Ер туған жеріне, ит тойған жеріне Человека тянет туда, где он родился, собаку тянет туда, где она наелась.
Гүл өз жерiнде ғана – гүл, адам өз отанында ғана - адам Цветок лишь на своей поляне – цветок, человек лишь на родине – человек
Өзіңнің ғажайып Отаныңды ұмытпа, өз туған жеріңе ешқашан соқпай өтпе Свою Родину прекрасную никогда не забывай, места, где ты родился, никогда не обходи.
Отаныңның әр ағашы күлімдеп тұрады. На своей родине каждое дерево улыбается
Тамырсыз жусан да өспейді Без корня и полынь не растёт
Құртақандай торғай да, Өз ұясын қорғайды. Маленький воробей и тот свое гнездо оберегает
Үйде оңбаған, Түзде де оңбайды. Если не нашел счастье дома, не обретешь и на чужбине.
Отанды сүю – от басынан басталады Любовь к Родине у семейного очага зарождается.
Ғылым дегеніміз — дүниені танудың қайнар көзі. Ғылымның мəнін түсіну үшін ең алдымен ғылым мен білімнің арасындағы айырмашылыққа назар аударсақ, білім — материалдық жəне рухани құбылыстар туралы нақты мəліметтер жиынтығы жəне олардың адам санасында дұрыс, объективті бейнеленуі. Білімнің өзі қарапайым жəне ғылыми болып екіге бөлінеді. Қарапайым білім іс-əрекет пен тіршілік барысында жинақталады. Ол құбылысты тек сипаттап, оқиғаның қалай өтіп жатқандығын пайымдайды. Ал ғылыми білім терең де мазмұнды, ол құбылысты тек сипаттап қоймай, оның себебін, өткені мен болашағын түсіндіріп, олардың ішкі табиғатын, мəнді жақтары мен маңызды байланыстарын ашып, оның даму заңдылықтарын айқындайды.
Ғылыми білім жүйелілігімен, логикалық тұрғыдан ұйымдастырылуымен жəне теориялық сипатымен ерекшеленеді. Ғылым көптеген қиындықтар мен қайшылықтарға толы мол ізденістер мен шығармашылық іс-əрекеттің барысында туындады. Ғылымның даму тарихына келсек, танымдық форма ретінде оның өз тағдыры мен тіршілігі бар.
Ғылымның дамуы ғылымдағы мəліметтер көлемінің ұлғаюымен сипатталмайды, оның қ сипатқа ие. Əрбір кезеңде оның мазмұны мен мақсаты, қоғамдағы маңыздылығы, таным логикасы өзгеріске ұшырап отырады. Ертеректе ғылымдардың ғылымы жəне патшасы саналған философия Көне Үнді, Қытай жəне Грек елдерінде пайда болған. Барлық білім салалары философияға қатысты болып, философия барлық білім салаларының басын біріктіріп, жүйелеген.