М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
KseniaFlowers
KseniaFlowers
08.08.2020 15:13 •  Қазақ тiлi

Таяуда сөзіне синонимдік қатар

👇
Ответ:
ElenaOlegovna26
ElenaOlegovna26
08.08.2020

Таяуда-жақында, жуырда

4,5(54 оценок)
Ответ:

таяуда- жақын арада, жақын арада; - жақын (уақыт пен кеңістік туралы);таяуда жас мамандар келеді...

4,5(99 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
b00777
b00777
08.08.2020

Объяснение:

Қай ғасырда болмасын, тәрбие мәселелері назардан тыс қалып көрген емес. Әсіресе, бала тәрбиесі. «Адамның бір қызығы бала деген…», «Баламды медресеге біл деп бердім, қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім деп» Абай айтқандай, адам қашанда ұрпағымен қымбат.

Білім тәрбие арқылы беріледі

«Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» деген халық ұрпағының өсіп-жетілуіне, тәрбиесіне барынша жағдай жасауға тырысқан.

Ал тәрбие, тал бесіктен емес, құрсақтан басталады. Оның себебі, болашақ ана баланы бесіктен емес, құрсақтан бастап тәрбиелеуі керек. Балаға деген мейірімі, сезімі, махаббаты ананың ыстық ықыласы мен тәрбиесінен берілетін құнды дүние. Бала тәрбиесі ата-ана тәрбиесімен ұштасып жатуы тиіс. Ата-ананың бала тәрбиелеудегі мақсаты – болашақта баланың жеке тұлға болып қалыптасуына, саналы ұрпақ болып өсуіне, дұрыс білім алып жетілуіне, өмірде өз орнын табуына көмек беру. Себебі білім тәрбие арқылы беріледі.

4,5(14 оценок)
Ответ:
diyarbek2120313
diyarbek2120313
08.08.2020
Қазақ халқының лиро-эпостық жыры. ХІІІ-ХІV ғасырлардан бастап жырланып, қазақ арасына кең тараған. Жыр Сарыбай мен Қарабайдың түзде жүріп құда болып, Қозы мен Баянды күні бұрын атастыруымен басталады. Ары қарай қос ғашық Қозы мен Баян зорлықшыл Қодар, қаражүрек Қарабай арасындағы шиеленіскен оқиғалар негізінде зұлымдық пен  махаббат күресі баяндалып, Қозы мен Баянның қайғылы қазасымен аяқталады.Жырдың негізгі идеясы – мөлдір махаббатты дәріптеу. Тілі көркем, сюжеті шебер құрылған. Жырда айтыс, тұрмыс-салт жырлары: естірту, жоқтау, қоштасу, т.б. кеңінен қолданылады. Бұл жырда Аягөз, Үржар, Лепсі, Қалба тауы т.б. нақты жер-су атауларының кездесуі айқын көрінеді. Дастанның басқа да түркі халықтарынан тараған нұсқалары бар. Мысалы, башқұртта «Қозы Курпәс мәнән Маян сылу», Бараба татарларында «Қозы көрпеш», алтайлықтарда «Қозы Эркеш» деп аталады. Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже т.б. ақындар әр кезде дастан оқиғасын өздерінше жырлаған. Жалпы жиырмаға жуық нұсқасы бар. Ең көп тарағаны – Жанақ нұсқасы. Алғаш ел арасынан жинап, хатқа түсіргендері Г.Саблуков (1830), Ғ.Дербісәлин (1834), А.Фролов (1841), Ш.Уалиханов (1856). Ал М.Путинцев жырдың мазмұнын орыс тіліне аударып бастырған (1856). В.Радлов бір нұсқасын жинағының 3-томына енгізген (1870).Г.Н.Потанин бұл жырдың «дүние жүзіндегі ең қымбат әдебиет мұраларына жататын шығарма» екенін айтқан. Н.Н.Пантусов, Р.Ш.Әбдірахманов, Е.З.Баранов т.б. зерттеушілер жырды әр кезде орыс тіліне қара сөзбен аударып жариялаған. Ақын Г.Н.Твертин (1889-1921) жырды тұңғыш рет орыс тіліне аударып бастырды (1927-1935). 1878, 1890, 1894, 1905 жылдары Қазан қаласында кітап болып жарық көрді. Кеңестік дәуірде ең алғаш 1925 жылы Мәскеуде шықса, жырдың Жанақ нұсқасын  1936 жылы М.Әуезов Алматыда шығарған.Жырды М.Ғабдуллин, Ы.Дүйсенбаев, Ә.Қоңыратбаев т.б. қазақ ғалымдары салыстыра зерттеп, оның тарихи әлеуметтік мәнін ашты. Жыр 2002 жылы Астанада басылып шықса, бір нұсқасы 2003 жылы Мәскеу қаласында «Қозы Көрпеш — Баян сұлу. Қыз Жибек: Казахский романтический эпос» деген атпен 2 тілде (орыс, қазақ) жарық көрді. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының негізінде «Махаббат дастаны» кинофильмі (сценарийін жазған Ғ.Мүсірепов, 1954) түсіріліп, сахналық шығарма (авторы Ғ.Мүсірепов, 1940) жазылған. Шығыс Қазақстан облысы,  Аякөз ауданы, Тансық станциясының маңында Қозы Көрпеш – Баян сұлудың мазары бар.
4,5(69 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ