"Жазғы спорт түрлері бойынша үздік спортшы» атағын бокстан әлем чемпионы атанған Бекзат
Нұрдәулетов иеленді. Бекзат биыл Екатеринбургте өткен әлем біріншілігінде 81 келі салмақта жеңімпаз
болды. Ол жартылай финалда әлемнің төрт дүркін чемпионы, Олимпиада ойындарының жеңімпазы,
кубалық Ла Крусты айқын басымдылықпен ұтып есте қалды. «Қысқы спорт түрлері бойынша үздік
спортшы» аталымында мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева топ жарды. Элизабет биыл
Жапонияда өткен әлем біріншілігінде күміс жүлдегер атанды. Ол 16 жастан жоғарылар арасында
«четверной сальхов» жасаған тұңғыш спортшы болды. Чилиде өткен жастар арасындағы әлем
чемпионатында жүлдегер атанған каратэші Әбілмансұр Батырғали «Жылдың ең жас үздік спортшысы»
атанды. «Жылдың үздік командасы» атағына шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы лайықты деп
танылды. Биыл Қазақстан хоккейшілері әлем біріншілігінің А тобындағы бірінші дивизионда жеңімпаз
атанып, әлем чемпионатының элиталық тобына шықты.
«Батыр Баян» поэмасы - Мағжанның ақындық алып құшағын, қуатты суреткерлік талантын мейлінше танытқан поэма. Ұлттық эпостық және лирикалық дәстүрді жаңа көркемдік жан- жақты байытқан бұл поэма ақының поэтикалық мәдениетінің барынша толысып биік дәрежеге көтерілгендігін ерекше танытты. Бұл поэманың жаңалығы Баянның бейнесін сомдады. Оның портреті даму үстінде біртіндеп айқындалды. Поэмада көтерілген тақырып - ұлттық тақырып. Қазақ елінің ғасыр бойы көксеген арманы. Елім деп еңіреген перзентінің кеудесін жарып шыққан ыстық сезімі.
Мағжан поэмасының табиғилығы соншалық- оқиға әбден шиеленіскенде Баян оңашаланып, өзімен-өзі болып, істеген әрекетінің дұрыс бұрыстығын таразылайды. Жүрек сырын жайып салады. Бір ойы екінші оймен таласып, істеген ісінің ұшығына жете алмай, күманы молайып, арпалысатын кейіпкер, осы –Баян.