Әлем халықтары бейбітшілікті қолдайды. Қазіргі кезде әлемде ғылым, білім жақсы дамыған. Білім алғысы келген адамға мүмкіндіктер көп. Білім негізі мектептен басталады. Мектеп қабырғасында біз әр түрлі пәннен дәріс аламыз. Еліміздің тарихын оқып, білеміз. Ертеде қазіргідей машина, шәйнек, телефондар болмаған. Әрбір сабақтан емтихан тапсырамыз. Емтиханға қағаз, қалам алып кіреміз. Мектепте біз тек білім алумен шектелмейміз, ұстаздардан тәрбиелі, мәдениетті болуды үйренеміз. Ұстаздар ақыл айтып, дұрыс жол көрсетеді.
Объяснение:
Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған ресми құжат. Әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. Онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т.б. қосымша мәліметтер көрсетіледі.
Тәжірибеде өмірбаян үш түрлі болып жазылады. Бірі-адамның өз өмірі мен қызметі туралы баяндауы. Бұл көбінесе қызметке орналасу кезіндегі жеке іс қағазына қоса тігілу үшін жазылады. Онда адам өзінің аты-жөнін, туған күнін, толық көрсетеді. Одан кейін жаңа жолдан нақты деректермен санамалап жазады. Өмірбаянның бұл түрі көбінесе ресми түрде жазылады да, көлемі жағынан шағын болады.
Өмірбаянның екінші түрі - мемуарлар, яғни ақын, жазушылардың, өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы. Мұндай өмірбаяндар көркем шығармаға жақын, әдеби тілмен, шебер жазылғандығымен оқырманды тартады және ол оқырманды жеке адам өмірімен ғана емес, қоғам дамуымен таныстырады. Мұндай шығармалар кай тілде болмасын өте көп және қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазылған түрі кездеседі. Мысалы, Қ. Байсейітовтың "Құштар көңіл"(1977) Ш. Жиенқүлованың «Өмірім менің - өнерім» (1983) кітаптары өмірбаянның осы түріне жатады.
Өмірбаянның үшінші түрінде қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірі мен шығармашылық, саяси қызметтері өз тарапынан емес, басқа біреулер тарапынан баяндалады. Мәселен, ұлы жазушылар мен ақындар-А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, А.С. Пушкин өмірлері туралы шығармалар осындай өмірбаян түріне жатады. Мысалы, С.Мүқанов - «Аққан жүлдыз»,
М. Әуезов «Абай жолы». Өмірбаянның мұндай түрі көркем шығарманың әр түрлі жанрлары ыңғайында очерктен бастап роман-эпопеяға дейін жазыла береді.
Күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын құжаттың біріншісі - өмірбаян. Өмірбаян әркімнің өз қолымен, таза, жүйелі түрде, сиямен жазылады. Арнайы қағазға жазылуы да мүмкін.
Объяснение:
ФОТОСИНТЕЗ- жасыл жапырақ органоидтары, яғни хлоропласт арқылы күн сәулесі энергиясының химиялық байланыс енергиясына айналу процесі.