Сіңірілу - күрделі физиологиялық прогресс. Аш ішектің ішкі бетінде бүрлер болғандықтан, барқыт секілденіп көрінеді, солардың қатысымен нәруыз, май мен көмірсудың ыдырау өнімдері қанға сіңеді. Бүршіктердің өте көп болуы аш ішектің кілегейлі қабықшасының сіңіру бетін едәуір арттырады. Бүрдің әрқайсысына қан тамырлары мен лимфа тамырлар келеді. Олар қоректік заттардың суда еріген ыдырау өнімдерін өзіне сіңіріп алады. Сіңіру дегеніміз - сүзілу, диффузия секілді таза физикалық процесс қана емес, сонымен қатар ол қоректік заттардың бүрлерден өтуі арқылы жүзеге асатын физиологиялық процесс болып табылады. Бүрлер ішектерде тіршілік ететін микрооргазинмдердің қан лимфаға өтуіне кедергі жасай отырып, қорғанып қызметін де атқарады.
Хикаят (Әпсана) (парсы, апсанс - аңыз, араб, хикаят - әңгіме) - қазақ фольклорлық прозасының жанры. Бұл терминді орыс, Еуропа әдебиеттерінде қалыптасқан легенда (лат. legenda) - ұғымының баламасы ретінде қазақ фольклортануына С.Қасқабасов енгізген. Әпсана - бағзы бір замандарда болыпты-мыс делінетін оқиғаларға немесе пайғамбардың, әулие-әнбиелердің ғажайып істерін баяндайтын діни сюжеттерғе негізделген, сондай-ақ нақтылы тарихи, кітаби дерек, тиянағы жоқ, таза қиялдың жемісі ретінде туған, фольклорлық прозаның көркемдік сипаты мейлінше қанық үлгісі. Әпсанадан аңызға да, мифке де, ертегілерге де тән жанрлық белгілер бірдей ұшырасады. Оқиғаның тым көне, архаикалық сипаты белгілі бір идеялық, тақырыптық бағдарды діттейтін сюжеттік-композициясын шарттылықтың басымдылығы, көп нұсқалық - әпсананың негізгі ерекшеліктері әпсана шартты түрде тарихи-мекендік, діни-кітаби, әлеуметтік-утопиялық деп үшке бөлінеді. Тарихи-мекендік әпсана есте жоқ ескі дәуірде өткен оқиғалар, тарихи тұлғалар жайына арналады (Ескендір Зұлқарнайын, Қызыр, Қорқыт туралы әпсана). Діни- кітаби әпсана құран хикаяларын мазмұндап, әулиелердің тағдыр-талайын, тіршілік тауқыметін, т.б. өзек етеді (Мысалы: Аюп, Мұса, Әзірет Әли, Нұх, т.б. туралы әпсаналар). Ал әлеуметтік-утопиялық әпсаналар халықтың тәңірі қалаған абат мекен Жеруйық хакындағы ой-арманынан туындайды (Асан қайғы, Абат, Өтеген батыр іздейтін Жерұйық, Жиделі-Байсын туралы әпсаналар).