М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
DFleX
DFleX
21.04.2021 10:05 •  Қазақ тiлi

Мәтінді мұқият тыңдап, тӛмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Жастықтың оты, қайдасың, Жүректі түртіп қозғамай? Ғылымның біліп пайдасын, Дүниенің кӛркін болжамай?

Адамның тауып айласын, Кісілікті ойламай.
Қаруын кӛңіл сайласын, Қолға ол түспес бойламай.

Махаббат, қызық кім кӛрер, Оның да дәмін татпаса?
Біржола басты кім берер, Жаныңа қайғы батпаса.
Аямай жанын дос ерер, Жолдастықты ақтаса. Алдыңа айдап кім келер, Ерінбей жүріп бақпаса.

Мал бақпақтық шаруа боп, Адал тауып асықпай.
Құр айғаймен әуре боп, Ӛнердің жайын баса ұқпай.

Ендi ненi iстеймiз, Бәрiнен де бос қалдық?
«Ауызға келiп түс» деймiз, Қылып жүрiп құр салдық!
Абай Құнанбаев

1. Ӛлеңнің тақырыбын анықтаңыз.
a) табиғат құбылыстары
b) жастар тәрбиесі
c) саясат мәселесі
d) ғашықтық

[1]

2. Ӛлеңнің негізгі идеясы қандай?
a) ӛз Отанының елдігін, ерлігін мадақтау
b) табиғаттың кӛрінісін сүйсіне жырлау
c) ауыл адамдарының тұрмысын сипаттау
d) білім алуға шақыру

[1]

3. Ӛлең жолын жалғастырыңыз. Жастықтың оты, қайдасың,
a) Жүректі түртіп қозғамай?
b) Дүниенің кӛркін болжамай?
c) Оның да дәмін татпаса?
d) Бәрiнен де бос қалдық?

[1]

4. Берілген сӛздерді олардың ӛлеңдегі баламаларымен сәйкестендіріңіз.
Сөздер
Әлемдегі баламасы
Сәйкестендіру жауабы
1) қулық
a) қайғы
1)
2) мұң
b) айла
2)
[2]

3

Оқылым
Мәтінді мұқият оқып, тӛмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

А мәтіні
1882 жылдың 16 маусымы ресми емес мереке - Үтік күні. Осы күні американдық ӛнертапқыш Сэли Генри электр үтігін ойлап тапты. Үтік — киім-кешектердің мыжылыстарын тегістейтін, яғни үтіктейтін тұрмыстық техника. Тігін жұмыстары кезінде ылғалды-жылумен матаны тегістеу, тігістерді жатқызу, бӛлшектерді созу және отырғызу, желімдеу, форма беру үшін үтік ӛте қажет. Алайда үтіктеу бір қарағанда оңай кӛрінгенімен, іс жүзінде кейбір маталардың қыртысын жазуға біраз әрекеттену керек екенін байқаймыз.
Киім қыртысын жаюдың амалдары. Бірінші кезекте матаның ішкі жағында орналасқан затбелгісіне назар аударыңыз. Онда затты қалай күту керектігі жайлы барлық мәліметтер жазылады. Егер үш нүктелі үтік белгісі тұрса, бұл матаны максималды температурада үтіктеуге болады дегенді білдіреді. 200 С дейін температурамен мақта, зығыр маталарын үтіктеуге болады. Екі нүктелі үтік белгісі орташа температурада, 130 С дейін температурамен жібек, вискоза, полиэфир, полиэстерден жасалған киімдерді үтіктейді. Ал бір нүктелі үтік белгісі сәл қыздырылған 120 С дейін температурамен нейлон, капрон, вискоза, полиакрил, полиамид, ацетатты ұқыптап үтіктеу керек екендігін білдіреді. Үтік белгісі сызылған болса, онда бұл затты үтіктеуге болмайды деген сӛз.

Ә мәтіні
Тоңазытқыш кез келген ас үйде маңызды рӛл атқарады. Ӛйткені денсаулығымызға маңызды азық-түліктің бұзылмай сақталуын осы тоңазытқыш қамтамасыз етеді. Тоңазытқыш жайлы барлық сұрақтарға сарапшы маман жауап береді. Тоңазытқышты қалай таңдау керек? Таңдау кезінде асхананың кӛлеміне ме, әлде үйдегі адам санына негізделу керек пе? Әрине, адам санын да, ас үй кӛлемін де ескеру керек. Отбасы мүшелерінің талғамына да кӛп нәрсе байланысты: қаншалықты жиі және қандай азық-түліктерді сатып алатынына. Егер дайын мұздатылған ӛнімдерді қаласа – онда мұздатқышы үлкен тоңазытқыш алғаны жӛн. Дереу мұздату функциясы бар тоңазытқыштар кӛп мӛлшердегі азық-түліктерді тез мұздатуға арналған. Температура дереу -30 С-қа дейін түсіп кетеді, бұл азық-түліктегі барлық дәрумендерді сақтауға мүмкіндік береді. Мұздату процесі аяқтала салысымен, дереу мұздату функциясы ӛшіп, мұздатқыш камера қалыпты режимде жұмысын жалғастырады, бұл қуатты үнемдеуге септігін тигізеді.

1. Екі мәтінге ортақ тақырыпты кӛрсетіңіз.
a) Тоңазытқыштың пайдасы
b) Үтіктеу амалдары
c) Тұрмыстық техникалар
d) Техника затбелгісі

[1]

2. А мәтініне қатысты екі ақпаратты белгілеңіз.
a) Киімнің қыртысын жазады.
b) Адам саны мен үй кӛлеміне сай алу керек.
c) Американдық ӛнертапқыш ойлап тапқан.
d) Тез арада мұздату функциясы бар.

3.
Берілген затбелгі нені білдіреді?

a) матаны жоғары температурада үтіктеуге болады

[2]

3

b) матаны жоғары температурада үтіктеуге болмайды
c) матаны орташа температурада үтіктеу қажет
d) синтетикалық материалдарды үтіктеуге болады
[1]

4. Cұраққа жауап беріңіз:
Мәтіндердің мақсатты аудиториясы кімдер деп ойлайсың?

[1]

Жазылым
«Болашақта роботтар адам орнын алмастырады» деген пікірді естіп жатырмыз. Қаншалықты келісесіз? Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, кӛтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын кӛрсетіп жазыңыз.
[10]
3

СО ПО КАЗАХСКОМ НУЖНО СДАТЬ ДО 10 ВЕЧЕРААА понятн сделайте

👇
Открыть все ответы
Ответ:
456akcyka
456akcyka
21.04.2021
Әуелгі байлық — ден саулық,
Екінші байлық — он саулық,
Үшінші байлық — ақ жаулық.
 
Денсаулық — зор байлық.
 
Жарлының байлығы —
Дәнінің саулығы.
 
Жан ауырса тән азады,
Қайғы басса,' жан азады.
  
Айдалада атқан оқ
Ажалдыға тиеді.
 
Жеңіл барып, ауыр қайт,
Аман барып, сау қайт.
 
Бас аманда мал тәтті,
Бас ауырса, жан тәтті.
 
Аяншақ көзге шөп түскіш.
 
Күлегештің көңілі азбас,
Күтіншектің өзі азбас.
Қырықта қылау,
Сексенде шылау.
 
Ұрынарға қара таппай,
Емдетуге жара таппай...
 
Жасырғанның жарасы асқынады.
 
Өлгенге өкпе жүрмейді.
 
Сақинаны сәнге салмайды,
Тазалыққа таразы.
 
Лас адам — кіршіл,
Надан адам — діншіл.
 
Боранын бұрқыратқан қыстан,
Сай-сүйегіңді сырқыратқан
Сары уайым жаман.
 
Күлкі — ашылған гүл,
Көңіл — шашылған нұр.
 
Қотырды қаси берсең қаны шығар.
Киізді қаға берсең шаңы шығар.
 
Соқырдың қолына түспе,
Саңыраудың астына түспе.
 
Таздыңтарағы алтын,
Мергеннің садағы алтын.
 
Көбікті қарда түлкі ойнар,
Көңілді көзде күлкі ойнар.
 
Ауру жайын баққан біледі,
Аңның жайын атқан біледі.
 
Үшнәрсенің алдынал:
Аурудың алдын ал,
Жаудың алдын ал,
Қайта қозған даудың алдынал.
 
Біреуге өлім тілегенше
Өзіңе жүрім тіле.
 
Тісі ауырғанның көңілінсұрамайды.
 
Өлім деген ойран,
Өмір деген майдан.
 
Кесел батпандап кіріп,
Мысқылдап шығады.
 
Жас жігіттің жарасы,
Жол-жөнекей жазылар.
 
Алты қатын азаға келсе,
Әр қайсысы өз мұңын
Айтып жылайды.
 
Бірге тумақ бар,
Бірге өлмекжоқ.
 
Біреудің ажалы оттан,
Біреудің ажалы судан.
 
Сырқат тән жарасы,
Қайғы жан жарасы.
 
Өлінің тілін тірі алмас.
 
Аурудың жақсысы жоқ,
Дәрінің тәттісі жоқ.
 
Тер шықпаған кісіден,
Дерт шықпайды.
 
Басы жұмыр пенденің
Барар жері белгілі...
 
Орта жолда атың өлмесін
Орта жолда қатының өлмесін.
 
Адам өмірге
Иықтап келеді,
Кетерінде «ұйықтап» кетеді.
 
Өлсең көрің көң болсын,
Тіріде терің кең болсын.
 
Жылан шаққан адам,
Ала арқаннан аттамайды.
 
Ажалды жылан, жол үстінде жатады.
 
Тостағандай басымда
Тоғыз жара.
Жұдырықтай жүректе
Жеті жара. 
4,6(13 оценок)
Ответ:
iragabets73
iragabets73
21.04.2021
"Тігіншіні инесі асырайды". Иголка кормилица портного. 

"МЕЗГІЛ ЖЕТСЕ МУЗ ДА ЕРІР". Придет время и лед растает. 

Жақсы сөз, жарым ырыс ---хорошее слово, пол удачи (дела) . 

Адам итті жұмсаса, ит итті жұмсайды ---стоит ли довериться кому-то, который перепоручает третьему. 

Жынды бас, екі айаққа тыным бермейді ---дурная голова, ногам покоя не даёт. 

Жаман иттін атын бөрбасар деп қояды (плохого пса, волкодавом величать, непозаслугам) ---бывает и недостойного великим называют. 

Говоря о парне : Жеті қырлы, бір сырлы ---загадочный красавец-удалец. 

"Туған жерге туыңды тік" - Водрузи свой флаг на родной земле. 

"Жері байдың елі бай" - Кто богат землей, у того богатая страна. 

"Ер туған жеріне, ит тойған жеріне" - Джигита тянет туда, где он родился, собаку тянет туда, где она наелась. 

"Бейнет қыл да зейнет қыл" - Потрудись, а потом и требуй. 

"Еңбектің көзін тапқан, байлықтың өзін табады" - Кто найдет источник труда, тот найдет само богатство. 

"Жас келсе іске - кәрі келсе асқа" - Молодому дело - старому угощение. 

"Малы бірдің жаны бір" - У кого скот общий, у того и душа едина. 

"Мал ашуы - жан ашуы" - Боль за скот - боль души. 

"Бірінші байлық - денсаулық, екінші байлық - ақ жаулық, үшінші байлық - бес саулық" - Первое богатство - здоровье, второе богатство - семья, третье богатство - наличие скота. 

"Қонақ келмеген үй - мола" - Дом, в который не приходит гость, подобен могиле. 

"Қонаққа кел демек бар да, кет демек жоқ" - Гостю можно говорить "приходи", "уходи" говорить нельзя. 

"Таспен ұрғанды аспен ұр" - На удар камня отвечай угощением.
4,7(97 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ