М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
лоро12
лоро12
11.01.2022 00:37 •  Қазақ тiлi

Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. \прочитайте текст и выполните следующие задания\ Бірінші мамыр мейрамының шығу тарихы әріде жатыр. Бұдан 3 мың жыл бұрын Италия тұрғындары жердің қамқоршысы, әйел құдайы Майяға табынған. Соның құрметіне бүгінге дейін мамыр айының алғашқы күні серуендеу мен салтанат мерекесі болып есептеледі. 1890 жылы Парижде өткен ІІ Интернационал Конгресінің шешімімен 1886 жылы Чикагода болған Америкалық еңбекшілердің 8 сағаттық жұмыс күнін талап етіп, капиталистер мен қанаушыларға қарсы жанқиярлық күресінің құрметіне Варшава қаласында сол жылдан бастап 1 мамыр еңбекшілердің ынтымағы мерекесі ретінде аталып келеді.
Айтулы мейрамды алғаш рет 1890 жылы Мажарстан, Бельгия, Алмания, Дания, Испания, Италия, Норвегия, АҚШ, Швеция, Франция сияқты мемлекеттер атап өтті. Содан бері қанша заман өтсе де, қазіргі таңда 1 мамыр мерекесін әртүрлі мазмұнда әлемнің 66 мемлекеті тойлайды.
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылы наурызда дүниежүзіне үлгі болып отырған ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың үлгісі Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы құрылды. Сол кезден бастап 1 мамыр жаңаша сипат, мазмұнға ие болды.
(144 сөз)

А) 1 мамыр күні қандай мейрам болып саналады?


Б) 1995 жылы Қазақстанда не құрылды?

👇
Ответ:
superbogdanova
superbogdanova
11.01.2022

А)1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

Б)1995 жылы наурызда дүниежүзіне үлгі болып отырған ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың үлгісі Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы құрылды.

4,5(72 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
fantomfantoms
fantomfantoms
11.01.2022

Шіркін өмір! Неткен ғажап едің?! Өмір ол- достық, өмір-қастық, өмір- қуаныш, өмір- өкініш, өмір ол- сен, өмір ол- ата-анаң, өмір- достарың, өмір- аң-құстар. Бір сөзбен сені қоршаған орта. Осы бір өмірді сезінуге, танып білуге мүмкіндік берген, жарық сәуле сыйлаған ата-анамызға мың да бір алғыс. Шыр етіп дүниеге келген күннен бастап ақ сүт беріп аялаған анамызға алғыс. Әке, ана – сен қиналған сәтте арқа сүйер, қуанған күндеқуанышыға ортақтасатын жандар. Сенің табаныңа қадалған тікен , менің маңдайыма қадалсын дейтін қорғандарың. Қандай ата-ана өз баласына жамандық тілейді?! Балам өссе екен , ішше екен, қатарынан қалмаса екен дейді. Олардың біз үшін істеген жақсылықтары шексіз. Мені қынжылтатын бір дүние бар. Неге осы біз барлығын кеш түсінеді екенбіз?! Қолда бар алтынның қадірі жоқтың керін келтіріп, әбден болары болып ,бояуы сіңген кезде оянатын адамдар да бар . Ата-анасын қара жер құшағына алғаннан кейін басын тауға да ,тасқа да соғып қайғырып, артынан бар күнәсін жуып шайғысы келіп , көзі тірісінде жасамаған дүниелерді жасайды. Ең сорақысы , ұлын ұяға, қызын қияға қондырып енді тек солардың қызығын қызықтап , бақытқа кенелер шақта көздерін жәудіретіп, өздерінің тілімен айтқанда кереметтей «санаторийға» жібереді. Өмір неткен қызық едің! Қарттар үйінде әрбір ата-әжелеріміздің көздері мөлдіреп, жүректері елжіреп тұрады. Сіздің перзентіңіз деп әңгіме қозғай қалсаңыз, лезде езу тартып бірден оларды ақтай жөнеледі. Олардың жұмыс басты екенін , оларға масыл болғылары келметінін алға тартады. Ана жүрегіне не жетсін?! Қазақ даласындай кең... Кезекті зейнетақысын алып , балаларыма деп бөліп беретіні тағы бар. Ал, енді,  перзенттер, сиырға туған күннің бұзауға да туатынын ұмыттыңыздар ма?! Ертеңгі күні бір шаңырақ иесі атанып, асқар тау әке, аяулы ана атанатындарыңызды білесіздер ме? Сіз жасаған қиянат өзіңізге айналып келмесіне кім кепіл? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрдіңіздер ме? Қарты бар үйдің қазынасы бар екенін естен шығармасаңыздар екен. Ата-ана алдындағы парыз дегенді әркім әрқалай түсінері сөзсіз. Жұмақтың кілті ананың табанының астында дейді. Анаңды Меккегежаяу арқалап барсаң да парызыңды өтемейсің. Осы ұлағатты сөздерден кейін-ақ ата-ана алдындағы парыз дегеннің қаншалықты қымбат екенін аңғаруға болады. Ата-ананың батасы дейді. Кез келген істе әке-шешеңнің оң батасын, рұқсатын алмай жасаған ісіңіздің алға баспайтынын сіз де, біз де жақсы білеміз. Қасиетті Құран Кәрімнің өзінде ата-ананың қадірінің қаншалықты биік биік деңгейде екені нақты айтылған. Мынау бір бескүндік жалған дүниеде , бір –бірімізбен  сыйласып, барынша мейірімді, адал болып өтуге тырысайық. Осы күніңе шүкіршілік ете біл. Болмашы бір дүниелер үшін ата-анаңа ренжудің мүлдем қажеті жоқ. Оларсыз күндері өтіп жатқан, әкесінің құшағын, анасының аяулы алақанын сезінуге бұйырмаған жандар да бар қоғамда. Дүние қолдғың кірі. Бүгін бармыз,ертең жоқпыз. Ертеңгі күні бармақ тістеп өкініп жүрмейік. Бұл өмірдегі ең асыл қазынамыз, Алланың бізге берген қымбат сыйын құрметтеп, қадірін түсіне білейік. Ең бастысы ата-ана алдындағы парыз олардың саған берген ризашылығынан басталатынын естен шығармайық . Өмір деген-  алма кезек. Әрбір істеген мейлі жақсылығың, жамандығың болсын алдыңнан шығары хақ. Тәубеге келейік достар. Әкешім-анашым сіздердің өмірімде бар болғандарыңызға, тілеуімді тілеп, бар тәттіні алдыма ұсынып жүргендеріңізге мың да бір алғыс! Сіздерді мәңгі қадірлеп өтемін.

4,7(44 оценок)
Ответ:
akhdogru
akhdogru
11.01.2022
Бәйтерек - ежелгі таным бойынша тылсым қасиетке ие алып ағаш. Бәйтерек байырғы орта түсінігінде жердің дәл кіндігінде өсетін, тамыры жерасты, діңі адам әлемі, басы рухтар мекені болып табылатын көк тіреген алып ағаш. Мұндай ағаш үлгісі дәстүрлі қауымда мықан ағашы, мырзатерек, әулие ағаш, сетер тал делініп, пішіні мен мәніне қарай әртүрлі аталған. Бәйтерек ежелгі түркі сөзі, бәй «үлкен» деген сөз, «бай» сөзінің дыбыстық өзгеріске түскен түрі (бәйбіше, бәйшешек), үлкен, алғашқы деген ұғымдарды, ал терек (парсы тілінде - дарақ) «ағаш» деген ұғымды білдіреді. Демек Бәйтерек екі сөздің бірігуінен жасалып, «зәулім ағаш» дегенді танытады.
4,6(68 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ