Тапсырма. Мәтінде көтерілген мәселені анықтаңыз.
БАҚША АҒАШТАРЫ
Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуi де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.
Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? - деп сұрады, баласы.
-Оның себебі, балам, анау ағашты қисық бұтақтары болса, кесіп, бағу-қағумен өсірген. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен, - деді, атасы.
- Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой, - деді баласы.
- Бағу-қағуда көп мағына барында шек Жоқ, шырағым, мұнан сен де өзiңе өсиет алсан болады. Сен, жас ағашсың, саған да күтім керек, мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы iске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы, түзу кісі болып өсерсің, бағусыз, бетiнмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің, деді. (Ыбырай Алтынсарин.)
«Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы шілденің 3-інде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болған болса керек. Сталин сөзінде «ұлы» және «отан» деген сөздерді бөлек-бөлек, бір-бірімен байланыстырмай қолданыпты.Бұның астарында қаншама мағына жатыр.Гитлер 1939 жылы басталған ІІ Дүниежүзілік соғыста Батыс Еуропа елдерінің көбін жаулап алғаннан кейін, КСРО-ны басып алуға дайындыққа кірісті.
Ұлы отан соғысының өзегі 1939 жылғы қыркүйектің 1-інде Германия Польшаға қарсы соғыс бастап, бұдан кейін Ұлыбритания мен Франция Германияға соғыс жариялап Польшаға қолдау көрсетті.Мені осыдан кейін шайқас басталып кетті.Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық майданда шайқасты . Отан үшін отқа да түсті.Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімдер майданға жіберіліп,тіпті даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, В. Фурсов, К. Тұрдиев, Ш. Шолтырев, К. Иманқұлов, жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсеткенін мақтанышпен айта аламыз .
Мәскеуді қорғауда панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П.Вихров, М.Ғабдуллин, автоматшылар Т.Тоқтаров, Р.Амангелдиевтер бар.