М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
hamster321123
hamster321123
10.05.2023 22:43 •  Қазақ тiлi

казахский язык,Сор очень надоо​


казахский язык,Сор очень надоо​

👇
Ответ:
denisseleznevdenis
denisseleznevdenis
10.05.2023

ответ: правильне ответы 2 и 3

4,5(74 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
stru4kovav13
stru4kovav13
10.05.2023

Аспанды бұлт құрсайды -

Күн жауарға ұқсайды.

Көлдерде қулар шулайды -

Көкшіліден ол айуан

Соққы жегенге ұқсайды.

Көп ішінде бір жалғыз

Көп мұңайып жылайды -

Күйбендескен көп жаман

Сөзі тигенге ұқсайды!

Алп, алп басқан, алп басқан

Арабы торым өзіңсің,

Жазылы, алтын, қол кескен

Алдаспаным өзіңсің!

Білерді білмес не демес,

Сұлтан ием, сен менің

Бармай тапқан Қағбамсың!

Алтынды кесе сары бал

Алсам, мен саған ұсынармын,

Тал мойныма қол артсаң,

Күліктен бек ұнармын.

Көбең семіз торыңмын,

Көп құлыңның бірімін.

Жақсыңнан мені кем көрдің,

Жаманыңмен тең көрдің.

Жақсыңнан мені кем көрсең,

Жаманыңмен тең көрсең,

Ұялы берікке қос артып,

Сен есенде, мен сауда

Ырысымды сындайын,

Сегіз қиыр шартараптан іздермін!

Еділден аққан сызашық

Біз көргенде тебінгіге

Жетер-жетпес су еді -

Телегейдей сайқалтып,

Жарқыраған беренді

Теңіз етсе, Тәңірі етті!

Жағасына қыршын біткен тал еді -

Жапырағын жайқалтып,

Терек етсе, Тәңірі етті!

Тебінгінің астынан

Ала балта суырысып,

Тепсінісіп келгенде

Тең атаның ұлы едің,

Дәрежеңді артық етсе, Тәңірі етті

4,6(56 оценок)
Ответ:
Sofi200011777
Sofi200011777
10.05.2023
АУЫЛ-АТАМЕКЕН ПЕРНЕСІБұл сөзіме сенбе менің мейлің, сен мейлің,Сен тұрғанда сембеймін де, сөнбеймін!Бақытыңды таба алмасаң сүюден,Басқа тапқан Бақытыңа сенбеймін!Бұл сөзіме сенбе менің мейлің, сен мейлің,Отан барда сембеймін де, сөнбеймін.Туған жерден таба алмасаң қасиет,Басқа тапқан қасиетіңе сенбеймін!***Кентті жерде қонақ үй тәртіп десек,Жібермейді ауыл да мәртікке есе…Әрбір үйде он-он бес артық сейсеп,Әрбір үйде он-он бес артық төсек.Күн бата кел, кел тіпті түнде, мейлі.Маңғаз төбет мынауың кім демейді.Бірін жұмып көзінің, бірін ашып,Қарайды да қояды, үндемейді.Ажарында аунақшып күн шуағы,Ағайындар мейман деп құлшынады,Аңқылдаған ақ көңіл ақ самаурынҚонағыңмен бір кіріп, бір шығады.***Жанарында жылтылдап назар шуақ,Жырақ кетсең, жүргенің азар шыдап.Бүкіл ауыл атынанЖексенбідеБір-ақ адам келеді базаршылап.Ойын-тойын,Сауығын жыр басқарған,Қалжың ғана естисің құрдастардан.Бір-ақ қазан қайнайды екі үй үшін,Екі үй үшін келеді  бір дастархан.Күндіз-түні жаппайды ел есігін.Көршілердің қылығын елесін кім.Бір әжейдің кебісіБір әжейдіңАяғында жүреді келесі күн.Тату ауыл бөліскен малтасын да,Бір ұстайды арасын,Балтасын да.Бір атайдың шақшасыБір атайдыңКетіп қала береді қалтасында.Бар маңайды көлеңке-күңгірт қамап.Бірте-бірте түседі ымырт-қабақБір жеңшейдің тауығыБір жеңгейдіңҚорасына келеді жұмыртқалап.***Қабат-қабат бұлт төнсе де басыңа,Қабағыңды шытпа, жігіт, жасыма!Біз шегінсек,Біз жеңілсек,БіздердіБайқап тұрып,Не істемекші жас ұлан?!От ішінде,Өрт ішінде күйгенде,Басыңды име,Тізе бүкпе,Именбе!Ер еңкейсе еңкейедіЖалғыз-ақТуған жердің топырағын сүйгенде!***Адам емес сияқты мақұлық-аң,Ақсап басқан біреулер ақылынан.Алысынан біреулер пайда тауып,Азап шегіп жүр біреу жақынынан.Оған қонбай,Бас құсы саған қонса,Басқа түгіл,Көрмейді ағаң да онша…Сайтан жайлы аңыздар туар ма едіАдамдардың бәрі деАдам болса!***Дұшпанға мені балама,Мұқату іздеп сезімнен.Адам боп туу – анадан,Айуан боп кету – өзіңнен.***Тағдыр мұны тілемесін, тілесін,Достық болды менің үлкен үлесім.Бұл өмірде маған ненің керегінМенен гөрі өзің жақсы білесің.***Ажыратар алыс пенен жақынынӘжептәуір бар еді ғой ақылың.Аяқ асты шыға келдің құбылып,Арғымаққа тиген бойда-ақ тақымың.Аш қасқырың жатыр екен тар інде,Қасқыр үшін сәбиің не,Кәрің не?!Енді қазірБұрын жетіп басқаданЕлден бұрын алсам дейсің бәрін де.Көрмеп едім бұрын мұндай күйінде,Сөз болмайтын сән-салтанат,Киім де.Дүниенің ең жақсысыБүгіндеБолса дейсің менің ғана үйімде.Өмірді ешкім ұғып біткен жоқ әлі,Артық кетсем менде жырдың обалы.Тойға барсаң,Соңғы кезде байқаймын,Отыруға ұмтыласың жоғары.Осы сынды мен өзіңе арнайын.Өлеңге өріс болар ой да тұр дайын.Жұмыс орныңӨмірдегі орныңаТура келе бермес бірақ әрдайым!Шын шешенсің,Егер тілден бал тамса.Дей бер онда:Мен сайрайын,Ал тамсан!Жұрттан бұрын сөйлерсің-ау сөйлеуін,Жұрт айтпаған ойды содан айта алсаң!Бір қанағат болу керек адамда.Мінез жатыр басқан әрбір қадамда.Өзін-өзі тапқан адам – бақытты,Жоғалтпаған – бақыттырақ одан да!
4,5(55 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ