М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
zhanik2017
zhanik2017
18.01.2023 17:11 •  Қазақ тiлi

5-тапсырма тәуелсіздік тұғыры деген тақырыпта эссе жазу ​

👇
Ответ:
Krisrus2010
Krisrus2010
18.01.2023

Тәуелсіздік жолында қазақтың талай ұлтжанды азаматтары қыршынынан қиылды. Жазықсыз өмірден ерте озды. Олар халқына қуаныш сыйлады, бірақ сол қуаныштың дәмін өздері тата алмады. Олар - қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыздары. Тәуелсіздік үшін күрескен батырлар - қазақ елін лаулаған оттан да, тар қапастан да алып шыққан азаматтар. Қазақ елін арқасына байлап, шыңға өрмелеп, елді сол шыңға жеткізіп, өздері құздан құлаған хас батырлар. Олар өзім деп қара басын ойлаған емес. Олардың бар мақсаты тәуелсіздік болды емес пе? Ғалымның хаты, жақсының аты ұмытылмақ емес. Олардың бізге салып берген сара жолы, бүгінде бізге дара жол болды.

Тәуелсіздік батырлары азаттық жолында құрбан болды. «Болашақ ұрпақ біздей күңгірт әлемде емес, күннің көзін көріп өссін, еркін болсын» деп армандап қана қоймай, осыны мақсат тұтты емес пе? Ал біз, батырлардың ұрпағы, олардың рухтарын қастерлеп жүрміз бе? Сол бір заманда біз өмір сүрсек, Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асановады сын өр мінезді батырлар ел арасынан шығар ма еді? Иә, мұндай заман болса да, елім деп еңіреген ұлтжанды азаматтар табылмақ. Қандай қилы заман болса да, қазақ, қазақ болып қала бермек. Елімізге деген асқан сүйіспеншілік біздің қанымызда бар дүние.

4,6(56 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Ivan700
Ivan700
18.01.2023

Әрине, ғылымның Жер, Күн және жалпы барлығы қалай пайда болғандығы туралы көзқарасы, мысалы, Киелі кітапта, осы оқиғалар қалай суреттелгенінен өзгеше. Бірақ ғылымның пікір айтуға құқығы бар, оны құрметтейік. Соңында, қалай болғанын білейік. Ғылыми тұрғыдан.

Өткен күндердегі істер туралы куәгерлердің ешқайсысынан жауап ала алмаймыз. Өмір күн сәулесінен кейін пайда болды және планеталар пайда болды, бұл ешкімді таң қалдырмайды. Сонымен қатар, ғалымдар аспан денелерінің жанама дәлелдерін зерттеу нәтижесінде болған барлық нәрсе туралы нақты түсінікке ие. Күн жүйесіндегі барлық нәрсе сол баяғы жеткен жетістіктердің ізін қалдырады.

Объяснение:

4,6(82 оценок)
Ответ:
volfdima2011p0aaz8
volfdima2011p0aaz8
18.01.2023

Объяснение:

Адам – ең жоғарғы құндылық. Еліміз егемендік алғаннан кейін адамды ең жоғары құндылық ретінде бағалау қалыптаса бастады. Адамның бар құндылығы – оның өмірі. Ол адамның мінезі мен темпераменті, мүддесі, көзқарасы, әдеті, тілегі, мәдениеті, тәрбиелік деңгейі, бір-бірімен өзара қарым-қатынасы, кішіпейілдігі, әдептілігі, жеке басының тазалығы, әсемдігі, сөйлеу мәдениеті т.б.

Адамның өмір сүру барысындағы қолданатын тәсілінде оның түрлі қажеттіліктері, ақыл-ойының қалыптасуы, еркіндік жауапкершілігі, қызметін ұйымдастыруы және болжамы анықталады. Оның іс-әрекеті және сол арқылы адамның қалыптасуы мен дамуы өз шешімін табады. Адам- дүниені өзгертуші күш.

Орыс жазушысы К. Г. Паустовский: «Адам ақылды, кішіпейіл, әділ, батыл да қайырымды болуға тиіс. Тек сонда ғана оның осынау Адам деген мәртебелі атпен аталуға құқы болады»;

Куба жазушысы, саяси қайраткер Х.Марти: «Адам бола білу – ең қиын мамандық» - деп жазған. Ең ұлы жеңіс- өзіңді-өзің жеңу. Өзіне-өзі ие бола білген адам ғана барша жұрттан мықты.

Адамның адамгершілік қасиеті. Адамзат тарихында адамгершілікке байланысты пайда болған категорияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлік, әділдік, қарапайымдылық, кішіпейілділік, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, тағы басқалары. Сондай-ақ адамзаттың, әрбір адамның ішкі рухани адамгершілік дүниесінің негізгі формалары – үміт, сенім және махаббат үнемі даму үстінде болды және солай бола беруге тиіс.

4,7(94 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ