Мақала ғарышты қалай йгерген жайлы қарастырылды, мақала ғарышта тұңғыш игерген ғарышкерлерген арналған, мақалада ғарышқа ұшудың қандай қыйын екені және Қазақстанда ғарыш саласының дамығаны жатыр, автор өз мақаласында Арал теңізінің тартылып кеткені жайлы мәселеге тоқталды, автор ғарышқа ұшу үшін жақсы дайындық керегін адам дайындықсыз ұшуға болмайтыны деген сяқты мәселелер қозғалды. Мақаланың мақсатты Байқоңыр ғарыш айлағын қазақстаныдық тұңғыш "KazSat" жер серігі ұшырылғаны білу және тарихи салтанатқа Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин қатысқанын білу.
Міржақып Дулатұлы 1885 жылы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысындағы Сарықопа болысында (қaзipгi Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты "Қызбел" ауылы) дүниеге келген. Әкесі — Дулат аты шыққан шебер, ал анасы — Дәмеш әншілікке бейім болған. Міржақып екі жаста анасынан айырылды. Әкесі балаларының үлкені Асқарды әуелі мұсылманша, одан кейін орысша оқытып, заң қызметіне бағыттады. Осы жолмен кіші ұлы Міржақыпты да оқуға береді.
Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасында оқыды. Бірақ екі жылдан кейін басқа мектепке ауысып кетті. Ол жайында өзі де жазған.
"Жасым 8-ге келгенде әкем мені ауыл молдасына оқуға берген. Ол өте надан молда болатын. Қанша уақыт сол кісіден білім алғанымды білмеймін, бірақ араб тіліндегі дұғаларды жаттағанымнан басқа еш нәрсе үйренгенім жоқ", - деп жазды Дулатұлы.
Молдадан кейін Міржақып ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. 12 жасында әкесінен айырылады. Ағасы Асқар әкесінің тілегін орындаймын деп, Міржақыпты ары қарай оқытады. Сөйтіп, інісін өзі оқыған екі кластық орыс-қазақ мектебіне береді. Міржақып Ыбырай Алтынсарин негізін салып кеткен мектепте бес жыл оқып, үздік бітіріп шығады.
"Осымен менің оқу орындарынан білім алуым аяқталды. 1902 жылдан бастап ауылда мұғалімдік қызметімді атқара жүріп, бос уақытымды білімді жетілдіруге жұмсадым", - деп еске алды Дулатұлы.
Объяснение:
Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.
Алдымен әже тәрбиесі арқылы бала жақсы-жаманды ажыратып, үлкен-кішіні тани бастайды. Мінез-құлық, тіл тәрбиесі қалыптасып, бала үй шаруасына бейім, елгезек тілалғыш, мейірімді болып өседі. Әженің алдын көрген балаға былайғы жұрт тәрбиелі бала деп баға береді. Әже тәрбиесі көбіне «олай істеме, былай істе», «бүйтсең жаман, өйтсең жақсы»деген вербалды сипатта, ақылгөйлік мазмұнда болып, әженің мейірімі мен жүрек жылуына бөленіп өседі.