М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Katyamaier777
Katyamaier777
03.11.2022 18:54 •  Қазақ тiлi

Жазылым 2-тапсырма. Қате жазылған сөйлемдерді дұрыс құрастырып жаз.
Күні ертең демалыс. Мен қыдырамын демалыста. Мұхитаралға барамын
ертең әкеммен, анаммен. Ұнай мұхитарал саван ма? Көреміз үлкен мұхитаралда
балық​

👇
Ответ:
juliakolesnik04
juliakolesnik04
03.11.2022

Ертең демалыс күні. Мен демалыста қыдырамын. Ертең мұхитаралға анаммен, әкеммен барамын. Саған мұхитарал ұнай ма? Мұхитаралда үлкен балық көреміз.

Объяснение:

4,6(95 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
VictorTsoy62
VictorTsoy62
03.11.2022

ответ:

аяз би жаманұлы – қазақ халқының ежелден елге аты мәшһүр болған, аты аңызға айналып кеткен ақылгөй абыз, шешен, биі. оның есімі бүгінгі ұрпаққа «аяз би» ертегісі һәм «аяз би әлініңді біл, құмырсқа жолыңды біл» дейтін қанатты нақыл сөз арқылы сақталып жеткен. аяз бидің ғұмырнамасы жөнінде әр түрлі деректер бар. майқы би мән ң шежіресін жазған шапырашты қазбек бек тауасарұлы өзінің «түп - тұқияннан өзіме дейін» дейтін кітабында аяз бидің және оның серігі құмырсқа батырды «майқы би дәуірінде өмір сүрген, майқы мәнұлының оң жағында отыратын сенімді ақылгөй билер еді», - деп жазады. сонда бұл дерек бойынша, аяз би хижра жыл санауынан 711 жылы бұрын туып, 800 жылы дүниеден өткен, майқы мәнұлының замандасы болып шығады. ал зерттеуші ұлының «алтын сандық» атты кітабындағы шағын мәліметте аяз би хиуа хандығы дәуірінде өмір сүрген тарихи деп, оны xi - xii ғасырға жатқызады. бұл – әлі тереңірек зерттеуді қажет ететін мәселе.

аяз бидің қандай би болғаны, ілік қадір - қасиеті жөнінде қазақ энциклопедиясында былай жазылған: «бұрынғы қойшы, кедей аяз өзінің ақылдылығы, даналығы арқасында уәзір болады. ол мадан ханның бірнеше сынынан өтеді. оған шөп жаманы – қоға, құс жаманы – сауысқан екенін дәлелдеп береді. ханның тұлпарының сиырға, өзінің қара халыққа шатыстығын айырады. шартты жұмбағын шешіп, бай қызы меңді сұлуға үйленеді, ханның күншіл, ақылсыз қырық уәзірін өлімнен құтқарады. аяздың даналығын, достыққа адалдығын, сертке беріктігін, қайырымдылығын, әділдігін мадан мойындап, халық қалап, оны хан етіп көтереді».

майқы би өзінің төңірегіне ақылды, дана, би, шешендерді, батыр, , көріпкел әулиелерді көп жинап, олармен ақылдасып отырады. майқының әндір, мәді деген аспан әлемін, жұлдыздар сырын болжайтын білімпаздары болған. олар аспанға, жұлдыздарға қарап, мал - шаруа жайын, егіншілікке қолайлы мерзімді күні бұрын болжап, халыққа пайдасын тигізеді. ал аяз би сияқты дана билеріне өзінің оң жағынан орын береді екен. аяз бидің құмырсқа деген әрі би, әрі батыр жан серігі болыпты. қайда барса да екеуі жұбын жазбай жүреді. ол екеуі майқы бидің сілтеуімен қазылық құрып, көбінесе ел мен ел арасындағы елшілік, бітімгершілікпен айналысады. сондықтан да майқы би аяз би мен құмырсқаға көбінесе арқа сүйеп, оларға сенеді. ол екеуімен майқы би халық тағдыры, ел жағдайы, шаруа қамы жөнінде жиі - жиі ақылдасып, ой - пікір алысып отырады. кейде дәл жауап айта алмай, шалыс басқан заматта оларға ескерту жасап түзеп, бағыт беріп жібереді екен. бір жолы ол екеуі жарыса сөйлеп, майқының алдын кес - кестей беріпті, сонда майқы би оларға былай депті:

билер бүгін майқының алдын кесесің,

ертең жұрттың төбесін тесесің.

майқының да айтатын кебі бар,

айтуға аузының да ебі бар.

хан сөзінің қашанда бәрі дұрыс,

әзір сөзіме болма бұрыс,

ақылым алжыған жоқ,

ондайды болжағам жоқ,

орынсыз ауыз ашсаң,

екі би басарсың шоқ.

аяз би әліңді біл,

құмырсқа жолыңды біл.

ел арасында «аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» деген нақыл сөз содан қалса керек.

4,6(71 оценок)
Ответ:
sini1
sini1
03.11.2022

     Абайдың шын аты - Ибраһим. Ол киелі шаңырақ - Шыңғыстаудың тумасы. Біз Абайды ең бірінші ұлтымыздан шыққан бас ақын деп танимыз. Абай шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық мәселелерін арқау еткен. Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Оның  өлеңдері дүниетанымдық тереңдігімен құнды.

   Маған ақынның: "Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар қалан"- деген өлең жолдары ұнайды. Себебі, бұл жолдарда ақын: "бір өнерді үйрен. Ғылымды меңгер. Маман иесі бол"- деп бізге өсиет айтқан деп түсінемін.

4,7(44 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ