қолданып, ісімен де сөзімен де алған тәрбиесін көрсетеді.
Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің- бұл мақалда отбасында көрген тәрбиең қандай болса, өмірде сен де сондай болатының туралы. Мақалдардың бәрі тәрбие туралы.
4,4(36 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ