1) Негізінен балалар поэзиясы, сатиралық жанр саласында еңбек еткен.
2) "Аққала","Әже","Боран","Біз шадыман баламыз","Жер – туған жер","Гүл","Сәлем саған, мектебім!","Сыйға-сый","Торғай","Тұңғыш қазақ ғарышкері" атты өлеңдерін білемін.
3) Оның аударуында қазақ тілінде С.Маршактың «Ақымақ тышқан туралы ертегі» (1973), С.Михалковтың «Степа ағай» (1978), Р.Ғамзатовтың «Менің атам» (1969, 1982) поэмалары, Р.Киплингтің бірнеше ертегісі «Пілдің баласы» деген атпен (1983), Бақытжан Момышұлының «Мен әлі сәбимін» повестері мен әңгімелері (1984), «Жанымның жарық жүлдызы» романы (1985) жеке кітап болып шыққан.
Сондай-ақ Я.Колас, А.Барто, Я.Бжехва, Дж.Родари, Я.Аким, Б.Заходер, Қ.Мүхамади, Қ.Тәңір-құлиев, Б.Асаналиев, т.б. өлеңдерін аударуға қатысқан.
Сүйінішұлы Қазтуған жырау артына қазақтардың əскери рухын, туған жерін, халық өмірі мен тұрмысын суреттейін көптеген өлеңдерден тұратын шығармашылық мол мұра қалдырған. Олардың көпшілігі сақталмаған. Біздің заманымызға Қазтуған мұрасының жүзден бір бөлігі ғана жетті деуге болады. Бірақ соның өзі жыраудың шығармашылығы жайынан, сол алма-ғайып кезең тынысынан біршама мағлұмат бере алады. Үзінді күйінде жеткен «Бұдырайған екі шекелі», «Алаң да алаң, алаң жұрт», «Белгілі биік көк сеңгір» жəне «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» деп аталатын толғаулары Қазтуғанның қазақ əдебиеті тарихынан өзіндік орын алуына негіз бола алды. Жырау толғауларын алғаш рет Ғабдолла Мұштақ «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары» атты жинақта топтастырды. Кейіннен толғаулары «Ертедегі əдебиет нұсқалары», «Алдаспан», «XV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы», «Бес ғасыр жырлайды», «Жеті ғасыр жырлайды» атты жинақтарда жарық көрген. Ұлы жыраудың қиялының ұшқырлығы, кеңдігі, суреттеу тəсілдерінің байлығы мен əсемдігі орта ғасырларда қазақтың ақындық өнерінің жоғары дəрежеде əрі өзіндік сипатқа толы болғанын танытады. Ұлттық бояуы ашық, өршіл романтикаға суарылған, афористік толғаныс, көркем тіркестерге бай төменде келтірілген Қазтуған жырлары əлденеше ғасырлар бойы қазақ ақындарына үлгі, өнеге мектебі болган
Объяснение: