«Қазіргі заманда үш тіл білу - міндет».
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа кезекті жолдауында үш тұғырлы тіл жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынған болатын. Бұл жағдайда Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылады. Бұл тілдер: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – халықаралық бизнес пен экономика тілі.
Болашақ осы үш тілді қатар, жетік меңгерген жастарымыздың қолында болмақ. Себебі қазіргі жаһандану заманында бәсекеге барынша қабілетті жастардың болашағы жарқын болмақ.
Қазақстан Республикасы Болон процесіне мүше болғаннан бері үш тұғырлы тіл мәселесі өз маңызын жоғалтпай, керісінше арта түсуде. Қазіргі кезде үш тілді қатар меңгеруге бар жағдай жасалып отыр, сол мүмкіндікті барынша пайдалану керек деп есептеймін. Бұл да қазіргі заман талабы. Тез өзгеріп жатқан дұниеде өмір сүріп, өз орныңды табу үшін жан – жақты болу керек. Дана халқымыз «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деп қазіргі заман талабына сай көрегендікпен, қалай терең ойлап айтқан десеңші...!
Осы орайда мен де өз келешегімді шет тілдерімен байланыстырамын. Қазірдің өзінде мектепте ағылшын тіліне ден қойып, орыс тілін де жетік меңгеруге тырысып жүрмін.
Менің өмірім - сұлулыққа, ой мен толғанысқа, сұрақ пен жауапқа, үміт пен сенімге, арман мен мұратқа толы. Мен үшін осы уақытқа дейінгі көргенім жалған, ал көрмегенім арман секілді. Мен бұл өмірден оңтайы келіп тұрған сыбағадан бас тартпағанды, бала кезінде еңбек етіп үйренбеген адамның, үлкейгенде заңнан таяқ жейтінін түсіндім. Бір қозы артық туса, бір түп жусанның өз-өзінен артық өспейтіні анық. Өзің кешірімді болмасаң, сені де ешкім кешірмейді... Соны ұқтым... Қателікті кешіруге болады, ал опасыздықты кешіруге болмайды. Жас кезіңдегі кекшілдігің келе-келе жұмсаратын көрінеді. Қаттылығың қай жеріңде болса, қасіретің сол жерінде. Сондай-ақ, осы уақытқа дейін дүниенің, әлемнің өз бояуында екенін білдім. Ағаштардың жасыл, жердің қара, топырақтың қоңыр, түстің ақ, күлкінің әдемілігі, көздің өткірлігі - соның барлығы өз орнында тұр.Ештеңені қозғаудың қажеті жоқ... Тек жәй ғана сүйсіну керек!
Подробнее – на Otvet.Ws – https://otvet.ya.guru/questions/6785686-menin-soz-alemim-shagyn-esse-kerek.html