М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
yanakorzh2003
yanakorzh2003
29.05.2022 18:12 •  Қазақ тiлi

Сочинение на тему здоровья (денсаулык) желательно с переводом

👇
Ответ:
dashaskulova
dashaskulova
29.05.2022
Тазалық – денсаулық негізі, Денсаулық – байлық негізі. Мақал Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда. Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну. Жеке бас тазалығының ережелері. - Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса; - Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу; - Ұйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа; - Тамақ ішердің алдында, жұмыстан кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жу; - Бет орамал пайдалан, мұрныңның әрқашан таза болуына көңіл бөл; -Түшкірген, жөтелген кезде мұрның мен аузыңды бет орамалмен жауып, теріс айналып түшкір немесе жөтел; - Шашыңды дұрыстап күт: уақытылы тара, буып немесе өріп қой; - Төсегіңді жинау, жеңіл-желпі киімдеріңді өзің жуып, үтіктеу, түймеңді қадап, бәтеңкеңді тазалау – бұл әркімнің-ақ қолынан келетін іс; - Ұқыпты да жарасымды киінетін бол. Киімнің таза және үтіктелген болсын; - Мектепке киетін киімің мен үй киіміңді ұқыпты ұстап, уақытылы ауыстыр. Ал қонаққа барарда жарасымды да сәнді киінген жөн; - Үйден шығарда сырт бейнеңді айнаға қарап түзеуге әдеттен; - Аяқ киіміңді күтіп киіп үйрен, тазалауға уақыт бөл; - Мектепте ұстайтын, үйде пайдаланатын заттарыңды реттеп ұста; - Өзің отыратын орынның тазалығын қадағалап, шаңын сүрт; - Кітап – дәптеріңді пайдаланып болған соң, орнына қой; - Ине-жіп, қайшы, тарақ, кітапша сияқты заттардың өз орнынан табылғаны дұрыс. Алсаң, орнына деру қой; - Сырт киіміңді орындыққа тастай салмай, киімілгішке іл. Мектеп формасы мен үй киімің араласып жатпасын. - Ойнасаң, ойыншықтарыңды да жинап, реттеп қой. Тері тазалығы – адам денсаулығының кепілінің бірі. Ыстық сумен және сабынмен жуынған жағдайда ғана теріні түрлі микробтар мен лас нәрселерден айықтырып, тазартуға болады. Адам терісінің ең өсімтал бөлігі – шаш пен тырнақ. Ол адамның миын күн сәулесі мен суықтан сақтайды. Әр шаштың өзінің өмір сүру мерзімі бар. Шаш сырт көзге өз қалпын сақтап тұрғанға ұқсағанмен, шын мәнінде күніне 100 тал шаш түсіп, 100 тал шығып отырады. Шашты аптасына 1 рет жуған жөн. Өте суық күндері бас киімсіз шығуға болмайды. Қолдың тырнақтарын аптасына 1 рет алса, аяқ саусақтарының тырнақтарын екі аптада бір рет немесе айына бір рет алады.
4,6(85 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
axdv
axdv
29.05.2022

Жазғы демалысымды қалай өткіземін?

Көптен күткен жаз мезгілімен қоса жазғы демалыс та келіп жетті. Төрт тоқсан бойы сабақ оқыған мектеп оқушылары асығыспен күтетін бұл мезгіл небір қызықты оқиғаларға толы болады ғой.

Биыл менің жазғы демалысым өте қызықты өтеді деп ойлаймын. Жылдағы әдетім бойынша демалыс басталысымен мен нағашы атам мен әжеме ауылға барамын. Таңертең ерте тұрып, жайлауға мал жаюға көмектесемін. Күні бойы әжемнің дайындаған құрт, май, ірімшік пен қаймағын жеп, қолдың сүтін ішіп, біраз күш жинаймын. Ауылдағы достарыммен күнде кешкісін футбол ойнаймыз. Осылай бір ай уақытым зымырап өтіп кеткені де байқалмай қалады.

Ауылдан қайтып келген соң, мен жазғы лагерьге демалуға барамын. Ондағы өткізген әрбір күн өз ерекшелігімен есте қалады. Күнделікті түрлі - түрлі сайыстар өткізіліп, мен барлығына белсене қатысып, атсалысатыныма сенімдімін. Ол жерде көп балалармен танысып, жаңа достар табамын.

Лагерьден қайтып үйге келген соң, отбасымызбен шетелге қыдыруға барамыз деп жоспарлап қойдық. Бұрын шетелге шықпағандықтан, бұл менің ұшаққа алғаш мінуім болады. Біз онда күні бойы қыдырып, түрлі мұражайларға барамыз, саябақтарда серуендеп, теңізде суға түсеміз.

Биылғы жазғы демалысым өзіме қатты ұнайды деп ойлаймын.

4,7(9 оценок)
Ответ:
Shoxrux9818
Shoxrux9818
29.05.2022
Бұл әдемі мамыр күні біз және менің ата-анам шеруді бақылап отырады. Көшелерде біз өздерінің кеуделеріне тапсырыс беру қиын, бірақ сенімді түрде қала көшелерімен жүретін әжелер мен әжелерді кездестірдік. Көздерімен жылтылуға мүмкіндік беретін бақытты тұлғаларды көруге керемет, бірақ бұл бақыт жастығы. Мен және менің ата-анам ардагерлерге гүл шоқтарын қояды және оларға ашық аспан мен жер үшін алғыс айтамыз. Қаланың айналасында тулардың үлкен санын, Сент-Джордж таспаларын, гүл шоқтарын тауып алуға болады. Барлығы бақытты және мақтан тұтады, өйткені бұл Ұлы Жеңіс күні!

Перевод:
В этот прекрасный майский день, я и мои родители отправляемся смотреть парад. На улицах мы встречаем множество бабушек и дедушек, которые с орденами на груди тяжело, но уверенно шествуют по улицам города. Как прекрасно видеть счастливые лица, которые пусть и блестят от слез, но это слезы счастья. Я и родители дарим букеты ветеранам и благодарим их за чистое небо и землю, которая теперь содрогается только от праздничных салютов. Вокруг по городу можно встретить большое количество флагов, георгиевских ленточек, людей с цветами. Все рады и горды, ведь это Великий День Победы!
4,6(16 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ