Көмекші есім сөздер: түбі, шеті, жаны, маңы, төңірегі сөздері затқа жақын қашықтықты білдірсе, алды, арты, беті, бойы – заттың тараптарына қатысын; арасы, ортасы – заттың ара қатынасындағы кеңістікті, орынды, ал іші – заттың өз шеңберіндегі мекенді, басы – заттың басталар шегін, жағы – бағыттық мағына береді.
Ыдыстың түбіне қоқыс жиналып қалыпты.
Осы көшенің бойы толған дүкен.
Үй мен мектеп арасы жап-жақын ғой.
Ол кітаптың ішіне қандай шығармалар енген?
Істің басы әрдайым қиын болады.
Ертең үй жаққа соғып қайтамын.
Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б.